• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • «Ертегілер әлеміне саяхат» Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті

«Ертегілер әлеміне саяхат» Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Дыбыстық жаттығулар арқылы баланы дыбыстарды дұрыс айта білуге пысықтау.

Әдіс тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: бауырсақ ертегісінің суреттері, жеті лақ ертегісінің суреттері,

Билингвалъды компонент: Түлкі-лиса, Бауырсақ-колобок, қоян-заяц

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.

Балалар қане бәріміз шеңбер жасайық. Шеңберіміз неге ұқсайды? Ендеше шарымызды үрлейік те үлкен шар жасайық. Енді деніміз сау болсын деп бір-бірімізді емдейік.

-Қайырлы таң көздерім! Көздерім сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң құлақтарым! Сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң құлақтарым! Сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң саусақтарым! Сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң Алтын күн! Күн сияқты күлімдеу.

Іздену ұйымдастырушы.

-Балалар сендер ертегілерге саяхат жасағыларың келеді ме? Ал енді олай болса бәріміз немен барамыз? (осы кезде гуілдеген пойыздың даусы естіледі).

-Балалар естисіңдер ме? Бұл пойыздың даусы екен. Олай болса бәріміз пойызға мінеміз.

Қимылды ойын: «Көңілді пойыз»

  1. Аялдама «Жеті лақ» (суретпен көрсету).

-Балалар жеті лақ ертегісіндегі лақтардың анасы қайда кетеді?

-Оларды не жеп қояды?

Анасы орманға не үшін кетті?

Ешкі туралы кім тақпақ айтып береді?

Ерасыл: Лақ, лақ лағым,

Секеңдеген шұнағым.



  1. Аялдама « Бауырсақ»

-Балалар мына жерде қандай ертегі кейіпкерлері тұрады екен?

-Бауырсақ нелерден қашты?

-Бауырсақты не жеп қояды?

Жұмбақ жасыру: Өзі қорқақ, құлағы ұзын

Ол не?

Балалар: қоян

Олай болса сендер шаршаған шығарсыңдар қане қоян сияқты сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

  1. «Шұбар тауық» аялдамасы.

-Балалар мына жерлерде шұбар тауық көрінбейді ғой, бірақ ыт-қыттаған дауыс естіледі.

Балапан: Қыт-қыт-қыт балалар сәлеметсіңдер ме!

Мен анамнан адасып қалдым. Олай болса біздің балалар саған көмектеседі.Балапанға кім тақпақ айтып береді?

Нұрай: шөп-шөп, шөжелерім

Сары алтындай балапаным,

Тез жетіңдер жем беремін

Дәнге толы алақаным,

-Жарайсыңдар балалар! Балалар бәріміз пойызға мініп тобымызға қайтамыз.

Рефлексивті тұзету.

Билингвалъды компонент: қоян-заяц, бауырсақ- колобок,

Балаларды мадақтау мақтау.

Балалар біз қандай аялдамаларға бардық?

Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.

Игереді: көркем сөйлеу қабілеттерін.

Меңгереді: ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалай білуді.

© 2010-2022