Тақырыбы: «Жақсы көңіл – күй жан азығы»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жақсы көңіл - күй жан азығы»
Мақсаты: педагогтардың көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату.

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Сіздерді шаттық шеңберіне шақырғымыз келіп тұр, барлықтарыңыз ортаға келсеңіздер.

«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.

  • Ағылшын драматургы Бернард Шоу «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» дейді. Шынымен де ойын адамның көңіл-күйін көтеріп балалық шаққа саяхат жасатады.

«Ашулы шарлар»
Шарты: 8 - 10 қатысушы ортаға шығып, бір - бір шарды үрлеп, оларды үрлеп, оларды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек. Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
- Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
- Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
- Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу - ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.

«Өзіңді тереңірек таны»

  • Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс - жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез - құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.

  • Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар, шиеленіске, жанжал, дау - дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

  • Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.

  • Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз. елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.

  • Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеуге дәрменсіздік танытасыз.

  • Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз - өзіңізге риза адамсыз.

  • Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сөзді оп - оңай өкпелете салуға болады.

  • Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым - қатынас орнату да қиын болады.

Педагогтарға видеолар көруге ұсынылады. Видеоны талқылау.

  • Құрметті әріптестер, бүгінгі тренинг арқылы сіздерге жақсы көңіл күй сыйлай білдік деп ойлаймыз. Әдемі күлкілеріңізбен әлемді нұрландырып жүре беріңіздер!












© 2010-2022