Ашық сабақ Білім беру саласы Денсаулық Міне біз спортсменбіз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта.

Тәрбиеші: Түгелбаева.Г.Е.

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Бөлімі: «Денешынықтыру»

Тақырыбы: Міне біз спортсменбіз.

Мақсаты: Жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, гимнастикалық орындық үстімен жүру қабілеттерін нығайту. Табанға арналған, бой түзеу және мергендік қабілеттерін қалыптастыру. Шапшаңдық, ептілік қасиеттерін дамыту, жақсы көңіл-күйлерін туғызып, достық қарым-қатынас қасиеттерін қалыптастыру. Әдіс - тәсілдер: Саяхат, көркем сөз, ғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, ойын. Қажетті көрнекі құралдар: Гимнастикалық орындық, арқан, шеңбер, топырақ салынған қапшық, кілемше, құстардың ұясы, құстардың даусы бар әуен, Барбарики әні.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс әрекеті

Себептік қызығушылы

ғын ояту кезеңі

Тәрбиеші:

-Балалар орманға саяхатқа шығамыз ба?

-Ұзын аяқ жолменен,

Шығамыз саяхатқа біз.

Тыныш, тыныш! Шуламаңдар!

Шошытпаңдар аң, құсты!

Тастардан, батпақтан

Жүруде бізге оңай.

Орман перісінен қашамыз.

Секіріп, секіріп аламыз

Тыныс алу жаттығуы. «ух-ух-ух»

- Балалар біз орманға да келіп жеттік. Орман іші қандай тамаша. Аңдар қаншама. Бірақ, мен құстардың даусын естімей тұрмын? Мүмкін, бір нәрсе болған шығар.

Дауыс: (алыстан)

- Құрметті достар, мен Белоснежкамын. Біздің орманға ашулы сыйқыршы келіп құстарды сыйқырлап, қатырып тастады. Асығыңдар! Көмектесіңдер! Күштіліктеріңді, ептіліктеріңді, шапшаңдықтарыңды көрсетсеңдер ғана құстар ән салады. Салауатты дені сау спортсмендер ғана сыйқырды шеше алады.

Тәрбиеші:

-Балалар, олай болса күшті, мықты, епті болу үшін біз қандай болуымыз керек?

(Балалар тақпақ айтады)

-Шынықсаң шымыр боларсың

Шынығып, өсіп, толарсың.

Бұлшық еттер бұлтыңдап

Жұлдыздай болып жанасың

-Көкшіл ала қызыл доп,

Басайықшы топ-топ-топ,

Шынықсаң сен егер,

Ауырмайсың әрқашан.

-Жүгіреміз, жүреміз

Шынағамыз әрдайым.

Бізге қарап шаттаныңдар.

Біз болашақ спортсменбіз (бәрі)

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар

Балалар қатарға тұрады.

Иә

Жүреді

Аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді.

Тізені көтеріп жүру.

Жүгіру

Секіру

Балалар таңырқайды.





Денсаулығымыз мықты, спортсімен болуымыз керек.

-Біз таңертең жаттығуды жасаймыз,

Шынығып, шымыр боламыз

-Спорт бізге керек.

Біз спортпен доспыз.

Спорт деген- денсаулық

Спорт деген- ойын.

Ұйымдастыру

шылық ізденіс



Тәрбиеші:

-Үш коллоннаға бөлініп

жаттығуды жасаймыз.

(Түлкі кіреді)

-Ой балалар қандай керемет! Сәлематсыздарма балалар!

Мен сендерді сыртарыңнан бақылып, тамашалап сендерге қызығып тұрмын. Сендер нағыз спортсменсіңдер ғой.

-Иә, түлкі кел сенде бізге қосыл.

-Жарайды.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

«Шырша» Б.қ. Екі қолды жоғары көтеріп,саусақтарды ашып, үшбұрыштау. 4-5р

«Шырша инелері» Б.қ. Аяқтың ұшымен отыру, қол тізеде.

Тізерлеп отыру, қол жаныңда. 4-5р

«Түлкі аң аулап жүр» Б.қ. Ішпен жату, қол иекте. Күшті саусаққа түсіру, кеудені жоғары көтеру. 4-5р

«Мырмайлар оянып жатыр» Б.қ. Мырмайлар ұйықтап жатыр. Мырмайлар оянады. Қолды жоғары көтеріп, керілу. Басты шайқау. Белді көтеріп, тізерлеп тұру, құйрықты былаңдату. 4-5р

«Тиіндер ағашқа өрмелейді» Б.қ. Аяқты ашып, қол кеудеде, саусақтар төменде. Аяқты ашып-қосып секіру.

4-5р

Тыныс алу жаттығуы. «Ренжіген кірпі» «фр-фр»

Бас төменде, терең тыныс алып, оңға-солға дем шығарып, фр-фр 4рет

Түлкі:

-Денем босап, керемет болып қалдым.

Негізгі жаттығулар.

«Гимнастикалық орындық үстімен жүру»

«Шалшықты баспаймыз»

«Арқан үстімен жүру»

«Шеңберді денеден өткізу»

«Дәл түсір»

Түлкі:

-Мен бірінші болайыншы.

(Түлкі жаттығуды дұрыс жасамайды)

Тәрбиеші:

-Түлкі, дене бітімің дұрыс қалыптасу үшін, жаттығуды бойыңды тік ұстап, қолыңды жаныңа ұстап, секіргенде қолыңды белге ұстап секіру қажет. Сонда ғана сымбат әдемі болып өсесің.

Негізгі жаттығулар орындалады.

Құстардың даусы шығады.

Тәрбиеші:

-Міне, керемет! Балалар естимісіңдер дауыстарды? Сендер күшті, мықты спортсмен болғандықтан ашулы сиқыршының сиқырын шешіп, құстарға көмектестіңдер. Енді көңіл күйлерің қалай балалар?


Түлкімен амандасады.


Тәрбиешінің нұсқауымен балалар жаттығуды орындайды.




Балалар бір қатарға тұрады.

Жаттығулар

ды дұрыс орындауға тырасады.



Бұл құстардың даусы

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі


Ендеше, біраз бой сергітіп «Құстар билейді» ойынын ойналық.

Қимылды ойын «Құстар билейді »

Әуенмен залдан шығып кетеді.

Әуенмен құстардың қимылын жасап билейді.

Күтілетін нәтиже.

Орындайды: Гимнастикалық орындық, арқанның үстімен жүру, секіру, жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, мерлеп лақтыру;

Түсінеді: Нұсқауды түсінеді, ойын шартын түсініп ойнайды.

Қолданады: Керекті құралдарды дұрыс қолдану.

.











Коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекеме

№9 «Әлия» балабақшасы



№1 Педагогикалық кеңестің ашық шарасы.

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Бөлімі: «Денешынықтыру»

Тақырыбы: Міне, біз спортсменбіз.

Тәрбиеші: Түгелбаева.Г.Е. №1 Ортаңғы «Достық» тобы











2015-2016 оқу жылы

Азамат:

-Шынықсаң шымыр боларсың

Шынығып, өсіп, толарсың.

Бұлшық еттер бұлтыңдап

Жұлдыздай болып жанасың

Аягөз:

-Көкшіл ала қызыл доп, Басайықшы топ-топ-топ, Шынықсаң сен егер, Ауырмайсың әрқашан.

Амир:

-Жүгіреміз, жүреміз

Шынағамыз әрдайым.

Бізге қарап шаттаныңдар.

Біз болашақ спортсменбіз (бәрі)




Амира: -Біз таңертең жаттығуды жасаймыз, Шынығып, шымыр боламыз.

Берік:

-Спорт бізге керек.

Біз спортпен доспыз.

Спорт деген- денсаулық

Спорт деген- ойын.

Құрметті ата-аналар!


20-Қарашада Денешынықтыру оқу іс- әрекетінен

ашық сабақ болады. Барлық бала денешынықтыру формасын

сақтау қажет. Форма ақ футболка, қара шортик, ақ носки,

чешка. Киімдеріне белгі салуларыңыз сұралады.

Топ тәрбиешілері:





© 2010-2022