Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ Пайдалы қазбалар тақырыбына

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның жер байлығы.

Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология»
Әдіс -тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ -жауап және ойын.
Көрнекі -құралдар: Қазақстанның картасы, ваттманға салынған ҚР картасы,
Көмір, күріш, бидай, мақта суреттері, пидалы қазбалар туралы слайд, қызыл қағаздан қиылған жүректер, желім.

Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.

Ұйымдастыру кезені: Балалар музыка әуенімен залға кіріп, амандасады, шеңберге тұрады.

Эльвира: Ұ.о. іс-әрекетін «жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.
- Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Достарыңмен жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)
- Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы
- Қазақстандық болған жақсы ма? ( бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы

Балдар орындарына отырады.

Эльвира сайқымазақтың киімін киюге шығады.

Шолпан: Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады?

-Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? (елтаңба, гимн, туымыз)
- Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
- Балалар, сендердің біз қай қалада тұрамыз, барамыз? (Ақтөбе қаласында) Қазақстан республкасының рәміздері,отан, тіл , туралы кім тақпақ біледі?

Әділет:

Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.

Н. Диас
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Айдос
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі

Наргиза
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Мадияр
Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.

Д Диас
Отан деген -Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан -ана,отан -үлкен,
Қазақстан - туған ел.

Фатима

Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.

Сайқымазақ: Балалар сәлеметсізбе! Мен сендерге қонаққа келдім, мен сендер сияқты білімді ақылды, ұқыпты бала болғым келеді.Меннен бәрі еліміздің басшысы кім? деп сұрайды бірақ мен білмеймін, ал сендер білесіндер ме?Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы

Сайқымазақ:Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Бақдәулет
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

Ойын:«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын, ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады.
Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.

Картамен жұмыс: Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. - Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру)
Слайд

- Қарағандыда не өндіреді? (көмір) (буклеттен Қарағандыны көрсету)
- Көмірді не үшін қолданады? (үйді жылыту үшін)
- Оның қандай қасиеті бар? Жанама, жанбай ма?(жанады)
- Көмірдің түсі қандай? (қара, жылтыр)

Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі. (Буклеттен суреті көрсетіледі) Нағыз күріш көрсетіледі. Күріштің пішіні қандай? (сопақша) Күріштен тамақ жасайды.


Қостанайда бидай өсіріледі. Бидайдан не жасайды?Бидай пішіні қандай? (дөңгелек) Буклеттен көрсету.



Атырауда мұнай өндіреді. Мұнай түрі қара болады. Одан парафин, свеча-шамшырақ, жарық сөнгенде пайдаланамыз, торт безендіру үшін қолданатын свечаларда қолданады.Осылардың бәрін мұнайдан алынады. Буклеттен мұнай өндіретін мұнара суреті көрсетіледі.


Шымкентте мақта өндіреді, картадан көрсетіледі. Нағыз мақтаны көрсетіп, түрі сұралады. Мақтадан не жасайды? (көрпе, жастық т.б)

- Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.

Шолпан: Балаларға сұрақ -жауап: Кім қане, қай қалаға, ата -әжесіне немесе туған -туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді. Сол қалаға белгі қояды -жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады.


Сайқымазақ:- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.
Баласымын даланың
Туғаннан датсыз қарамын
Қыс келсе үйді жылытып
Пештен -пешке жанамын. Ол не? (көмір)
- Жұмбақтың шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың тұсына қояды.

Алтын, сары тоны бар
Қауызында дәні бар (бидай) - Қостанайдың тұсына қояды.


Күнді сүйемін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп мол өнім
Ала жаздай су іштім (күріш) -Қызылорда тұсына қояды.


Шолпан:- Жұмбақты жақсы шештіңдер. Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары , қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек. Сондағана адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер. Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сайқымазақ қонағымыз сендерге алып келген жүрек жылуын сендерге сыйлап, сендер өзінің кішкетай таза жүректерінің жылуын туған жерімізге сыйлап, арнап, өз тілектеріңді тілеп, картаға жапсырырасындар. (Балалар қағаздан жасалған жүректерді картаға жапсырып тілектерін білдіреді).

Қорытынды: Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер.Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? (жерден аламыз) Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.

- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті апайлар ! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ Пайдалы қазбалар тақырыбына

Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ Пайдалы қазбалар тақырыбына



Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ Пайдалы қазбалар тақырыбына

Мектеп алды даярлық тобында ашық сабақ Пайдалы қазбалар тақырыбына

© 2010-2022