Урок Тех. карта Жыл басы-Наурыз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жыл басы- Наурыз!»

атты мерекелік кеш.

Мақсаты: Балаларға «Наурыз» мерекесі туралы түсінік беру. Ұлтымыздың дәстүрін, ұлттық мерекелерімізді

қастерлеуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Кіріспе: Қымбатты ата-аналар, балалар, ұстаздар көптен күткен «Наурыз» жаңа жылымызды алып, ортамызға қайта оралды.

Наурыз- ұлттық мейрам.

Наурыз- жыл басы.

Наурыз- Ұлыстың ұлы күні.

Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.

Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, қонақтар!

Той құтты болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн-Ана,

Шуақ шашқан, Құтты болсын Наурызым!

II. Құрметті қонақтар! «Балбөбек» тобының «Жыл басы- Наурыз!» атты мерекелік кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Балбөбек» тобында,

Наурыз тойы басталды.

Көрген де арманда,

Көрмеген де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Келіңіздер! Көріңіздер!

Көріп баға беріңіздер!

-Ендеше «Балбөбек» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық! (Музыка ойналып, балалар шеңбер бойымен екі рет айналып келіп, сахнаға тұрады). (Музык: «Туған жер»)

1).Ән: «Құттықтаймын!» Хор.

-Балалар, қандай әдепті сөздерді білесіңдер?

Балалар: -Ақылды бол!

-Тәртіпті бол!

-Ас дәмді болсын!

-Сәлеметсіз бе!

-Сау болыңыз!

-Рақмет!

-Қайырлы таң!

-Кешіріңіз!

-Дос болайық!

-Қимылмен барлығы бірге:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: -Өте жақсы.

III. -Балалар, біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?

-Наурыз мерекесін.

-Наурыз мерекесі неден басталады?

-Амандасудан.

-Дұрыс, балалар.

Ұлыстың ұлы күні Наурызда адамдар бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағыстырып, өкпе-назды ұмытып, кешіру керек.

-Ер балалар қалай амандасады?

-Қос қолдасып амандасады.

-Ал, қыз балалар қалай амандасады?

-Қыз балалар құшақтасып амандасады.

(Балалар амандасу рәсімін көрсетеді).

Ұлдар: -Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкумассалам!

Қыздар: -Сәлеметсің бе!,-деп, құшақтасып амандасады.

2).Ән: «Біз өмірдің гүліміз» Хор.

IV. -Балалар, халық Наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады.

-Қалай дайындалады?

-Үйдің-ішін тазалайды.

-Үйдің маңайын тазалайды.

-Әдемі киімдер киеді.

-Ағаштар отырғызады.

-Наурыз көже пісіреді.

-Бір-біріне қонаққа барады.

-Бата, жақсы тілектер айтады.

-Үйдегі барлық ыдыстарды сумен, тағамдармен толтырады.

-Бұл ненің белгісі?

-Бұл- тоқшылықтың, молшылықтың, жақсылықтың белгісі екен.

V. Наурыз мерекесіне тақпақтарымыздан шашу шашайық.

1 бала: Айзере. Тайға мініп бәйгеге аттанамыз,

Өлең айтып, би билеп шаттанамыз.

Құтты болсын, Наурыз мерекеміз,

Бар өнерді аянбай ақтарамыз.


2 бала: Едіге. Жылдың басы- Наурыз,

Жырдың басы- Наурыз.

Наурызға арналсын,

Бүгінгі жыр-әніміз.

3 бала: Айзада. Наурыз тойым, Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане достар, қане достар,

Шырқап әнге салайық!

4 бала: Санжар. Наурыз- шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып, жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

5 бала: Ақжарқын. Ән айтылып күні бойы,

Бұл мереке- бізге ойын.

Көжесі көп, шелпегі көп,

Жақсы көрем, Наурыз тойын!

6 бала: Айкөркем Наурыз тойы, елдің тойы,

Көктем тойы, төлдің тойы.

Ақ шағала, аппақ үйлер,

Араладым күні бойы.

7 бала: Ділдә. Жасасын деп шіркін, Наурыз,

Құтты болсын, айтты атамыз.

Барлық үйге кіріп, шығып,

Барлық үйден дәм татамыз.

8 бала: Мерей. Наурыз- көктем тойымыз,

Той дәмі мол тойымыз.

Күн ұзарар жылынып,

Өсер біздің бойымыз.

9 бала: Іңкәр . Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

10 бала: Нұрым. Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Апам, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

11 бала: Олжас. Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар.

12 бала: Бекасыл. Күйге толы көңілім,

Құлпырамын Наурыз.

Мәнге толы өмірім,

Ынтымағым Наурыз!

13 бала: Алихан. Наурыз келді балалар,

Көктеді қыр жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда балалар.

14 бала: Досым. Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

15 бала: Шапағат. Гүлге толы кең дала,

Тағы келді Наурыз.

Сәнім болар сен ғана,

Сағындырған Наурыз.

16 бала: Еркежан. Бәйшешектер гүлдеді,

Қорада мал төлдеді.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда балалар.

17 бала: Бақберген. Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз жаңаша.

Дәмін татып көженің,

Отырамыз жараса.

18 бала: Санжар. Ұлыстың күнін тойлайық,

Болашақты ойлайық.

Азамат боп ер жетіп,

Ел қорғаны болайық.

19 бала: Айзере. Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

20 бала: Ділдә. Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүр ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже елдің, ырзығы.

21 бала: Ақжарқын.. Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем Наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

22 бала: Мерей. Көктем келсе жадырап,

Жайнайды маңай атырап.

Қырда гүлдеп бәйшешек,

Мені өзіне шақырат.

3). Ән: «Наурыз».

VI. Наурыз көже- тағамның ең үлкені,

Жадыратып жаныңды семіртеді.

Дәм татыңыз ағайын, бұрыл бері,

Қанат жайып Наурыз дүрілдеді.

-Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, қасиетті дастарқан дәмінің ең бастысы не?

-Наурыз көже.

-Дұрыс, балалар.

-Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады екен. Ол қандай дәм?

-Су, сүт, құрт, май, тұз, ет, дәнді дақылдар.

-Дұрыс, балалар

VІІ. Наурыз мерекесінен көрініс (Музыка ойналады).

-Шеңбер құру.

-Күрес

-Қол күрес.

-Арқан тартыс.

-«Қара жорға»биі.

-Кереге құру.

-Шаңырақ көтеру.

VІІІ. Балалар, жаңа құрған киіз үйде асықтар бар екен. Жай асық емес, сиқырлы асықтар екен!

1.Бірінші сиқырлы асық не дейді екен, тыңдап көрейін. Мұнда үнді биін тамаша билейтін бір қыз бала бар екен,- дейді.

-Ол кім, балалар?

-Хормен: Айкөркем.

(Ендеше, Айкөркемнің орындауында «Үнді биі».

2.Екінші асық тағы не дейді екен? Мұнда акробатиканы өте шебер орындайтын бір қыз бала бар дейді.

-Ол кім?

-Ол- Айзада.

(Айзаданың орындауында «Гимнастикалық акробатика»).

3.Үшінші асық тағы не дейді екен? Мұнда бір әнші қыз бар екен!

-Ол кім?

-Ол- Еркежан.

(Еркежанның орындауында «Балапан» әнін қабыл алыңыздар).

4.Төртінші асық не дейді екен? Мұнда «Қамажай» биін билейтін бір қыз бар дейді.

-Ол кім?

-Ол- Ділдә.

(Ділдәнің орындауында «Қамажай» биі.

5.Бесінші асық не дейді екен? Мұнда тағы бір үнді биін керемет билейтін қыз бар дейді.

-Ол кім?

-Ол- Айзере.

(Айзеренің орындауында «Үнді биі»).

IХ. Қорытынды: -Қымбатты ұстаздар! Ардақты аналар! Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ қосылсын бәріңе.

Аман-есен жетейік,

Келер «Наурыз» тойына.

-Осымен «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілерінің «Жыл басы- Наурыз!» атты мерекелік кеші аяқталды.

-Кешімізді «Болайықшы осындай» әнімен аяқтаймыз!

-Мерекелеріңіз құтты болсын!

Назарларыңызға рақмет!




© 2010-2022