Ашық оқу - іс әрекеті ересек тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: Қыс туралы түсіктерін кеңейту, балалардың сөйлеу әрекетін,тілін есте сақтау қабілетін, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу,сөздік қорларын молайту .Табиғаттың әдемілігін сезіне білуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнкеілік: суреттер, слайд, дәптер,қалам,желім,мақта, қол сүртетін қағаз,қима қағаздар т.б

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: бояған, шебер

Билингвальді компонент: қыс-зима, қар-снег

Шаттық шеңбері:

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Кіріспе әңгіме:

Сиқырлы қалам мен сұрақ қою

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

-Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұндайды?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қазір біз ақын аталарымыздың «Қыс» деген өлеңімен танысамыз.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

Сөздік жұмыс:

Бояған-біреу әдейі ақ түске бояп қойған деген мағнаны білдіреді

Шебер-бәрін дұрыс жасаған мағынасында

-Балалар осы өлең шумақтың ішіндегі Бояған,шебер сөздеріне дыбыстық талдау жасайық.

-Бояған: бо-я-ған үш буын, алты әріп,жеті дыбыс бар

Өткен оқу іс- әрекетімізде қандай дыбыспен және қандай әріппен таныстық?

Ғ-аузымыз сәл ашылып, өңештің көмегі арқылы айтылады

Бояған сөзінде ғ дыбысы қай жерінде орналасқан.

Ал енди осы сөзді біз текше арқылы жазып көрсетсек.

Дұрыс балалар,бұл сөзде неше дауысты неше дауыссыз дыбыс бар екен.

-Шебер: ше-бер екі буын, бес әріп, бес дыбыс

Р дыбысының айтылу артикуляциясы назар аударамыз.

-ерін аздап дөңгеленіп тұрады

Тілімізді жоғарғы тістің түбіне қойып Р дыбысы айтылады.

-Дауысты дыбыстар қандай түсті текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыстар қандай түсті текшемен белгіленеді?

Сергіту сәті:

Видео рольик

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Ғажайып сәт:

Бораның дауысымен Аққала кіреді

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсің бе Аққала сіз қайдан жүрсіз?

-Мені боран сендерге әкелді, сендер бүгін қызықты сабақ өтіп жатыр деп естідім .

-Балалар мен сендерге жайдан жай келмедім өзіммен бірге қызықты ойынымды әкелдім

Ойын: «Аққала құрастыру»

Ойынның шарты: Мына қима қағаздардан музыка әуені аяқталғанға дейін аққала құрастыруымыз керек

Екі топқа бөлініп,қай топ бірінші, жылдам жұмысын аяқтайды екен.

-Аққала біздің балаларымыз тек қима қағазды құрастырып қана қоймай сонымен қатар шығармашылық қабілеттерінде байқап көріңіз.

-балалар осы екі топ болып ұжымдық жұмыс жасаймыз.

(балалар музыка әуенін тыңдап отырып тапсырманы орындайды)

1.топ: Аққаланы мақтамен жасайды.

2.топ: Аққаланы қол сүртетін қағазбен жасайды.

Жұмыстарын аяқтаған соң балалар қалай жасағаны туралы айтып кетеді

Аққала: рахмет балалар қыстан ауырмай жаксы шығыңдар сау болыңдар

-Балалар бүгінгі оқу іс әрекеті ұнады ма?

-Балалар қыстың ерекшеліктерін айтып кетейікші?

-Бүгін Абдрахман Асылбековтың қандай өлең шумағымен таныстық?







© 2010-2022