Разработка по казахскому языку астана

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:3.07.15ж

Тобы: «Еркетай», «Ақниет», «Балдырған », «Күншуақ».

Тақырыбы:Жасай бер, жайнай бер Астанам!

Көрнекілігі:Бәйтерек суреті.

Мақсаты: Астана,елбасы туралы балаларға мағлұмат беру.

Жүргізуші: Қайырлы күн,сүйікті де,сүйкімді балалар!

Бүгінгі мерекелік шарамыз ордамыз Астанаға арналады.Балалар бүгін біз Астана күнін тойлап жатырмыз.Біздің Елбасымыз кім балалар білеміз бе?

Ендеше атап көріңіздер. Астанамыз қандай балалар?

Ендеше мерекелік кешіміздің құттықтау сөзін балабақшамыздың меңгерушісі Агыбаева Гауһар Алматқызына береміз.

Жүргізуші: Ән ұраным,жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

Әнұран айтылады.

Жүргізуші:Ән мен күйді төгілтіп

Інжу-маржан шашайық

Қонақтарды таңддантып

Өнерден күмбез жасайық

Ортада Батырлар биімен «Еркетай»тобының ер балаларын шақырайық.

Жүргізуші:Сарыарқаның төсінде

Гүл жайнаған Астанам

Ақ пейлдей арнайы

Ақ тілегім жас балам.

Ендеше «Балдырған» және «Күншуақ» тобының әдеби монтажына кезек берелік.

Жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ

Қазақ елін мойындауда дос таңдап

Елбасының еңбегімен нұрлана

Отанымның мерейі тұр аспандап-дей келе Нұр ағамызға арнаған «Ағатайым»әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Мың бұрала билеген

Бишіні кім сүймеген

Ортамызда балалар

Қырғыз елінің биімен -деп ортаға «Күншуақ»тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

Жүргізуші: Жаса ,жаса Астанам

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолың мен аш маған-дей келе «Еркетай»тобының әдеби монтажына кезек береміз.

Жүргізуші: Әуелейді асқақ ән

Болашаққа бастаған

Мәртебемсің сен менің

Айналайын Астанам-деп ортаға Сарсенов Нұралиді « Бейбітшілік жыры» әнімен шақырамыз.

Жүргізуші: Астанам -арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жасыл боп

Мен үлкен болғанда да-дей келе ортаға «Ақниет»тобының әдеби монтажына кезек берелік.

Жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра

Келесі кезекте қыздарымыздың «Домбыра»биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Біздің мерекелік кешімізге Өзбек елінің бишілері де келіпті ендеше өнерлерін тамашалайық.

Жүргізуші: Ел бөбегі бүлдіршін

Жас баламыз

Астанамыз Астана бас қаламыз

Бал бақытты баламыз

Шырқап әнді саламыз

Ортаға Айдос Айназды «Бала тілегі»әнімен шақырамыз.

Жүргізуші: Ел ордасы елімнің

Қазағымның жүрегі

Астанамды біріде

Күллі әлем біледі.дей келе Ортаға «Еркетай»тобының бүлдіршіндерін «Жастар»биімен қарсы алайық.

Жүргізуші: Тұра тұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй айтылатын жыры көп

Ерекше бір еркіндікті бауырлар

Басшымыздың бүгін туған күні- деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.

« Достық» балабақшасы











Жасай бер, жайнай бер,

Астанам!



Өткізген:

Назық Б



2014-2015жыл



© 2010-2022