Ашық сабақ сауат ашу мектепалды даярлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: - оқуды жазуды.
Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: дауысты дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамай шыққан дыбыс.

Мұғалім: Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыс.
Мұғалім: - әріптерден не құралады?
Оқушы: - сөз.
Мұғалім: - сөзден не құралады?
Оқушы: - Сөйлем.
Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: - бас әріппен.
Мұғалім: - Өте жақсы.

Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс? Оқушы: дауысты жіңішке. Үкінің суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

III Жаңа сабақ
Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
Гүл (гүлді ұсынып көрсету)
Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. Оқушылар Гг дыбысы. Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.
Г - электронный түрінде айту. Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.
Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.

IV. «Жоғалған әріп» ойыны:

ше..е, е..еу, е.гін,

V Ребус шешу.

Жауабы: гитара, айгүл, гүлнар.


VІ Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.

VІІ Дәптермен жұмыс
.
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.

VІІІ. Шығармашылық тапсырма.
Гүл, көгершін, шегіртке сөздерін текшені, бояу.

ІХ. Жаңа сабақты бекіту
.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны.
Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу.

Х. Жаңа сабақты қорытындылау.

Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
«Ақ көгершін» өлеңін айтып, сабақты қорытындылау.


© 2010-2022