Қош келдің, төрлет Наурызым Шағын орталық Балапан тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош келдің, төрлет Наурызым!»

Мақсаты: Балалардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт - дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қонақтар: Өзбек қызы: 2 «Ә» сыныбы оқушысы: М.С.Жалғасбаева.

Молдаван қызы: 0 «А» сыныбынан: А.М.Алтаева. 0 «Ә» сыныбынан: Н.М.Мунирова

Керекті құрал жабдықтар: Көрпешелер, гүлдер, сақина.

Костюмдер: Өзбек, молдова, украин, балапандар, тырналар.

Залға әуенмен балалар билеп кіреді, шеңберге тұрып «Қош келдің, төрлет Наурызым!» әнін орындайды,көрпешелерге отырады.

Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар, құрметті қонақтар, бүгінгі күн біз үшін - дүбірлі күн! Ұлыстың ұлы күні наурыз баршамызға бақ - берекесімен келсін! Араздасқан ағайын татуласқан, табысқан күн, барша түркі халықтары бір - бірімен амандасып, қауышқан күн.

Наурызбен ұласып көктем жеткен.

Үлкен - кіші көңілін көкке өрлеткен.

Жан - жануар табиғатты түрлетіп,

Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен.

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға әр жылы біздің Қашар аулымыздың үлкен - кішісі, ұлтына қарамастан барлығы бірге жиналып тойлайды. Ендеше, Балапан тобы бүлдіршіндеріде бүгінгі мерекеге келген қонақтарды күтіп алсын.

Ортаға үш ұлт өкілінің қыздары кіреді, балалар күтіп алады, төрден отырады.

Балалар қонақтарға арнап тақпақтар оқиды.

Әсем: Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын, халайық!

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық.

Дияр: Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Саят Абд:Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр - әніміз

Лимара:Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боялды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Аиым: Сәнді көктем - нұрымыз

Наурыз тойы жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Құлпырсын қыр мен ой

Құтты болсын Наурыз той

Ақниет: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Саят Ас:Наурыз келді тамаша!

Ән айтайық таласа.

Атам, апам, той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

Жаннұр: Ата - бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.

Саят Алд: Наурыз тойы - тамаша

Әмина: Наурыз тойы - жаңаша

Табиғат та тамаша

Тамылжып тұр жараса

Айлан: Наурыз гүл көктем

Сәнді ай арайлы

Күлімдеп күн көктем

Нұр шашып қарайды

Азиада: Күттіріп келген жылбасы

Бізбен бірге тойлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы.

Бекжан: Кел, балалар, ойнайық,

Бейбіт: Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

Айару: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді - жыл басы.

Шуақ төкті жырақ күн

Мейрамында халықтың.

Ернар: Наурызда оюлы

Ұлттық киім киеміз.

Бастап ән - күй, ойынды,

Би билеуді сүйеміз.

Қонақтарымыздың өнерлерін тамашалаймыз.

Тақпақтар: Аяжан, Нұрсипат.

Би: «Өзбек биі»

Жүргізуші:

  • Балалар, қазір қай мезгіл?

Балалардың жауабы:

  • Көктем мезгілі.

Жүргізуші:

Көктемде күн жылынған соң құстар қайтады, ендеше көктемдегі қайтқан құстардың ұшқанын тамашалайық.

Би: «Тырналар»

Ал енді, аналарымыз ұлттық ойындарды ұмытып қалмаппа екен, соны көрелік! Ата - аналармен Ойын: «Сақина салу»

Би: «Балапандар»

Көктемдегі гүлдерді үзіп алып, қонақтарымызға сыйлайық.

Ойын: «Қырдағы гүлдер»

Қонақтар: Үлкен рахмет, Сау болыңдар балалалар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Бізді сыйлап келген, өнерлерін көрсеткен қонақтарымызға, бізбен бірге ойын ойнаған аналарымызға алғыс айтамыз. Осымен біздің жаңа жылдық басқосуымыз аяқталды, келгендеріңізге рахмет, қош сау болыңыздар!

© 2010-2022