Халықтық педагогика элементтерін баланың ана тілін қалыптастыруда қолдану

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халықтық педагогика элементтерін

баланың ана тілін қалыптастыруда қолдану.

Бала тәрбиесі ықылым заманнан бастап, адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі.Ежелгі қағида -бала тәрбиесі бесіктен басталады. Жас ұрпақтың ана тілінде тәрбиелеп, оларға білім берудің аса құнды мәдени игілік халықтық педагогиканы кеңінен енгізу бүгінгі таңда өмірлік қажеттіліктен туындап отыр.Тәуелсіздікке қол жеткізіп, тіліміз мемлекеттік мәртебеге көтерілгенін кейін тоқырау жылдарында жоғалтып алған небір асыл қазыналарымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қайта жандандыруға, дамытуға, даңғыл жол ашылды.Рухы күшті, жаны таза, шапағаты мол,жүрегі ізгілікті, тілін құрметтеп, салтын сүйетін, дәстүрін мақтаныш ететін ұрпақ өсіріп шығару кәзіргі заманның талабы.

Халық педагогика элементтерін балабақшада балалардың ана тілін қалыптастыруда қолдану кәзіргі кездегі ең маңызды да өзекті мәселелелердің ең бастысы.

Халықтық педагогика дегеніміз не?

Халықтық педагогика -кешегі өткен данагөй қариялардан, ғұлама ойшылдардан, шешен- билерден, батырлармен ақын -жыраулардан, бақсы балгерлерден, сал-серілерден мұра болып қалған ұлы тәрбие құралы.Еліміз тәуелсіздік жолына қадам басып, өшкеніміз жанданар тұста жас бөбектерді ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз негізінде тәрбиелеп, халқымыздың тәрбиелік мәні зор, ұлттық дәстүрлерді, салтты бойына сіңіру арқылы баланы ана тілінде сөйлету басты мақсат.

Ана тілімізді құрметтеп, ардақтап, аялай отырып, оны зәулім бәйтеркке теңер болсақ, оның тамыр тартар бастауы- балабақша.Сондықтанда балалабақшада балалармен осы тұрғыда сабақтар,іс-шаралар, мерекелік ертеңгіліктер өткізіп көптеген жұмыстар жүргізу қажет.

Ата-бабабаларымыздан қалған асыл мұраны, халқымыздың қасиетті өнегесін, салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын, бабалардың ақ батасын, адал тілегін, әр бір ел баласына үйрету, санасын ояту мәселесі ата-аналармен тәрбиешілердің , отбасының үлкен парызы.

Яғни бұл жерде педагог-бала-ата-ана схемасын айтуымызға болады.Егерде ата-аналар қауымыда педагогпен бірге жұмыс атқаратын болса бұл мәселе оң шешімін табар еді.Келешекте салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ана тілін жақсы меңгерген тәрбиелі, талантты бүлдіршіндер саны арта түседі деп сенемін.

Теміртау қаласы. МКҚК №5 «Сәуле» бөбекжайы .

Уйсинбаева Айнұр Баужановна



© 2010-2022