Сурет салу. Әдістемелік құрал. Тақырыбы: Балықтар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балықтар

Жарияланды 23-05-2014, 04:41 Категориясы: Бала-бақша

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сурет
Тақырыбы: «Балықтар»
Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету. Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Аквариумдегі балықтарды бақылау.
Мақсаты: Балықтардың аквариумде қалай жүргізгенін, қалай қоректенгенін, түр - түсін, көлемін бақылату.
Көрнекіліктері: Суреттер, түрлі - түсті бояу, қылқалам, тұғыр, су құйған ыдыс, ақ қағаз, сүрткіш, теледидар, ДВД, картоп.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ, картоп
Бастырмасымен сурет салу, электронды құрал пайдалану.
Мотивациялық - қозғаушылық:
Су асты патшалығына саяхатқа баратындығын хабарлау.
Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су астына түсе бастайық. Су салқын. Мен түрлі - түсті балықтарды көрдім.( сегізаяқ, ұлу, тасбақа, су жыланы) Теңіз түбінде өсімдіктер де өседі екен, сумен шайқалып, қозғалып, билеп тұрған тәрізді. Қайтадан судың бетіне қарай жүземіз. Балалар көзін ашады. Су түбінен не көргендері жайлы сұрап, әр баланың ойын тыңдау.

Ұйымдастырушылық кезең:
Балалар мен бүгін сендерге сурет оқу іс - әрекетінде ненің суретін салатынымыз туралы жұмбақтап жасырамын.

Жұмбақ: Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)

- Жарайсыңдар, балалар, сендер балық туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

1. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

2. Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі.

3. Күміспен апталған,
Теңгемен қапталған.

- Жарайсыңдар, балалар, біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізде картоп бастырмасымен балықтардың суретін саламыз.
Балықтар туралы әңгімелеу. Бейнетаспадан балықтардың құрылысымен таныстыру. Жұмыс барысын түсіндіру.

Жұмыс барысы: Сулау тәсілі арқылы дәптердің бетін бір шетінен
бастап көк бояумен бояу;
Қағаздың төменгі бөлігін қою болуы үшін екінші рет қайталап көк бояуды жағу.
(Судың түбі қараңғы немесе терең)
Жасыл түсті бояу мен шөптерді толқындата сызады. (ирек, түзі, ұзын, қысқа)
Шөптердің арасына қалауы бойынша таңдап алынған картоптан жасалынған балықтар бейнесінің үлгілерін бастырады.
Бірнеше балықтардың суреттерін бастырып, басқа су асты жәндіктерін салу баланың шығармашылығына байланысты болмақ.

Сергіту сәті: Балық суда жүзеді,
Өте таза жылы су.
Бірде жазылады,
Бірде жиырылады,
Сөйтіп інге тығылады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, салған суреттерін әңгімелету.

Жетекші сұрақтар:
Қанша балықтың суретін салдың?
Балықтардың түр - түсі, көлемі қандай?
Балықтар қай бағытта жүзіп жүр?

Дидактикалық ойын: «Алтын балық»
Ойын шарты: Әр баладан көрмедегі суреттердің қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға «алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында қай бала көп «алтын балық» жинаса сол баланың үйіне қуанышты хабарлама жіберіледі.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қоршаған ортадағы тіршілік иелерін бейнелеуі;
Игереді: Ұқыпты, нәтижелі жұмыс жасауы;
Меңгереді: Сурет салудың дәстүрден тыс әдісін меңгереді.

Кері қайту

Материал рейтингісі:



© 2010-2022