Менің туыстарым оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тобы: Ересек «Ақкөгершін»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ән -әуез

Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Мақсаты: Музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалықесту қабілеттерін дамыту. Отбасы, туысқан деген ұғымды түсіндіріп, үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайдтық презентация, суреттер, музыкалық аспап, үнтаспа, видеотаспа.

Әдіс-тәсілі: Ән айту, би билеу, ойын ойнау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, көрнекілік әдіс-тәсілдері.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: өз туыстары туралы әңгімелеу, туысқандарға арнап өлең-тақпақтар жаттау. Жылы лебіз, тілектер айтуды үйрену.

Әрекет кезеңдері

Әуез жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық қозғаушы күш

Көңілді әуен ырғағымен балалар сап түзеп әуез залына енеді. Шеңбер бойымен жүріп, ортаға шеңбер құрып тұруын сұрау.

Балаларды санамақ айтып, көңілденуге, жаңа оқу іс-әрекетіне көңіл аударуға шақыру.

Санамақ:

Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балаң үйрек - әжем.

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек - анам.

Кішкене бөбек - мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балаларды орындарына орналастыру.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Санамақ» өлеңін айтады.

Қол қимылымен көрсетіп орындайды.





Орындарына отырады.





Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Өткен әнді қайталау:

Өткен оқу іс-әрекетті қайталау, еске түсіру. Өткен әнді орындау. «Менің әжем әдемі» А.Еспенбетова.

Жаңа тақырып: «Менің туыстарым»

Туысқандар туралы әңгімелеу. Туыстарына өлең-тақпақтар арнау.

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Мейірімді апалар,

Балалар одан бата алар.

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат анамыз.

  • Рахмет, балалар!

«Менің туыстарым» ойынын ойнау.

Туысқан ағашына туысқандардың суреттерін орналастырып қою. Балалар көздерін жұмған сәтте, бір отбасы мүшесін алып тастап, балалар кімнің жоқ екенін табады. Осылай ойын екі үш рет қайталанады. Ойынға ерекше қатысып отырған балалар марапатталады.

Музыка тыңдау: «Ата толғауы» Н.Тілендиевтің күйі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық аспаптар оркестірінің орындауында балаларға Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдатып, шығармаға аннотация жасау. Шығарманың көңіл күйін «бұлт пен күнге» теңеу арқылы табу.

Балалар хормен өткен әнді қайталап, еске түсіреді

Туысқандар туралы әңгімелеп, арнау тақпақтарын айтып береді.

Димаш

Ақжанат

Айлин



Ойынға қызыға кіріседі. Ойын ережелерін тыңдап, орындауға тырысады.



Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, әуендік динамикасын, саздық реңкін ажыратады. Аннотация жасау үшін сұрақтарға жауап береді.


  • Шығармаға билеуге бола ма?

  • Көз алдарыңа не елестеді?

Әуенді қимыл қозғалыс: «Буын қимылы»

Буын: Желбіреген тұлымдарың,

Қос өрімді бұрымдарың.

Таң қаламын билегенде

Сыртылдаған буындарың

Музыкасы: «Әке толғауы» Ж.Еңсеповатың күйі.

Ән айту: «Ақ мама» Ә.Бейсеуовтың әні.Алдымен балаларға әнді орындап беру, түсіндіру, үйрету.

(Дауыс жаттығуы)

Әнді бірнеше рет қайталатып, есте қалуға ықпал жасау.

Сергіту сәті: Видео арқылы сергіту сәтін орындау.

Дидактикалық ойын: «Өз жұбыңды тап». Балалар берілген жарты бейнелер бойынша ортада еркін билеп жүріп, өз жұбын табу.

Әнді тыңдап, нәзік әуезді сипатын ажыратады.



Буынға арналған биді қайталайды



Дауыс жаттығуын орындайды.

Әннің ойнақы, жүрдек екпінін сезініп, ән мазмұнын түсініп, орындауға тырысады.

Видео арқылы берілген сергіту сәтіне балалар қызыға кіріседі.





Рефлексивті түзетушілік

«Біздің шаңырақ»

Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар…
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылап, бекіту. Белсенді балаларды мадақтау, марапаттау.

Музыка ырғағымен залдан шығарып салу.

Балалар «Біздің шаңырақ» өлеңін жаттайды.



Музыка ойналған сәтті,қоштасып, залдан шығып кетеді

Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Ата-анаға құрмет көрсетуді, туысқандарға жақын болуды, үлкенді сыйлауды, отбасы мүшелерін ардақтай білу керек.

Меңгеру керек: Музыкалық шығарманың динамикалық ауытқуларын, саздық реңкін, әнді еркін орындауды меңгеру керек.

Жасай білу керек: Үйренген ұлттық және еркін би элементтерін музыканың ырғағына сай, дұрыс жасай білу керек.




© 2010-2022