Көркем әдебиет. Үйшік ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балауса» балабақшасы













Ашық сабақ

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

















Өткізген: Болыспаева Т.А.









Қабанбай батыр ауылы, 2016.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлім: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Үйшік ертегісі.

Мақсаты: Ертегі желісі арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, кешірімділік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу. Ертегі арқылы тілдерін жетік меңгерту.

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Көрнекілік: Ертегі үйшік, аңдар маскасы, орман суреті мен жануарлары.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

Балалардың іс - әрекеті.


Мотив

ация

лық -

таным

дылық

-Қайрлы таң, балалар!

-Күлімде күн, күлімде.

Жер жасарып көгерсін,

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

-Күлсін барлық бала шат,

-Бейбіт болсын болашақ,

-Бірге жүрсін бүлдіршін,

-Көк аспанда күн күлсін,

-Қыз қолында гүл жүрсін,

-Ұл қолында ту жүрсін,

-Дендеріңіз сау болсын,

-Әрқашан күліп жүріңіздер,

-Армандарыңыз орындалып,

-Ешқашан кәртаймай,

-Қуанышты күнде,

-Күлісіп қана жүрейік!

Қайырлы таң Тойжан Алтайқызы!


Тамаша!







Ұйым

дастыру

шылық - іздену

шілік

-Балалар бүгін сендермен қарағай орманына саяхатқа шығамыз, менімен серуендеуге дайынсындар ма?

-Ендеше көздерімізді алақандарымызбен жұмып сыйқырлы сөзімізді айтайық!

-О о міне керемет! Біз орманғада әп сәтте жетіп қалдық! -Балалар қараңдар мен хат тауып алған сияқтымын. Оның ішінде не бар екенін қазір оқып көрейін.

Хат.

Құрметті орман саяхатшылары! Егер сіздер бұл хатты тауып алған болсаңдар, сіздерді мен орман аңдарының керемет үйшігіне қонаққа шақырамын. Менің мекен- жайымды тез табу үшін, жол бойындағы бірнеше тапсырмамды орындап келсеңдер үйшігім алдарыңнан шығады.

1.Хат жатқан шыршаның түбінен оңға екі қадам, солға бір қадам жасап, алдыңдағы шыршаның түбіндегі сандықшадағы бірнеше жұмбақты шеш.

Жұмбақ.

Тікен, тікен, тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

(шырша)

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян)

Тарпаң, тарпаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.

(бақа)

2.Сол шыршаның түбінен алға бір қадам басып тастың астындағы тапсырмамды орындаңдар!

  • Орман аңдарының қыймылын жасаңдар.

3. Сол жақтағы шыршаның түбінен кітап іздеп көріп қызықты ертегімді оқыңдар.

4.Қастарыңдағы шыршалардың түбінен аңдар маскасын тауып алыңдар, оның аттарын ата.

«Үйшік» ертегісін оқып, мазмұнын сұрақ жауап арқылы сұрап, оны балалар сценарилеп береді.

Тақпақтар:

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Дос дегенің Өмірдегі - тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі - жүрегің.

Егер досың адал ниет жан болса

Орындалар армандаған тілегің!

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын жақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл - қыздар,

Тату - тәтті ойнаймыз!

-Балалар сендердің жүздеріңе қарсам көңілденіп қалғандарың көрініп -ақ тұр! Бірақ біздің балабақшағада кететін уақытымыз таяп қапты. Тобымызға барып ертегіні ары қарай жалғастырайық!

Бір,екі,үш,

Таңғажайып күш,

Көкке қарай ұш!

Әриен дайынбыз!

Бір,екі,үш, Таңғажайып күш, көкке қарай ұш!




Жауаптарын айтады.




Аю маң маң басады. . . жаттығу жасайды.

Көрініс қояды.

Маскаларды ізде, тауып алады. Сипаттайды.


Реф

лекс

тік - үйле

сім

ділік

-Балалар орманға саяхатқа барған ұнады ма?

-Осы орманда не сендерге ұнады?

-Естеріңде қалған қызықты сәттеріңді айтыңдар.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады, оларды ынталандырып, сыйлықтар тапсырылады.

Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Ертегіні тыңдауды және мазмұнын баяндауды білу керек, тіл байлығын, сөздікқорын молайту керек.

Білді: Ертегінің мазмұнын баяндау және кейіпкерлендіру арқылы түсіндіре білді.

Біледі: Жұмбақтарды шеше білді.



© 2010-2022