«Сіріңке қораптарынан машина жасау»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы: «Сіріңке қораптарынан машина жасау»

Мақсаты: Машина түрлерімен таныстыру. Балаларға сіріңке қорабынан машина жасауға үйрету. Көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру, жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: жеңіл және жүк машинаның дауысы басылған әуен, карточкалар «сынған» машинаның суретімен, дөңгелектер «рульдер», қызыл, сары, жасыл бағдаршамның «көздері», түрлі машиналардың бейнелері,мальберт, сіріңке қораптары, желім, қайшы, сүлгі, қылқалам, тұтқыш. .

Билингвалдық компонент: жүк машина-грузовая машина, жеңіл машина-легковая машина.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Армысын, алтын күн,

Армысын, көк аспан,

Армысын, жер-ана,

Армысын, балалар.

Тәрбиеші балалармен амандасады.

Балаларға музыка әуенін тыңдауға ұсынады.

-Бүгін біз кішкентай машина жүргізушілері боламыз, келісесіңдер ме?

Балалар шеңберге тұра-

ды, бір -біріне қарап күледі, жылы сөздерді айтады.

Мұқият тыңдайды, не туралы екенін айтады.

Келісімдерін береді.


Ұйымдастырушы-ізденушілік




Тәрбиеші балалармен көлік түрлерін анықтайды.

Мальбертте ілініп тұрған көліктердің суретін балалардан сұрайды, сұрақтар қояды.

Дидактикалық ойын:

«Машина жөндейміз»

Карточкаларға қарап, үлгіге қарап, машинаның сынған бөліктерін жөндейді. Тәрбиеші үлгіні көрсетіп, түсіндіреді.

Сергіту сәті

«Машинамен жүреміз»

Тәрбиеші бірінші болып жолда жүруді бастайды, ал балалар тәрбиешінің артынан саппен тұрады.


«Сіріңке қораптарынан машина жасау»

2 қорапша сіріңкеден жүк көлігін жасау. Балаларға үлгі бойынша көрсету.

Қиналған балаларға көмек көрсету.

Балалар мұқият тыңдайды, атайды

Сұрақтарға толық жауап береді.

Алдарында жатқан карточкалардағы суреттерді толықтырады. Дөңгелегін, төбесін жабыстырады.

Балалар қолдарына рульдерді ұстап жүреді.

Бағдаршамның белгілі бір түсі жанған кезінде балалар соған байланысты белгілі бір әрекеттер жасайды.

Тәрбиешінің көрсету үлгісі бойынша және алдарындағы карточкаларға қарай отырып сіріңке қораптарынан машиналар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік


Балаларды мадақтайды, жасаған машиналарын ата-аналар үшін арналған бұрышқа қоюға ұсынады.

Балалар мадақтағанға қуанады, жасаған машиналарын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: сіріңке қораптарынан машинаны жасау тәсілдерін;

Түсінеді: желіммен ұқыпты жұмыс жасауды, ЖЖ ережелерін. .

Қолданады:орнығып отырып және бастаған жұмысын аяқтау дағдыларын. .



© 2010-2022