Ашық сабақ Өрттен сақ болайық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

От - тілсіз жау!

Мырзахметова Меруерт

Абай ауылындығы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ Балапан тобы

Тақырыбы: "Өрттен сақ болайық"

Мақсаты:

- Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету.

- Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту.

- Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жеттік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі ережелерінің суреттері, сіріңке қорапшасы және газ.

Сабақтың барысы:

Жұмбақ:

Есіктен кіреді,

Тесіктен шығады.

(От)

Жүрген жерін жалмайды,

Тілінен жарық тарайды.

(От)

Сары атым аунаған жерге шөп шықпас.

(От)

- "От - дос, от - жау" дегенді қалай түсінесіңдер?

- "От әр түрлі болады" дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын: "Не істейді?" (жылытады, күйдіреді)

- Өрт сөндірушілердің телефон нөмірі қандай? (Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне телефон шалып, өрт сөндіру қызметің шақыру керек.)

- Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы сандарды таңдаған?(Бұл нөмір қарапайым, әрі теруге жеңіл.)

Ой тастау;

- Өртті болдырмау үшін не істеу керек?

- Абайсызда өрт шығып кетсе бөлмеден тез шығып керу керек пе, әлде өрт сөндірушілерді күткен жөн бе?

- Өрт туралы кім хабарлау тиіс; балалар ма әлде үлкендер ме? Неге?

- Өрт бола қалған жағдайда, сен үйде қалып қойдың делік, есік құлыптаулы, сенің іс-әрекетің қандай?

-Ал телефон істемей қалған жағдайда не істер едің?(Онда сен айқайлап көршілерден көмек сұра.)

- Үйден өрт шыққан жағдайда, есікті қалай жабу керек? Неге?

- Үйдің іші түтін болған жағдайда не істер едіңдер?

- Неге тасаға немесе шкафтың ішіне тығылуға болмайды?

- Егер киімің жана бастаса, не істеу керек? Неге?

- Егер інің сіріңке тауып алса, сен не істер едің? Неге?

- Білесіңдер ме, балалар, жер бетінде әрбір 5секунд сайын өрт болып тұрады екен. Өрт көп зиян келтіреді.

Мақал - мәтелдер мағынасын түсіндіремін:

1. Отпен ойнама.

2. Ойыннан өрт шығады.

3. От пен су - тілсіз жау.

4. Отпен ойнама - өртенесің.

Күз кезінде айналаның бәрі қурай бастайды. Қурап тұрған қурай, шөп от тисе болды тез өртеніп жүре береді. Бір - бірінен тұтанып талай жерлер өртеніп кетеді. Шөптің арасында талай жәндіктердің, құрт - құмырсқалардың илеуі, ұсақ аңдардың індері т.б болуы мүмкін. Олардың бәрі күйіп кетеді. Өрт - табиғаттың жауы. Ол айтып келмейді. Сондықтан да оны тілсіз жау деп атайды.

Қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды жеке атап өтіп мақтау, мадақтау.



© 2010-2022