Көркем әдебиет: тақырыбы Жұмыстың бәрі жақсы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жұмыстың бәрі жақсы

Мақсаты: Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту. Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суретті сөздіктер, хрестоматия.

Сөздік жұмысы: шахтер, ұстаз, дәрігер, шаштараз.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жйлы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі.

  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, түсе бастайды, шаңбыр жауады.

Өткен оқу іс - әрекетін еске түсіру.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, қанеки бәріміз бірге жұмбақтың жауабын тауып көрейік.

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(жеміс)

Жиын - терін болатын, қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман » толатын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(күз мезгілі)

Жарайсыңдар балалар дұрыс.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз.

Қанеки мұқият тыңдаймыз.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі.

Тау-тау бөліп үйілген,

Оның қазған кендері.

Ұстаз:

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты-ғарышты,

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Сұрақ жауап

  • Өлең шумағында не жайлы айтылған?

  • Мамандық иелері туралы.

  • Балалар біздерге кім білім береді?

  • Ұстаз.

  • Автобусты кім айдайды?

  • Жүргізуші.

  • Тұрғын үйлерді кім салады?

  • Құрылысшы.

  • Балаларды кім емдейді?

  • Дәрігер.

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Мақсаты: Мамандық туралы білімдерін бекіту.

Шарты: балаларға Дәрігер, Шаштараз мамандық иелерінің ойының ойнату.

Сергіту сәті.

Қырғауыл боп ұшамыз (Екі қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкі болып ұшамыз ()

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (бәрі орындарына отырады)

Балалар сергіту сәтін орындайды.

  • Балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы.

  • Кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Мамандық иелерін.

  • Айбол айтағойшы қандай мамандық иелері бейнеленген?

  • Дәрігер және шаштаразшы

  • Қане балалар тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  • Дәрігер, құрылысшы, жүргізуші.

  • Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

  • Балалардың жауабы.

  • бала өзі қалаған мамандығын (сурет) алады да, сол мамандық туралы әңгімелейді.

Нені біледі:

Мамандық иелерін біледі.

Болашақ мамандыққы байланысты ұғымын тереңдетуді игерді.

Өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды біледі.

Альфия Құсмолданова.

Тәрбиешісі

«Қызғалдақ»балабақшасы

Көксу ауданы, Мұқыры ауылы.

»


© 2010-2022