Оқу іс әрекеті Алтын бала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Қ.О. Ақжар ауданы

К.Г.У. «Горьковский орта мектебі»

Тәрбиеші Жолдаспаева Бибигуль Самкеновна

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын бала.»

Мақсаты: Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.

Вилинггвалдық компенет:

Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балалар шеңберге жиналады.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

Шеңберге тұрып,тәрбиешінің қимылдарын қайталап,

ынталанып тыңдайды.

Ұйымдастыру-

Ізденушілік

- Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?

- Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?

Дәптермен жұмыс:

Тәрбиеші С. Тұрдалиевтың «Алтын бала» әңгімесін балаларға оқып таныстырады.

- Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

- Зәукен кімді кездестірді?

- Атайдың қандай затын жөндеп берді?

- Анасы қайда келді?

- Әжей Зәукен туралы не айтты?

- Анасы неге қуанды?

- Баласы анасына нені берді?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр».

Ойын шарты: Бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.

- Мен анама ... (көмектесемін).

- Мен ініме ... (қамқор боламын).

Дәптермен жұмыс: Ребусты шеш. Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.

Балалар барлығы бірігіп ойынды ойнайдыБалалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Әнгімелесу арқылы балалар тәрбиешінің айтқанын естерінде сақтайды.

Сергіту сәтін орындайды

Рефлексивтік-

түзетушілік

Қорытынды. - Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.

Мадақтау.

Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.

Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады

Нені біледі: Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін салуды үйренеді

Қандай түсініктерді игерді: Ертегі кейіпкерлерін салуды үйренеді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сабақта тәрбиешінің айтқан сөздерін естеріне сақтайды.








































© 2010-2022