Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу. Тақырыбы: Мен анама көмектесемін

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: қазақ тілі

Тақырыбы: Мен асүйде анама көмектесемін.Азық-түлікті пайдалануға дайындау ережелері: жуу,пісіру,тазалау.

Мақсаты: азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережелерімен таныстыру;себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету.

Гигиеналық дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту,ұсақ қол қимылдарын жетілдіру,зейіндерін шоғырландыру.

Еңбек сүйгіштікке,мейірімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Мейрам,тосап.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: Қуыршақ, «Аспаз» дидактикалық ойын,азық-түлік суреттерінен слайд.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды қарсы алып,орындарына жайғастырады. «Күлімдеу» ертеңгілік жылулық шеңберін өткізеді.Аспаздың қонаққа келгенін айтып,тосынсый сәтін өткізеді (қуыршақты пайдалануға болады).

Шеңберге тұрып,бір-біріне күлімсірей қарайды немесе бетбейнелерді (смайлик) пайдалануға болады.

Ұйымдастыру-іздестіру.

Аспаз балаларға М.Дружининаның «Сыйлық» өлеңін оқып береді.

Ертең мейрам,туған күні анамның,

Қалайша мен сый жасамай қаламын?

Осы жайлы күндіз,түні ойландым,

Сосын кампот дайындауды қолға алдым.

Дәу ыдысқа жаңғақ пенен бал салдым,

Жүзім,тосап,бір келідей қант салдым.

Тәтті болсын деген оймен әлі де,

Сәбіз,банан,қияр қостым әлгіге.

Су құйдым да газға қойдым,жайландым,

Бірінші рет сөйтіп кампот қайнаттым.

Кереметтей сыйлығым бос қала ма?

Ыдысқа сап алып келдім анама.

Жан анашым күлімдеді,таңғалды,

Дәмін көрді,...аузын басып,шашалды.

Деді сосын: «Айналайын қарағым,

Кереметтей дәмді бопты тағамың!»

(Ауд. Г.Абдрахимова)

Мазмұны бойынша әңгіме өткізеді,азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережжелерімен таныстырады.Азық-түліктерді дұрыс сақтамау мен оларды дұрыс дайындаудың зардабы туралы әңгімелейді.

Сергіту сәтін өткізеді.

«Аспаздар»дидактикалық ойын ұйымдастырылапды.

Слайдты көресте отырып азық-түліктер туралы жұмбақ жасырады.

Жұмыс дәптеріндегі азық-түліктерге байланысты тапсырмаларды орындатады,әңгіме өткізеді.

Өлеңді тыңдайды.











Әңгімеге қатысады.



Сергіту жаттығуларын орындайды.

Сюжетті суреттерді ретімен қояды:жуу,тазалау,турау,пісіру,

дастарқанға қою.

Жұмбақтарды шешеді.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік.

Балаларды шеңберге тұрғызып,ненің ұнап,ненің естерінде қалғанын сұрайды.Қонақтың кететінін айтып,қоштасып,шығарып салу қажеттілігін ескертеді.

Балаларды мадақтайды,бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғыс айтады.

Шеңберге тұрып,өз әсерлерімен бөліседі.Қонақпен сыпайы түрде қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:

Азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережелерін,олардың аттарын білу.

Түсінеді:

Тағамнан уланудың алдын алу ережелері туралы,дәрумендер мен олардың пайдасы туралы түсінікті.

Қолданады:

Азық-түліктерді пайдалануға дайындауды.себеп-салдар байланысын анықтауды.



© 2010-2022