Утренник на тему: Жаңа жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұлақбаева Г.М. тәрбиеші

Жаңа жылдық мереке

Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген.Шығыс әуені қосылып тұрады. Залдың бір бұрышында төсекте Шах жантайып жатыр. Күтушілері екі жақтан желпіп тұр.

Шах: Уәзірлер қайда?

Залға жүгіріп екі уәзір келеді де, Шахқа құрмет корсетіп,бас иеді.

1 уәзір: Ұлылығыңызға бас идім!

2 уәзір: Мәртебелім!Сарайға Шахерезада өзінің мың бірінші ертегісін айтуға келіп тұр.

Шах: Кіріп,өз орнына жайғассын.

Уәзірлер бастарын иіп, залдан шығып кетеді.

Залға Шахерезада кіріп, Шахтың жанына тізе бүгіп отырады.

Шах: Бүгін бізге қандай ертегі дайындадың?

Шахерезада: Сәлеметсізбе,мәртебелім. Бүгін мен сізге Жаңа жылдық ертегі айтып беремін. Ғажайып тосынсыймен:

  • Алыста ма әлде жақында ма бір орманда шал өмір сүреді екен. Сол шал барлығын тоңдырып, аяз шакырып,қарды боратады екен. Сол себепті оны барлығы да Аяз Ата деп атап кеткен.Аяз Ата жаңа жылда түтін үйлерге келіп,балаларға сыйлықтар таратып,адамдарға қуаныш сыйлап,бақытқа бөлейді екен.

Шах: Олай болса, жаңа жылды біз де қарсы аламыз.

Шахерезада: Олай болса, сарайға бүкіл қала тұрғындарын шақырайық.

Залға музыка ырғағымен балалар кіреді де, орындарына тұрады.

Шахерезада: Жаңа жыл кешіне киініп келуге бұйрық берілген, қыздар үстіндегі жабындыларын лақтырып тастайды. Барлығы аң-таң болады. Енді кешімізді бастаймыз.

Балалардың тақпақтары.

  1. Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді,анамызды

Қонақтардын бәрінде.

  1. Волшебный праздник Новый год

С нетерпеньем каждый ждет!

Верят взрослые и дети

В сказку лучшую на свете!

  1. Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Әке,шеше,аға,апа,

Құтты болсын Жаңа жыл!

  1. Знаем мы,что чудо будет

Дет Мороз уже в пути!

Каждый день мы вспоминаем -

Лучший праздник впери!

  1. Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын - жарқын ән салып,

Жалғасадыжырға жыр.


  1. Елочка, ты, елка

Елка просто диво.

Посмотрите сами

Как она красива!


  1. Жасыл шырша жайнаған

Жарқыраған нұрменен

Қандай ғажап айналам

Құлпыраған гүлімен


  1. Жасыл шырша жанында

Айнала ойнап ән салам

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы алам


  1. Жасыл шырша жанында

Қол ұстасып тұрайық.

Өлең айтып, би билеп,

Мерекені тойлайық

Ән: «Жаңа жылым келді еліме»

Балалар орындарына отырады. Төрт қыз тізе бүгіп шыршаның жанында отырады.

Шах: Уәзірлер қайда?!

Екі уәзір жүгіріп шығады.

Шах: Аяз атаны менің сарайыма жеткізіңдер.

Шахерезада: Ұлы мәртебелі падишам, Аяз Атаның жанында әдемі қыз немересі - Ақшақар болуы керек. Онсыз мерекені карсы алалмаймыз.

Шах: Ендеше, Ақшақарды да сарайга алып келіңдер!

Шахтың кыздары бір-біріне:

  1. Ақшақар деген кім?

  2. Өзінің бетінде қан жоқ аппақ біреу дейді гой.

  3. Үнемі бір шалды жанына ертіп жүреді дейді.

  4. Ұятсыз,тіпті бетінде жаппайды екен.

Төртеуі бір-біріне қарап,таңданып, «Масқара» деп бастарын шайқайды.

Уәзірлер: Аяз Ата мен Ақшақарды қайдан табамыз?

Шахерезада: Оларды табу үшін бізге шамандар көмектесетін шығар.

«Шамандар» биі

Шахерезада: Сіздерден көмек сұраймын деп тұрмын. Сіздер сиқыр тілін білесіздер ғой. Аяз Ата мен Ақшақарды қайдан табуға болады?

Шамандардың бірі: Оларды суықтан, Аязды жерлерден іздеу керек.

Шамандар орындарына отырады.

Шахерезада: Еш нәрсе түсінбедім.

Шах: Уәзірлер қайда?!

Шахерезада: Мәртебелім, ашуланбаңыз, біз сіздің көңіліңізді көтеріп, ән салып берейік.

Балалар орындарынан тұрады.

Ән:«Көк шыршамыз ырғалып»

Балалардың арасынан біреуі (ортаға шығып): Мен білемін, мен білемін! Аяз Атаны ағылшын жерінен іздеу керек. Ол жақта оны Санта Клаус деп атайды

Шахерезада: Олай болса, сол жақтан іздейік.

Балалар орындарына отырады

Ағылшын тілінде қойылым.

Шахерезада сол балалардан: Аяз Ата мен Ақшақарды көрдіңіздер ме??

Балалар: No,no - деп жүгіріп орындарына отырады.

Шах: Уәзірлер қайда?! Неге менің бұйрығымды орындамайды?

Уәзірлер жүгіріп , ортаға шығады да тізерлеп отырып, кешірім сұрайды.

Уәзірлер: кешіріңіз, ұлы мәртебелім. Осы кезде телефон шырылдайды.

Шахерезада телефонды алып,сөйлескендей сыңай танытады.

Шахерезада: Хабарласқан Али баба ғой.

Шах: Шақырма, шақырма, Али баба жанындағы қырық бұзықты әкеліп, сарайдың ойран топырын шығарады.

Шахерезада: Али баба бізге Аяз атаны қайдан табуға болатынын айтты. Аяз атаны орыс жерінен,аязды даласынан, қарлы қырларынан, боранды сайларынан іздеу керек. Олжақта оны Дедушка Мороз деп атайды.

Орыс тілінде қойылым. «Орыс қысы»слайд көрсетіледі.

Ән: «Вьюженька»(жеке орындалуда)

Залға жүгіріп екі гномик кіреді. Сұлтанның әнімен («Если б я был султан»- «Кавказская пленница» к/ф) Дорбаға орап беті жабылған Ақшақарды алып кіреді де:

1 гномик: Красавица, на всей земле одна такая.

2 гномик: Всякая настоящая женщина-по одной штуке бывает.

1 гномик: Это- точно.

2 гномик: Добро пожаловать,красавица!

1 гномик: Располагайся, будьте как дома.

2 гномик: Хотите щербета?

1 гномик: А может персиков?

Шахерезада: Ақшақар деген осы ғой.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,ештеме түсінбедім, балалар қайда?Бүгін Жаңа жыл түні ғой.

2 гномик: Зачем дети,когда есть такой красивый мужчина?(показывает себя)

Шахерезада: Сәлеметсің бе ,Ақшақар. Сені әзер таптық қой. Сені өз сарайымызға Жаңа жылды қарсы алуға шақырамыз.

Два гномика вместе: Нет, нет красавицу нашу мы не отдадим.

Шахерезада: Олай болса, біз ойын ойнайық. Кім жеңсе, Ақшақар солармен бірге Жаңа жылды қарсы алады.

Ойын: «Кім епті»

Ақшақар:Армысыңдар,достар!

Өздеріңді сағынып көруге зармын.

Аппақ қыста албыраған жүздеріңнен

Сүйіп-сүйіп алуға бармын.

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Шахерезада :Ал,Аяз ата қайда?

Ақшақар:Аяз ата мені іздеп,өзі де іздеп келер.Ол үшін балалар шапалақтау керек

Балалар шапалақтайды.Залға Аяз ата кіреді.

Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме,балғындарым,

Өмір гүлім шалғындарым.

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулықтарың.

Ақшақарды көріп:Қызым,сен осында екенсің ғой.Сені адасып,әзер таптым.

Ақшақар:Аяз ата,болар іс болды,енді халықты күттірмей Жаңа жылды қарсы алайық.

Аяз ата: Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.

Құтты болсын Жаңа жыл!

Баяғы сол,Ақсақалмын,

Бірақ әлі жастаумын.

Сендерменен қосылып,

Билеп беруге бармын.

Шахерезада:Аяз ата,Ақшақар,сіздерді әзер дегенде таптық қой.Енді ән салып көңіл көтеруге болады.

Балалар орындарынан тұрады.

Ән: «Аяз ата»

Балалардың тақпақтары.

10.К нам пришел Дед Мороз

Будем веселиться.

Будем петь и плясать

С музыкой кружиться.

11.Көрдің бе,Аяз таны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны.

12.Дед Мороз танцует с нами

Веселить сегодня всех.

И под елкой раздаются

Прибаутки,шутки и смех!

13.Сақал ақ,мұрны қызыл,

Жылы екен жүзі де.

Бізге қарап күлімдеп,

Тұрады екен көзі де.

14.Елочка,елочка,

Вот она какая.

Стройная,красивая,

Яркая,большая.

15.Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен кұтіп сағынған.

16.Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

17. Аяз ата келеді

Бізге кәмпит береді.

Біз кәмпитті жейік

Рахмет ата-дейік.

Балалар орындарына отырады.

Ойын: «Кім жылдам»


Шах:Енді көңіл котеруге болады.олай болса,бел жазып билейік

« Қазіргі заман»биі


Балалар орындарынан тұрады

Ән: «Келді міне Жаңа жыл!»


Шахерезада: Осымен Жаңа жылдық ертегіміз тәмам. Барлықтарыңызға Жаңа жылда Жаңа табыстар тілейміз!!!




© 2010-2022