Плановая работа на тему Сараптама

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп шағын орталығының 2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдық есебі

Шағын орталық 2014 жылдың 11-қыркүйек аудан әкімдігінің №339 бұйрығына сәйкес ашылды. Бір топ жұмыс істейді. Топта 25 бала қамтылған. Үш жастағы -5, 4 жастағы -11, 5 жастағы - 9 бала бар. Барлығы қазақ ұлтынан.

Шағын орталықта 1әдіскер,1саз жетекшісі, 2 тәрбиеші, 2тәрбие көмекшісі, 1мейірбике 1аспазшы, 1аспаздың көмекшісі, 1кір жуушы жұмыс жасайды.

Педагог қызметкерлер: 3

Жоғарғы білімді -2

Aрнаулы орта - 1

2014-2015 оқу жылындағы шағын орталықтың тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау , сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі жеке баланың толыққанды кеңістігін құру, тіл дамыту,қатынас,денсаулық, әлеуметтік орта,шығармашылық салаларын қалыптастыру.

Міндеттері :

1.Шағын орталықта балалардың сөздік қорын ,тіл байлығын халық педагогикасы (ойын, жұмбақ жаңылтпаш, көркем сөз, ертегі ) арқылы қалыптастырып , адамгершілікке тәрбиелеу;

2.Балалардың салауатты өмір сүріп , денсаулығын нығайту барысында дене шынықтыру, сауықтыру шараларын табиғатпен үйлестіре қалыптастыру. Валелогиялық тәрбие беру арқылы мінез-құлық мәдениетін, саналы тәртібін ұқтыру;

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыта отырып музыка және өнер арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;

«ҚР Жалпыға бірдей міндетті білім беру» стандартын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы бойынша және 2012 жылғы желтоқсандағы №557 қосымша бұйрығын басшылыққа алып, «Балбөбек» «Зерек бала » «Алғашқы қадам» бағдарламалары негізінде міндеттерді жүзеге асырдық.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынандай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас », «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта ».

«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • дене шынықтыру

  • қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валелогия.

«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • Тіл дамыту

  • Көркем әдебиет

  • Сауат ашу және жазу негіздері

  • Мемлекеттік орыс және басқа тілдер

«Таным » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

  • Сенсорика

  • Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

  • Құрастыру

  • Экология негіздері

  • Қоршаған ортамен таныстыру

«Шығармашылық » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

  • Мүсіндеу

  • Жапсыру

  • Музыка

«Әлеуметтік орта » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

  • Қоршаған ортамен таныстыру

  • Экология

  • Көркем әдебиет

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 11(1сағат вариативті бөлім ); Екінші кіші топтың (3-тен 4жасқа дейін ) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 15-20мин.

Педагогтардың шығармашылық деңгейін, білімін көтеру үшін педагогикалық кеңестер жүргізілді.

Педагогикалық кеңестер тақырыбы

Өткізілу

түрі

Мерзімі

Жауапты

1





2

Тақырыбы: «Жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттары»

1.Жаңа оқу жылына дайындық.

2.Топтағы cанитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы

3.Жаңа оқу жылының жұмыс жоспары.

Тақырыбы: Тіл дамыту, көркем әдебиет арқылы балалардың ой-өрісімен тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.

Мақсаты: педагогтардың назарын балалардың танымдық тілдік дамуына аудару,ойлау, талдай білу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық ізденіске талпындыру.

Талқылау сұрақтары:

Баяндама

1.Тәрбие көзі -ертегі.

2.Көркем шығарманы кейіпкерлендіру арқылы балаларды байланыстырып сөйлету.

3.Баланың сөйлеу тілінің дамуындағы саусақ ойындарының алатын орны

4.Тренинг: балабақша және отбасы

Дөңгелек үстел







Дөңгелек үстел



17.09.2014









13.09.2014



Директор

Әдіскер

медбике







Директор

Әдіскер

тәрбиешілер




3

Тақырыбы: «Балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»

Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын сақтауға , нығайтуға қажетті мүмкіндіктер жасап , салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Тәжірибе алмасу: Шынықсаң шымыр боласың

Ақпарат:«Салауатты өмір сүру - денсаулық кепілі»

(Балалардың таңертеңгі жаттығу)

Ашық оқу іс-әрекеті:

Спорттық ойын сауық

  • Біз шыныққан баламыз.

  • Ұлттық ойындар

Педкеңес қорытындысы, шешім.





Кеңес





02.04.2015





Директор

Әдіскер

тәрбиешілер

4

Тақырыбы: «2014-2015 оқу жылының қорытындылары».

Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының жағдайын анықтау, келесі оқу жылының жұмыс бағытын белгілеу

Сараптама:

1.2014-2015 оқу жылының тәрбие жұмысы

2. Балалардың білім алу, және даму құзіреттілігінің индикатор қорытындысы

3.Жаз маусымының іс -шарасын жоспарлап, оқу іс-әрекетін,күн тәртібін бекіту

4. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау



Дөңгелек

Үстел



18.05.2015



Директор

Әдіскер

тәрбиешілер

Шағын орталықта жылдық жоспар бойынша әр пед кеңестің алдында төмендегідей ашық оқу іс-әрекеттері өткізілді.

Ашық оқу іс -әрекеттері

Білім беру саласы

Мерзімі

Жауапты

1

«Ұядағы қарлығаш бейнесі»Құрастыру пәні

Таным

22.09.14

Асқар А.

2

«Кең, тар ұғымдарының мағынасы» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні

Таным

4.11.14

Медербаева С.

3

«Нан -ел байлығы» Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта

28.11.14

Асқар А.

4

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» тіл дамыту

қатынас

23.12.14

Медербаева С.

5

«Бауырсақ» ертегісі.Көркем әдебиет пәні

Қатынас

22.01.15

Асқар А.

6

«Допты бір -біріне дәл лақтыру» дене шынықтыру пәні

Денсаулық

2.02.15

Медербаева С.

7

«Домбыра сазы» музыка пәні

шығармашылық

10.03.15

Арқабаева Ж.

8

«Жабайы аңдар» Қоршаған орта .

Таным

15.05.15

Медербаева С.

9

«Табиғат-ана »экология.

әлеуметтік орта

20.06.15

Асқар А.

2014-2015 оқу жылындағы мерекелерге арнап ертеңгіліктер мен сауық кештердің мазмұны, өткізу жоспары

Мақсаты:Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты , жан -жақты жетілген, бойына ұлттық сана мен адамгершілік тәрбиесі қалыптасқан , парасатты азамат тәрбиелеу

Р.с

Мазмұны

мерзімі

жауапты

1

Тақырыптық сабақ:Тіл мерекесі. « Ана тілім -мақтанышым»



׀X


Асқар А.

2

«Берекелі алтын күз» ертеңгілік

X

Асқар А.

3

Жол белгісін білеміз бе?

Медербаева С.

4

«Тәуелсіздік тірегім» ертеңгілік

X׀׀

Асқар А.

5

« Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

X׀׀

Медербаева С.

6

«Қыс қызығы» Қысқы табиғат

׀

Асқар А.


«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

׀׀

Медербаева С.

7

«Ана көркем көрінер қызыменен» Аналар мерекесі

׀׀׀

Асқар А.

8

«Армысың, Әз Наурыз»

׀׀׀

Медербаева С.

9

«Құстар келді, алақай!»

Құстар күні

׀V

Асқар А.

10

Тақырыптық оқу іс әрекеті

Жеңіс келді

V

Медербаева С.

11

«Біз мектепке барамыз»

Балаларды қорғау күні ертеңгілігі

V

Медербаева С.

Ата- аналармен жұмыс

Р.с

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Күн тәртібі және бала өміріне ықпалы.

Ата -аналар комитетін сайлау және ынталы топ құру.

Ағымдағы мәселелер

|X

Арқабаева Ж.

Хатшы Асқар А.

2

Мейірбике кеңесі «Дұрыс тамақтану»

Шағын орталыққа қабылданған балалардың тамақтану мәселесі.

Сауалнама Өз балаңызды қаншалықты білесіз?

X׀׀

Арқабаева Ж.



Медербаева С.

Білім сапасы, іс -әрекет, дағдылары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдың соңында білім деңгейінің индикаторының қорытындысы шығарылады.Тәрбие-оқу жұмыстарын ұйымдастыруда ата-аналар ат салысып , белсене қатысып көмектесіп отырады.Шағын орталықтағы тәрбие- оқу жұмыстары күнделікті жоспар арқылы жүзеге асырылады.

Алдымыздағы қойылған жоспардың орындалуына барлық педагог -тәрбиешілерді белсене қатыстырып , сапалық құрамын жоғары деңгейге көтеріп , шағын орталықтағы тәрбие оқыту жұмыстарының талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз етеміз.



© 2010-2022