Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәрілік өсімдіктер

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс - әрекеті: экология

Мақсаты: Емдік шөптердің шипалы, қасиеттері жайлы, балалардың түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге, әрқайсысын дұрыс атауға және қалай пайдалану жолдарын үйрету, дұрыс жинау, сақтау ережелерін білуге дағдыландыру.Тақпақтар, тиым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту. Балаларды қоршаған ортаны, өсімдіктерді қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.

Топтың іші әдемі гүлдермен безендірілген.

Сабақтың барысы:

Амандасу:

Қуан шаттан,

алақай!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достар!

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір - біріңе сәлеметсің бе, амансың ба, саумысың деген ғажап сөздерді айтып жатасыңдар. Ал, бұл сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме? Амансың ба деген бұл адамдарға ұзақ өмір тілеу.

Денсаулық деген не балалар?

Балалар: Ауырмай, сырқамай көңілі көтеріңкі болу.

Тәрбиеші: Ауырып қалғанда біз не істейміз?

Балалар: Дәрі ішеміз.

Дұрыс айтасыңдар, дәріні де өз мөлшерімен ішеді. Дәрімен қатар біздің ата - бабаларымыз емдік шөптерді пайдаланған. Бүгін біз сабақта қасиеті бар көптеген өсімдіктермен танысамыз. Балалар, бүгін бізге қонақ келіп отыр. Бұл қонақ кім? Танисыңдар ма?

Балалар: Дәрігер

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл дәрігер

Тәрбиеші: Балалар, оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, мына сұрағыма жауап беріңдерші?

- Қандай гүлдерді білесіңдер атап беріңдерші?

- Балалардың жауаптары

«Дәрілік өсімдіктер» екіге бөлінеді. Бөлме және дала өсімдіктері. Бөлме өсімдіктері адамның көмегімен бөлмеде өседі, олар алуан түрлі. Ал, қазір табиғат бұрышындағы емдік өсімдіктерді атап шығайық.

Кактус, алоэ, түймедақ.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктерӘлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Ал, кактус- бойындаемдік қасиетітері мол өсімдіктердің бірі болып табылады. Оның тікенектеріне қарап, адамдар суық қабылдайды, алайда кактусты үйдегі теледидар,компьютерлердің жанына қойсақ, олардан шығатын зиянды сәулелерді өзіне сіңіріп, жойып отырады да, адамның көз жанарын сақтауға септігін тигізеді.

Алоэ - шырынды өсімдік. Ел іші «жүз жылдық» деп атайды. Оның шырыны сағақсыз жапырақтарына жиналады. Жапырағының пішіні сәл иілген қылышқа ұқсайды. Жиектері тікенектермен көмкерілген, өркенге кезектесіп орналасқан. Алоэ жапырағын кескенде, дәмі ашқылтым, сарғыш түсті шырын ағады. Осы шырынның емдік қасиеті зор. Медицинада түрлі дәрілер жасайды. Абайсызда қолыңды кесіп алсаң, алоэ жапырағының ортасын қақ жарып бөліп жараға таңса, қанның тезірек ұйып, тоқтауына көмектеседі және іріңді жараларды дененің күйген жерін, тері ауруларын емдеуге қолданады.

Түймедақ - бұл гүлде де емдік қасиеті бар гүл. Адамдар суық өткен кезде осы гүлдің тұнбасын ішіп емделеді екен.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Тәжірибелік жұмыс:

\Тәрбиеші балалардан осы гүлдерді суару, күту, жапырағын тазалау жұмыстарының қалай жүргізілетінін сұрай отырып, бірлесе тәжірибе жүргізу.\

Балалар тәжірибелік жұмысты жүргізе отырып, тақпақтарын айтады.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Еңбек бәрін жеңбек.

Орманға бару

Тәрбиеші: Балалар далада да өсетін дәрілік шөптер бар. Қазір біз орманға барып дәрілік шөптерді себеттерге жинап әкелуіміз керек. Әкелген дәрілік шөптерден гербари жасаймыз. Ал қалай ойлайсыңдар орман балабақшадан алыс қандай көлік түрімен барған дұрыс, сендер немен барғыларың келеді?

Қане ендеше барлығымыз ұшақпен ұшып барайық, сонда біз тез жетеміз. Орындыққа жайғасып мықтап отырыңдар, ұшақтың жүргізушісі мен боламын, сендерді мен орманға алып барамын және бізбен дәрігер барсын.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Тәрбиеші: Балалар біз орманға келдік ормандағы құстардың аңдардың дауысын құлақ салып естіп көрейікші?

Балалар қараңдаршы мына жерде қандай әдемі гүлдер өсіп тұр?

Бақбақ

Қане кім айтады: көктем мезгілінде біз ауладан қандай гүлдерді тереміз?

Бақбақ гүлін тереміз. Дәрі - дәрмек жасау үшін бақбақтың гүлі, жапырағы, тамырын қолданады. Ауырғанда дене қызуын басып, тер шығарады, тыныш ұйықтауға көмектеседі. \бақбақ

гүлінің түсіне назар аударту, гүл өскенде дөңгелек пішінді, жұмсақ шарға ұқсайды, оны үрлесең жан - жаққа ұшып кетеді.\ Қане қолымызға алып үрлеп көрейікші

Бақбақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Сән беріп жазға,

Үлбіреп бақбақ

Шалғынды сазда

Өседі қаптап.

Ақ ұлпа қардай

Басында гүлі

Жел соқса қалмай

Ұшады түгі.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Жусан - түсі боз, иісі ащы, қышқыл емдік өсімдік. Бұл емдік өсімдік жусанның пайдасы өте зор. Оны «тазалықшы өсімдік» деп те атайды. Жусанды суға батырып, бөлмеге сепсе, оның иісіне бүрге жоламайды.

Адыраспан- улы, жағымсыз иісті жұмыр, шөп тектес өсімдік. Жоғарғы жағы көлбей, төменгі жағы жер бауырлап өседі. Ақ түсті бес жапырақшасы бар гүлі жапырақ қолтығында дара өседі. Жемісі - шар тәріздес домалақ келеді. Жол жағасында, шөлейтті, әрі құрғақ жерлерде өседі. Осы шөппен үйдің ішін аластайды. Кейде жұқпалы аурумен ауырған адамның бөлмесін аластайды. Халықтық медецинада адыраспан шөбін қышыма мен өзге де тері ауруларына пайдаланады.

Адыраспан туралы кім тақпақ біледі.

Адыраспан,

Тақырға өсер тарбиып

Тұрар бәрі арбиып

Салалы әр тұтағы

Бойына алды нәр жиып.

Біле білсең тұрағы,

Көшкен жұртқа шығады

Жаз бойы өңін өзгертпей

Сарғайып қана тұрады.

Тәрбиеші: Ал балалар қайтатын уақыт жетті. Қане барлығымыз ұшағымызға отырып балабақшаға ұшайық. Екіге үстелге бөлініп гербари жасауға кірісейік.

Гербари жасау Жусанды аққағазға желімдеу

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Сергіту сәті:

Балабала балақан,

Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат,

Былай - былай ойнат.

Ойын: «Гүл мен жаңбыр»

Дала өсімдіктері дала да жаңбырмен өседі

«Гүл мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.

Ойынның шарты: Күн шықты деген кезде, гүлдер жайнап өседі. Ал қатты жел соға бастағанда, жан - жаққа шайқалады, бір мезгілде аспандабұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастағанда, гүлдер тоңып, бүрісіп, қолшатырдың астына жиналады.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктерӘлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Өте тамаша ойынды тамаша ойнадыңдар.

Медбике: рахмет балалар, сендер емдік өсімдіктер туралы көп біледі екенсіңдер мен сендерге разымын. Осы шипалы емдік

өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болатынын сендерге мен айтып берейін. Дәрілік өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, тамыры дәрі- дәрмек жасауға пайдаланылады.

Кептірілген шөптерді, қағаз қаптамаларда, дорбашада, қораптарда не шыны ыдыста сақтайды. Егер шөп әбден кеппесе дорбаға ауа

кірмейді де, шөп көгеріп, бұзылып кетеді. Кептірілген шөптерден тұнба жасауға болады екен. \Тұнба, қайнатпа сөздерін балаларға бірнеше рет қайталату\

Кепкен шөпті ыстық суға салып, жылылап жауып, белгілі уақыттан соң суды сүзіп алса ол тұнба деп аталынады.

Медбике: түймедақ гүлінің тұнбасын жасап сүзіп көрсетеді.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Тәрбиеші: Медбике сізге көп рахмет біздің балалар дәрілік гүлдің тұнбасын қалай жасалу керектігін көрді.

Қыран бүркіт ұшып келеді:

балалар қараңдаршы бізге қыран құс ұшып келді, хаты бар екен. Хатын оқиық. Сәлеметсіңдерме балалар, менің тапсырмам бар егерде сендер менің тапсырмамды орындасаңдар сыйлыққа ие боласыңдар.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындайсыңдар ма?

Балалардың жауаптары:

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

1. Гүлдердің арасынан дәрілік гүлдерді тауып бер?

2. Бақ бақ гүлін қандай емге пайдаланады?

3. Кактус гүлі бөлмеде қай жерде тұрған дұрыс?

4. Қандай дәрілік шөптерді білесің?

5. Гүлдерді қалай күту керек, айтып берші

6. Гүлдер жайында тиым сөздер білесіңдер ме?

1. Дана көптен шығады,

2. Дәрі шөптен шығады

3. Көк шөпті жұлма

4. Көк алман үзбе

Өзі үзілер күзде

5. Өсімдік - өмір сыйлайды.

Тәрбиеші: Балалар мынау қыран бүркіт сендерге рахмет айтып жатыр, Бүркіт бірдеңе деп сыбырлап жатыр қане тыңдап көрейікші.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Балалар сендерге қыран бүркіт риза болып тұр сыйлық берем дейді. Қазір мен сендерге сол сыйлықты әкелейін.

Әлеуметтік орта Экология Тақырыбы: Дарілік өсімдіктер

Жас эколог деген медальион. Балалар сабақ аяқталды сендерге көп рахмет.







© 2010-2022