Открытытй урок Туған күн

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Бүгін туған күніміз!


Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Қатынас» «Таным» «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка, тіл дамыту, математика

Мақсаты: Ай сайын бір рет сол айда туылған балалардың туылған күндерін атап өту. Ата - аналармен байланыс жасап достарының музыкалық сәлемдерін жеткізу. Туылған күн иелерінің көңіл күйімен бөлісе білуге. достыққа, бірлікке шақыру. Музыка құдіретін түсіне отыра, балалардың бір-біріне қуаныш, көтеріңкі көңіл - күй сыйлауға тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құрал: гүлдер, шарлар, сыйлықтар үшін арналған түрлі суреттер, үнтаспа.

Қатысушы кейіпкерлер : Жаз ханшайымы, ағылшын тілі.

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар «Туған күн » әнін айтып залға билеп кіреді. Шеңбер құрып, тәрбиешілермен бірге әуезді ырғақты қимыл жасап келген қонақтармен амандасады.

Сәлем дейміз күнге біз

Сәлем дейміз біз саған

Сәлем дейміз апайға

Қонақтарға достарға

Өмір қандай тамаша,

Қуанайық балаша

Досым, досым досымай

Құтты болсын тойың-ай!

(Айгөлек әнінің әуеніне салып айтылады.)

!здену үйымдастырушы; Туылған күн жайлы әңгімелесу. Балаларға ғаламторда сәбилердің дүниеге келуі туралы фото слайд көрсетіп тәрбиеші әңгімелеп беріп отырады.

Тәрбиеші: Балалар көрдіңдерме? Сендер қандай болып өмірге келгенсіңдер? Үнадыма?

Балалардың жауабы: Ия

Жаз ханшайымы: Ендеше бүгін біздің балаларымыздың арасында да туылған күн иелері бар екен. Кәне балалар біз достарымыздың туылған күндерімен құттықтап көңілдеріне құаныш сыйлайық.

Ғажайып сат: көңілді әуен ырғағымен қолында балаларға арналған төртімен сайқымазақ кіріп келеді.

Жаз ханшайымы: Сәлеметсәңдерме ? балалар! Туылған күндерің құтты болсын! деп сыйлығын дастарханға қояды. Балалар келіңдер олай болса туған күн иелеріне тілектер айтайық.


Балалар: Бақытты болайық!

Мейрімді болайық!

Ержүрек батыр болайық!

Еліміздің мақтанышы болайық!

Жаз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар енді мен сендермен би билегім келіп тұр. (Балалармен би билейді)

Ортаға «Ағылшын тілі» кіреді. Балалармен амандасып туған күнімен құттықтап кіреді. (Ағылшын тілі)

-Бүгін кімнің туылған күні?

- Біздің туылған күніміз.

- Сендер нешеге толдыңдар?

- Бес жасқа толдық.

-Біз бес жасқа қалай толдық? Кәне мұны біз баспалдаққа шығу арқылы анықтайықшы? Бала баспалдаққа шығып би қимылдарын жасап билейді.

Тілектер ағылшын тілінде.

Жаз ханшайымы: Балалар сендер қандай ақылды едіңдер үш тілді өте жақсы меңгерген екенсіңдер. Мен сендерге өте ризамын жазғы демалысты да өте көңілді өткізіп жатыр екенсіңдер.

  • Балалар туған күн сендерге несімен ұнайды?

  • Сыйлық алған ұнайды.

  • Өте тамаша. Мен де сыйлық алғанды ұнатамын. Ал қыздар қандай сыйлықты жақсы көреді?

  • Гүлді.

  • Ал балалар сендерші?

  • Машина.

Олай болса балалар қыздарға ұлдарға гүл, қыздар балаларға машина құрастырып берейікші. Балалар екі топқа бөлініп бір-біріне сыйлық жасап береді.

Жаз ханшайымы: Балалар , біз бүгін туған күн жайында әңгімелестік. Туған күн әр бір адамның сүйікті мерекесі. Туған күн тойлары отбасының дәстүріне айналған.

Қандай жақсы туған күннің болғаны,

Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны!

Көк төсінде жұлдызымыз жайнады,

Көңіліміз көтеріңкі, жайдары!

© 2010-2022