Қоршаған ортамен таныстыру: тақырыбы Құстар біздің досымыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құстар біздің досымыз

Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен
таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,олар-
ға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін
толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-
ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды
табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білім-
дерін толық ұғымға жетілдіру.
Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар,құстар жайлы
диафильм,үнтаспа,ойындар,үш қорапша,тапсырмалар,қаз бен тауықтың қауырсындары,ақ қағаз,күнбағыс майы,су.
Сабақтың барысы: Көңілді әуен ойнайды,сол кезде ортаға
« Көктем» мезгілі кіреді.
Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып,
әдемі құстарымызды қарсы алайық.
Үнтаспадан жәй әуенмен «Құстар әні» орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын
қағып залға кіреді да,әр ағаштың түбіне барып қонады.
Көктем: Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске тү-
сірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)

Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)

Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)

Тақылдатып,мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

( теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі)
Көктем: Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың
атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тыр-
на,қараторғай,аққу).
Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
Көктем: -Көктем құстарын кім атайды?
Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.
Көктем: - Осы құстар нені қорғайды?
Балалар: - Ағаштарды.
Көктем: - Ағаштар не үшін керек?
Балалар: - таза ауа шығарады.
Көктем: - Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар
тыныс алу жаттығуын жасайды)
Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер
кім айтады.
1-бала: Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.

2-бала: Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.

3-бала: Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын,жегейсін
Үйшік жасап берейін.

4-бала: Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Көктем: Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады.
5-бала: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары ұшса күн жылы болады.
6-бала: Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.
7-бала: -Құстар-достар.Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда
жақсылығыңды өтеп береді.
Көктем: Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.
8-бала: Құсқа тас лақтырма.
9-бала: Құстардың жұмыртқасын жарма.
10-бала: Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.
11-бала: Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың.
Ғажайып сәт: «Ақ көгершін» әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.
Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,
сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.
Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар,сол
жұмыртқаны жарып ашсаңдар ішінде сендерге арналған тапсырма- лар бар.
1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-
дер ? Кәне,атаңдаршы.
Балалар: «Етек-етек», «Ұшты-ұшты», «Жүргізуші мен торғай»,
«Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар», «Үкі мен құстар».
2-тапсырма: Мен сендерге жаңадан бір ойын алып келдім.
Д/О: «Құстар-балықтар-аңдар»
3-тапсырма: Менімен бірге қыздар «Көгершін» биін билеп берсін.
(сол кезде көгершін байқаусызда бұтаққа шалынып құлап,
қанатын жаралап алады)
Көгершін: - Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен
жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші.
Маған достар керек.
Көктем: Көгершін сен ренжіме, біздің балалар саған достар тауып береді.
(балалар бірнеше қиынды бөліктерден құстарды құрастырады).
Көгершін: -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала
екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.
Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.
Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол!
Көктем: - Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?
Шолпан: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.
Досжан: Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.
Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына
көмектеседі.
Ядгар: Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем
беруіміз керек.

(Тәжірбие - зерттеу жүмыстарын жасау)
Көктем: Балалар,мен сендерге осы құстардың қауырсынынан
тәжірбие жасап көрсетемін.Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны,яғни қанаттары,оларды көріп,тексереді,сулайды,нелік- тен қаздың қауырсынында су тоқтамайды.Ақ қағазға күнбағыс майын жағып,сулайды,не болғанын тексереді.
(су қағаздан сырғанап,қағаз құрғақ болып қалады)
Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы
ішкі майлы бездері болады,олар сол майды тұмсықтарымен жүн-
деріне майлайды.
Викториналық сұрақтар:
1. Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)
2. Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
3. Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)
4. Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)
5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
6. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
7. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
(Балалардың жұмыстары,құстарға ұя жасап,ағаштың басына ілу).
- Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
- Ұнады.
- Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?
- Құстар туралы әңгімелестік,тақпақтар айттық,мақал-мәтелдер,
құстар туралы тыйым сөздер айттық.
- Қонаққа Көгершін келді,бізге тапсырмалар алып келді.
- Ойын ойнадық.
- Өте жақсы балалар.
Көктем: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаш-
тардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай
түседі.Олай болса,сабағымызды «Көктем» әнімен аяқтаймыз.
І-шумақ: Көктем келді,құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түстенді,
Былтыр кеткен қаз-үйрек.
Ля-ля-ля,ля-ля-ля,
Былтыр кеткен қаз-үйрек.
ІІ-шумақ: Алақай-ау,балақай,
Қандай жақсы көктемгі-ай!
Гүлге оранды далалар,
Келді ауылға көп торғай.
Ля-ля-ля,ля-ля-ля,
Келді ауылға көп торғай.


Қоршаған ортамен танысу

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекеті: Қоршаған ортамен танысу

Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету. Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Өлеңдерді пайдалану арқылы сөздік қорын байыту, байланыстырып, сөйлеуге үйрету.Табиғатқа деген мейрімін ояту, адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: құстар суреті, құстар

І.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер

Амансыңба, асыл күн!

Амансыңба , асыл жер!

Амансыңба, көк аспан!

Амансыңба жан досым!

Жылуыма жылу қос , міне менің қолым

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз

Бірге балық аулаймыз міне , біздер қандаймыз!

Т: Балалалар бір жылда неше мезгіл бар?

Б: 4 мезгіл бар, жаз, көктем, қыс, күз

Т: Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

Б: Көктем мезгілі

Т: Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?

Б: Күн жылынады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады, шөп, гүл өседі.

Т:Балалар біздер құстың көп түрлерін білеміз, қане атап берейікші?

Б: тырна, аққу, тоқылдақ, бұлбұл, сауысқан т.б

Балалар бәріміз құспыз, енді балалар өздерің туралы өлең айтып беріңдерші.

Даниял- тоқылдақ

Дәрігермін орманға.

Құрт , шіркей көп бұл маңда

Тоқылдатам жатпаймын

Ағаштарды баптаймын

Гүлжанат - қарлығаш

Мен досыңмын- қарлығаш

Есігіңді аш, ауланы аш

Досың бола аламын

Сендердей жақсы баланың

Аслан - қарға

Қарға, қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боранды күні жел соқса

Бұтаға келіп қорғалар.

Назерке-аққу

Әй, аққулар, аққулар

Күн алыс па, жақын ба?

Қайда қанат қақтыңдар

Онда- мұнда көл бар ма?

Айтыңдаршы аққулар.

Нұүрхат - тауық

Қыт- қыт етеді

Кезіп жүріп көшені

Жата қалса орнына

Ақ доп дастап кетеді (тауық)

Алмат - бүркіт

Бала тау- тас тұрағы

Көзі өткір қырағы

Қасқыр түлкі- бұғыға

Шабуылға шығады.

Рақымжан - торғай

Шыр - шыр еткен торғайды

Қорғамасақ болмайды

Кіп - кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды

Жақсылық- Үкі

Күндіз ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды

Айбол-

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған

Күттім қашан сайрауын.

Т: Балалар, енді «Құстарды құтқарамыз» ойынын ойнаймыз.

Ағаш түбінде ұя, ұяда балапандар бар.Ұяға қарай жылан ысылдап жылжып барады.Қалай құтқарамыз? Мына жұмбақты шешсеңдер құстар құтқарылады. Егер шеше алмасаңдар, жылан құстарды жеп қояды.

1.Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп

Тоқ- тоқ соғады (тоқылдақ)

2.Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрады

Құйрығы ұзын, өзі ала

Бұл қай құс? (сауысқан)

3.Көктемде келіп, күзде кетеді

Жазда бақта әндетеді ( Бұлбұл)

4.Күндіз тіпті ұшпайды

Түнде тышқан ұстайды

Көзі шамға ұқсайды (үкі )

Т: Өте жақсы балалар, сендер құстарды жыланнан құтқардыңдар.

Рахмет сендерге!

Қорытынды:

Т: Олай болса ант етейікші

Б: Құстарды атпауға

Балапанын сақтауға

Ант етеміз!

Бейбітшілік туралы ән айтамыз «Ақ көгершін»

Сау болыңыздар



Тақырыбы: «Құстарды аялайық»

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімдері: Қоршаған орта

Мақсаты: а)Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. б) Сурет бойынша әңгімелей отырып тілдік қорын жетілдіру.Ойлау есте сақтау қабілетін дамыту. в)Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: үй құстары мен дала құстары.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта,музыка,өзін-өзі тану,жапсырма.

Қостілділік компонент \ билингвальный\: көктем-весна, құстар-птицы, қарлығаш-ласточка, тоқылдақ-дятел, тырна-журавль, тауық-курица, әтеш-петух,ұя-гнездо. Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Қызығушылықты ояту

Балалармен амандасу.

Психологиялық сәт:

-Балалар көңіл-күйлерің калай.?

-Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер?

-Ренжігенде ше?

-Таң қалғанда ше?

-Қуанғанда?

Ал балалар, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап жылы лебіздерімізді білдірейік.

\шаттық шеңбер\

- Жақсы - Қол шапалақтаймыз\ қолдарын шапалақтау\

- Қабақ түйеміз\қабақтарын түю\

- Таңырқаған кейіп көрсетеміз.\бір -біріне таңырқап қарау\

- Күлеміз. \бір -біріне қарап жымияды\

Жарқын,жарқын үніміз

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің


© 2010-2022