Бүтін және бөлік ҚМҰҚ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Таным

Бөлімдері: ҚМТҚ

Тақырыбы: Бүтінді тең екі және төрт бөлікке бөлу

Мақсаты: Балалардың бүтін зат туралы білімдерін қалыптасуы,бүтін затты 2-ге,4-ке бөлу түсініктерін дамыту, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ой өрісін,сөздік қорын молайту.

Қолданатын көрнектіліктер: алма, суреттер, оқулық дәптер. Түрлі түсті қарындаштар,пішіндер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті

туындату,

түрткі болу

Балалар іс-әрекеттерімізді бастамас бұрын біріміздің біріміз жылуымызды сезінейік.

Армысың алтын кун!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне ,менің қолым.

Ұйымдас

тыру,

ізденіс жүргізу


Тәрбиеші орманшы ата орманнан себетпен сәлемдеме беріп жібергенін айтады. Балалардың зейінін себеттегі жемістерге аудару.

1-тапсырма. «Кім жылдам»

-Балалар мынау не?Осы алманы тең 2 бөлікке бөлу.

Ал мына алманы екеуің бөліп жедіңдер-деп,екеуара ббір алмадан үлестіріп беремін.Екеуің осы алманы жеу үшін екіге бөлеміз.Сонда бізге бүтін алмадан екі бөлік шығады.Оны біз бүтіннің жартысы деп атаймыз.

2 тапсырма: Геометриялық фигуралар бойынша Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелекшелерді ортасынан теңдей бөлу ,жартысын боя керекпіз.

Қане балалар алдарындағы ҚМҰТ кітабы бойынша жұмыс жасаймыз.

1т-Суреттерді көрсетілген түске бояймыз.Бүтін деп-ешқандай бөлігі жоқты айтамыз.Бүтінді-Көк түспен,жартыны-қою көкпен,ширекті-қызылмен,жарты-қызыл,ширек-жасыл

2т-бойынша әр гүлкөмбеге 7 гүлден болу керек.Жетпеген Гүлдерді жапсырамыз.Біріншіде-5,Екіншіде-3,Үшіншіде-4.

3т-6 балапан аулада жүр,оның 2 кетіп қалды,Қалғаны нешеу?

6-2-4

Сергіту сәті: «Бес саусақ»

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Алақанды ашайық

Беске бесті қосайық

3 тапсырма: «Кім зерек»

Балалар берілген нүктелер бойынша пішін немесе фигуралар ойлауымыз керек.Осы ойлаған пішіндерімізді нүктелер арқылы қосуымыз керек.

Қарындашпен жұмыс

Балалар орындарына жайғасып сандықтағы тапсырмаларды орындауға кіріседі. Балалар сәлемдемені көруге асығады. Балалар назарын себетке аударып, қандай жеміс екенін көруге асығады.

-Алма. Алманы тең ортасынан бөлгенде екі бөлік болады


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңтап алдарына берілген үшбұрыш. төртбұрыш,дөңгелекшелерді ортасынан теңдей бөлу ,жартысын бояйды.

Кітап бойынша жұмыс.

1т-Суреттерді көрсетілген түске бояймыз.Бүтін деп-ешқандай бөлігі жоқты айтамыз.Бүтінді-Көк түспен,жартыны-қою көкпен,ширекті-қызылмен,жарты-қызыл,ширек-жасыл

2т-бойынша әр гүлкөмбеге 7 гүлден болу керек.Жетпеген Гүлдерді жапсырамыз.Біріншіде-5,Екіншіде-3,Үшіншіде-4.

3т-6 балапан аулада жүр,оның 2 кетіп қалды,Қалғаны нешеу?

6-2-4

Балалар сергіту сәтін жасайды

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Алақанды ашайық

Беске бесті қосайық

Рефлексия- түзету жұмыстары

(коррекция)

Балалар бүгін біз сендермен бүтінді екі және төрт бөлікке бөлумен таныстық.

Мадақтау

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Заттарды, геометриялық пішіндерді тең 2-ге, 4-ке бөлінетінін біледі.

Түсінігі бар:Бір затты бөлгенде 2 бөлік шығатыны туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Есептерді сурет бойынша шығара алады.

Есептермен бірге танымдық тақырыпта әңгімелесе біледі.


© 2010-2022