Мүсіндеу сабағы Үй құстарына жем шашайық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 5-Ақпан.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Білім Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Үй құстарына жем шашайық.

Мақсаты:

1. ермексазды шымшып үзіп алу әдісін бекіту және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру; сазбалшықты алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін үйрету;

2. тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру;

3. үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, диаметрі 5 мм болатын кішкене дөңгелекшелер, 10-20 дана; ойыншықтар - мысық, тауық пен балапан.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: дөңгелек жасау, педагогтің жасаған дайын көрнекілік материалдарын балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып, сипау арқылы сездіру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Сөздік жұмыс: шөже, жем.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Ғажайып сәт

- Балалар, естідіңдер ме? «Ко-ко-ко-ко». Бұл не?

- Бізге қонаққа тауық пен балапан келіпті.

Келіңдер, олармен амандасайық.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар, тауық қайда тұрады?

- Тауық - үй құсы. Сендер басқа тағы қандай үй құстарын білесіңдер?

- Балалар, тауық бізді ойнауға шақырып тұр.

Сергіту сәті

Ойын: «Мысық пен балапандар»

Ұзаққа кетпеңдер,

Орындықта да, жол да

Мысық ұйықтап жатыр.

Ақырын көзін ашып,

Балапандарды аңдып жатыр.

- Мяу! (Педагог ойыншық мысықпен балапандарды - балаларды қуалайды). Ойын 2-3 рет қайталанады.

Тыңдайды, сұраққа жауап береді. Бұл тауық.

Сәлеметсіз бе, тауық!

- Адамдардың жанында.

- Қаз-үйректер, күркетауықтар.

Ойынға кіріседі.

Ұйымдастырушылық -

ізденістік

Педагог үлестірмелі материалға балалардың назарын аударады:

- Мына алаңға қараңдаршы, онда жасыл шөп өсіп тұр. Тауық балапандарымен алаңға келіп: «Ко-ко-ко!» - деп шақырады.

- Менің балапандарымның тамақ ішкісі келіп тұр.

Сөздік жұмыс: шөже, жем.

- Менің балапандарым жемді жақсы көреді.

Тауық алаңнан жем іздейді, бірақ таппайды.

- Келіңдер, тауық пен балапандарға жем шашайық.

Үлестірмелі материалдағы суретті қарайды, педагогті мұқият тыңдайды

Шөже, жем сөздерін қайталайды

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Қарындары ашып қалыпты.

- Қараңдар, үстелдеріңнің үстінде ермексаздан жасалған кішкене түйіршіктер бар екен. Олардың түсі қандай?

- Одан дөңгелекшелер жасап, оны жасыл шөпке қоямыз, саусақпен басамыз. Қараңдар, міне, былай!

- Бұл - тарылар. Барлық балапандарға беру үшін көп дөңгелекше жасау керек!

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Тауық тарыны шұқып тұрып:

- Ко-ко-ко! Рақмет! Өте тәтті тарылар! - дейді.

- Сары.

Балалар өз бетінше дөңгелекше жасап, оны саусақтарымен басады. Тауықтың суреті бар көрініске бекітеді.

Рефлексиялық- түзетушілік

- Жарайсыңдар, балалар, көп жем жасап, тауық пен балапандарды азықтандырдыңдар.

Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

- Не үйрендіңдер? Естеріңде не сақталып қалды.

Балалардың жүзі қуанышты.

Үй құстары жайында.

Ермексаздан қалай тары жасайтынын үйрендік.

Күтілетін нәтиже:

- ермексаздан шымшып үзіп алып, алақанмен домалақтап, дайын бөлшектерді бір-біріне саусақпен басып жапсыруды жасайды;

- тауық пен шөжелері немен қоректенетінін, үй құстары қайда тұратынын, олардың адамға пайдасын түсінеді;

- ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қолданады;

Есеп беру:













© 2010-2022