Урок Обыкновенная математика

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Акбатырова Р.Б..

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: «Биік - аласа». «Сол жақта - оң жақта». Дайын пішіндерді жапсыру.

Мақсаты: Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік - аласа).

Міндеттері: Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыруды қалыптастыру (биік - аласа); қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу; бейнені толықтыру үшін дайын жапсырманы жапсыруға жаттықтыру; суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрету (оң жақта - сол жақта, биік - аласа). Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: шыршаның пішіні, үйшікке арнлаған ұшбұрышты шатыр, көк және қызыл түсті қарындаштар

Билингвальді компонент: биік-высокий, аласа-низкий, үшбұрыш -треугольник

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-Қанек, балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап бәріміз бірге «Қайырлы таң» дейік.

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білейміз!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Бүгінгі ауа-райы қандай?

-Олай болса ауа райының белгісін қояйық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен амандасады.

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

-Қар жауады, боран болады.

Балалар тәрбиешімен бірге табиғат бұрышындағы ауа-райының белгісін белгілейді.



Ұйымдастыру-шылық -ізденістік

Суретпен жұмыс:

Суретті көрсетіп, сұрау:

- Мынау ненің суреті?

-Үйлер бірдей ме, әлде әр түрлі ме?

-Дұрыс бір үй биік, бір үй аласа

-Бір-біріңе арқаларыңимен тұрыңдар. Қайсысың биік, қайсысың аласа екендеріңді байқаймыз.

Балалаға көрсету. Биік-аласа дегенді түсіндіру.

«Жолды көрсет» ойыны

Суреттен ұшбұрышты табу.

-Балалар суреттегі қай заттың пішіні үшбұрыш

-Шатыры аласа үйде Айдос, биік үйде Ақкенже тұрады.

-Айдос қандай үйде тұрады?

-Ақкенже ше?

- Мына суретте не көріп тұрсындар?

- Шырша қандай пішінді?

Билингвальді компонент: биік-высокий, аласа-низкий, үшбұрыш -треугольник

Сергіту сәті:

Оңға оңға түзу тұр,

Солға солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қараймыз

Орнымызды табамыз.

Интерактивті тақтамен жұмыс

-Үйшікте бақылдауық бақа, тышқан, қоян тұрады, ал бірақ аю сыймай қалды. Ол қай ертегіден екен?

Дұрыс, « Үйшік» ертегісі.

-Тақтаға қараңыздаршы аңдар не тұрғызып жатыр?

-Олар үй тұрғызып жатыр

-Шатыр қандай пішін?

Дидактикалық ойын: «Үйдің шатырын боя»

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Биік

-Аласа

Балалар суреттен үшбұрышты затты іздейді.



-Үйдің шатыры

Балалар сұраққа жауап береді.

Жаңа сөздерді қайталаймыз.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.



-Үйшік

-Аю

-Өйткені ол аю үлкен

-Үшбұрыш

Балалардың білімдері толығады


Рефлексиялық - түзетушілік

- Біз бүгін не туралы айттық?

-Балалар сендер қандай пішінді білесіңдер?

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

жасайды: биік-аласа ұғымдарын;

түсінеді:қағаз бетінде бағдарлай білуді;

қолданады: шатырды-үшбұрышты бояуды;








© 2010-2022