Ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Ата-ананың бақыты-балада

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Ата-ананың бақыты- балада»


Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Мақсаты: Ата - ананың отбасындағы қадірі, бала тәрбиесіндегі орны, балабақша, ата - ана, ұстаз болып бірігіп білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жөнінде ой қозғау.

Көрнектілігі: Слайд, отбасына байланысты нақыл сөздер, үй тапсырмалары.

Жоспары:

1.Тренинг: «Сәлемдесу»

2. Пікір талас.

3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»

4. Ситуациялық сұрақтар.

5. Ертегі құрастыру.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата - аналар!

Бүгінгі балабақшамен отбасы арасындағы бірлескен «Ата - ананың бақыты - балада» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Балабақша баланың тәрбие , білім алар алғашқы баспалдағы. Бүгінгі өткізіліп отырған іс - шара баланы өмірге бейімдеуде, тәрбие беруде, ата - ана, қоғамның, білім ордаларының алар орны дайында ой қозғамақпыз. Осы бағытта балабақшада ата - анамен бірлесе жүргізілген жұмыс түрлерін жіктеп айта кетуге болады (Слайдтан көрсету)

1.Тренинг:»Сәлемдесу»

Мақсаты: Ата - ананың қарым - қатынасын қалыптастыру.

Шарты: Қатысушылар сәлемдесе отырып, әр - түрлі амандасу түрлерін сөзбен және қимылмен көрсетеді. Ойын қызықты болу үшін түрлендіруге, басқа ұлттардың сәлемдесулерің қолдануға болады.

Ескерту:Сәлемдесу түрін екінші адам қайталамауы керек.

2.Пікір талас

Тәрбиеші: «Адамның бақыты балада», «Бала - адамның бауыр еті» - дейді.Осы бір даналы сөзді негізге ала отырып өз ойымызды ортаға салсақ. Отбасындағы бақыт дегенді қалай түсінесіздер? (Ата - аналардың жауабы).

Тәрбиеші: «Тәрбие - тал бесіктен» - дейді халқымыз.Осы орайда отбасындағы тәрбие ұстанымы туралы ой пікірлеріңізді білсек. (Ата - аналар отбасындағы тәрбие қағидалары туралы өз ой - пікірлерін ортаға салады).

Тәрбиеші: Балалардың бойына ұлтымыздың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін сәбилік шағынан сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыш Абай « Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата - анасынан, екінші - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Осы орайда баланың мінез - құлқының қалыпта суына қандай жағдаулар әсер ету мүмкін? «Ата - аналардын пікірі».

3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»

Шарты: Отбасы суретін модульдеу. Ол үшін алдын - ала берілген тапсырмаларды орындап келген ата - аналар ортаға шақырылады.Олар кезекпен өздерінің отбасы туралы әңгімелеп береді.

4.Ситуациялық сұрақтар

5.Ертегі құрастыру.

Қатысушылар 5 - 6 адамнан топтасып ақ параққа өзіне ұнаған затын, аңдарды т.б бір - бірден бейнелейді. Ен соңындағы қатысушы сол сурет мазмұны бойынша өзіне суретін қоса отырып, ертегі құрастырып әңгімелейді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, сіздермен бірге ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас түрлерін жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтын жылулықтың мекені. Ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бірлесе отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды ұсынып, кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, ортаға салуларыңызды сұраймын.

«Тілек шамы» жаттығуын ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетін мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне - өз талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Игі қасиеттерді бала бойына дарыта білсек - еңбегіміз де жемісті болмақ.





© 2010-2022