«Қызыл телпек» ертегісі (Шағын орталық)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларды кейіпкерлердің рөліне, диалог түрінде сөздерді дауыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Өнерге, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Саяхат,ойын сабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс, диалог.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: орман көрінісі,әр түрлі пішіндер,бояу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Амансың ба алтын күн,
Амансың ба достарым.
Амансың ба, қонақтар,
Біз сіздерді сағындық.

Тәрбиеші: Балалар,сендер ертегілерді жақсы көресіндер ме?

Балалар: Ия

Осы кезде «Қызыл телпек» ертегісінен әуен ойнайды.Балалар тәрбиешімен бірге билейді.

Тәрбиеші: Балалар,естеріне түсті ме? Бұл қандай ертегі?

Балалар: «Қызыл телпек» ертегісі

Тәрбиеші: Сендер «Қызыл телпек» ертегісін көргілерін келе ме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Оны Қызыл телпекті қыз деп атапты. Анасы оған бір күні!

Анасы: Қызым, әжене барып, денсаулығын біліп, мына бәліш пен құмырадағы майды апарып бер. Тек орманда абайла, еш жерде кідірме және ешкіммен әңгімелеспе.

Қызыл телпек жолда әндетіп,билеп келе жатқанда,алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр: Сен кімсін? Сен қайда бара жатырсын?

Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекпін.Әжемнің үйіне бәліш,май апара жатырмын.

Қасқыр: Мен сені жібермеймін!

Қызыл телпек: Жіберші мені!

Қасқыр: Сен менің тапсырмаларымды орындасан,мен сені жіберемін.

Қызыл телпек: Жарайды

Қасқыр: Сен маған әжен туралы тақпақ айтып берші!

Қызыл телпек:

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең.

Айтып берер тағы әжем.

Қасқыр: Тақпағын жақсы екен,бірақ сен маған тағы тақпақ айтып берші!

Қызыл телпек: Не істесем болады? Достарым сендер маған көмектесіндерші.

Балалар тақпақ айтады:

1.Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

2.Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,

Кәмит алып келеді

Әжем, мені өйткені.

Өте жақсы көреді.

Қасқыр: Жарайды,бұл тапсырмамды орындадын. Жол алыс,әлі тапсырмаларым көп.

Қасқыр мен Қызыл телпек жолмен келе жатады.

Қызыл телпек пен Қасқыр екеуі жолға шығады.Жолмен келе жатса,алдарында жаңғақтар шашылып жатады.

Қасқыр: Сен маған жолды жаңғақтардан тазалап бер. Жаңғақтарды жинап ал! Бұл менің тапсырмам!

Балалар белгі бойынша жаңғақ жинайды.

Қасқыр: Достарын қандай жылдам екен!

Қызыл телпек: Міне Қасқыр біз барлығын жинап алдық. Енді мені жіберші!

Қасқыр: Жоқ,жол әлі алыс,мен сені жібермеймін!

Қызыл телпек пен Қасқыр екеуі жолға шығады.

Қасқыр: Қызыл телпек,сен енді тағы да бір тапсырмамды орында! Мен саған жұмбақ жасырайын. Енді сен менен құтылмайсын!

Жұмбақ жасыру:

Қасқыр: Менің жұмбақтарымды шешіп көріндер.

Жұмбақтар:

1.Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз)

2.Суға салсан батпайды,

Отқа салсан жанбайды. (мұз)

3.Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)

Қызыл телпек балалармен бірге жұмбақ шешімін табады.

Қасқыр: Тапсырмаларым да таусылып қалды. Жарайды сені жіберейін. (Қасқыр кетіп қалады)

Жолмен келе жатып әжесінің үйіне де жетіп қалады.

Қызыл телпек: Қалыныз қалай әже! Анам сізге бәліш,май беріп жіберді.

Әжесі: Сәлеметсіндер ме! Ормандағы тұрғындар сенің достарын саған көмектескені туралы айтып берді. Менің немереме көмектескендеріне рахмет!

Әжесі балаларға тәтті тағам береді.

Тәрбиеші: Рахмет сізге,әже! Біздің балалар сізге арнаған әні бар. Қабыл алыныз!

Ән «Әжетайым»

Қорытынды

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегіде кім туралы айтылған?

-Қасқыр не істеді?

-Балалар біз қиын жағдайда достарымызға не істеуіміз керек?

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

















© 2010-2022