Спорттық сайыс ата -аналар арасында

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Спорттық сайыс ата -аналар арасындаЕкібастұз қаласы әкімдігібілім бөлімінің

дене шынықтыру-сауықтыру үлгісіндегі №18 «Гномик» бөбектер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Коммунальное государственное казенное предприятие

ясли-сад №18 «Гномик» физкультурно-оздоровительного профиля

отдела образования акимата г. Экибастуза





Ата-аналар арасындағы спорттық сайысы







Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты: балалар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балалар және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Сабақта келесі әндер қосылды.
4. • Би балалардың қатысуы «Қояндар»

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар және балалар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1 - жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
1. Жұлдыздар тобы
2. Бүркіт тобы

1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Дене шынықтыру мұғалімі - Юля
2. Қазақ тілі мұғалімі - Батиха Аспаровна
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие ата-анасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Спорт - денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» ата-аналар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр ата-анаға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
Жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

Жүргізуші :
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
Жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Таңғы жаттығу.
3. Секіргішпен секіру
4. Үйді сал

5. Білімді кенгуру
6. Кегілдер арасымен жүгіру
7. Жеңіске жету.

Жүргізуші: Сайысқа арнайы 2 топ қатысады.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру
Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
- Топтың аты;
- үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, өздең таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету;
Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.
1. «Жұлдыз» тобының ұраны Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
2. «Бүркіт» тобының ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!

1кезеңнің екінші бөлімі таңертеңгілік жаттығуды көрсету.
Жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
І тур. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы - баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Сәт сапар, бастаймыз!

ІІ тур: «Секіргішпен секіру»

Жүргізуші:
III тур «Сурет салу» бір ата-ана аяқ арасына допты салып ,секіріп белгіленген жерге дейін гсекіріп үйдің суретін салу.
үргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той - думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

IҮ тур: ««Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
Жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
Жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне
Жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

Енді біздің балаларымыздың сіздерге арнап дайындаған «Қояндар» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
Жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!



© 2010-2022