Разработка по казахскому языку Тәуелсіздік ел мерейім!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

"Достық" балабақшасының тәрбиешісі:

Амандыкова Гульжанар Сентябрьевна



Тақырыбы: Тәуелсіздік-ел мерейім!

Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы жас-ұрпақтар осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға деген сүйпеншіліктерін туған жері мен елін сүюге,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайтып,тілдерінің дамуына ықпал ету. Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,балалар және тәрбиешілер!16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік ел тілегі »атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер. Тәрбиеші.Балалар,бүгінгі мерекемізге келген қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты, Жарқырайды еліміз. Жарқырайды жеріміз. Сәлем менің достарым. Саламатсыңдарма қонақтар! Тәрбиеші: Жаңарған берекелі еліміз бар. Даласы гүлге толы жеріміз бар. Кең өлкем байлығы мол ынтымақтың, Шалқыған айдын шалқар көліміз бар. -Бұл қай ел,балалар? - Қазақстан біздің ел. -Сендердің туған жерлерің қай жер екен балалар ? -Туған жеріміз ,Отанымыз-Қазақстан . -Елбасымыз кім? -Н.Ә.Назарбаев. -Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз мемлекет. -Қазақстанның астанасы қай қала? Астана қаласы. Жарайсыңдар балалар.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін, қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді,мыңдаған жылдың тарихы бар.Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздері:Ту ,Елтаңба, Ән ұран-халық бірлігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндетті.Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранмен бастайық. Әнұран орындалады.

Тәр: Мерует пен Амангүл Отан туралы салған суреттерін алып келеді.

Мерует: Менің атым - Мерует, тегім Сапарғали, жасым 4-те.Мен Қазақстанда тұрамын.Мен Қазақстан туралы сурет салдым. Отаным менің қуанышым.

Бақыт ел - бұл Отан,

Бұл Отанды сүйемін.

Біздің Отан - ұлы Отан,

Мен отанды сүйемін.

Амангүл: Менің атым - Амангүл, жасым 4-те. Менің Отаным - Қазақстан. Біз бәріміз тату - тәтті өмір сүреміз.

Отан - туған үйіміз.

Отан - туған жеріміз.

Отан - ортақ үйіміз.

Отан ән мен күйіміз.

Есет: Менің атым Есет. Мен 3 - темін, мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын.

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан анам отан өлкем,

Отан досым бауырым.

Тәр: Ән "Отан"

Көркем. Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік.

Ел жадында қалған күн.

Жансая: Қазақ жері - Қазақстан,

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Отаным сен - Қазақстан!

Бекжан: Көгінде күн нұрын төккен.

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем

1 - Бала: Т - білдіреді теңдекті,

2 - бала: Ә - әдептілік елдікті,

3 - бала: У - уайымсыз уақытты,

4 - бала: Е - егемен елдікті.

5 - бала: Л - дейді лағып, лепірді.

6 - бала: С - Сенімділік секілді ең,

7 - бала: І - ілтипат пен ізет қой,

8 - бала: З - зиялылық, тілек қой

9 - бала: Д - шақырады достыққа,

10 - бала І - ілкімді боп сақтыққа,

11 - бала К - дейді күн боп көктегі.

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа

( қолдарындағы шарға байлаған қағаздарын көкке ұшырады. )

Көрініс: Тәуелсіздік деген не ?

Қызы: Ата, айтшы ал енді,

Тәуелсіздік деген не ?

Тамсындырар әлемді,

Ән бе әлде өлең бе ?

Атасы: Тәуелсіздік ?

Бұл - бақыт,

Сарқылмайтын шаттық қой.

Көздің жасын құрғатып,

Келген бізге бақыт қой.

Надан болған бабақ деп,

Айта алмайды енді ешкім.

Тәуелсіздік маған кеп.

Қолын берген сөнбес күн.

( Атасы немересін ертіп, залдан шығып кетеді .)

Тәр: балалар біз егеменді еліміздің болашағымыз.

Сондықтан балалар біз тәртіпті тәрбиемізбен, сыпайы болып өсіп келеміз. Балалар, біз осы елімізді көркейтіп, гүлдендіріп қорғауға әзірміз бе?

Балалар. Елімізді қорғауға әзірміз! Олай болса хормен "Ел қорғауға әзірміз!" әні

Тәр: Әрқашан бейбітшілік заман болсын,

Ел іргесі аман болсын,

Еліміздің бірлігі мықты болсын!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын !

Ертеңге жол ашатын

Бүлдіршіндер бақытты болсын!

© 2010-2022