Утренник на тему Арайлы алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жүргізуші:

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі

қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған « Арайлы алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.

-Кәне, балалар, ортаға шаттық шеңберін жасап, келеген қонақтармен, апайлармен, балалармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

- Ал, балалар, терезеге қарайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс, күз мезгілі.

-Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалардың жауабы).

-Өте жақсы. Ендеше, ортаға қонағымызды шақырайық. Кәне бәріміз шапалақтап ортаға күз ханшайымын шақырамыз.

(Музыка ойнап, ішке күз ханшайымы келіп кіреді).

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой. Дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге сыйлыққа түрлі жемістер мен көкөністер алып келдім.

Жүргізуші:Рахмет, саған күз ханшайымы! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмайық.

Жемістер мен көкөністерден ойын ойнайық.

(Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»).

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!

Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:

-Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге арналған тақпақтары бар. Кәне бірге тамашалайық.

Қос картоп: Картоп-біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!

Сәбіз: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз!

Шие:Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Жүзім:Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

-Ал, құрметті қонақтар, күз ханшайымы біздің «Айгөлек» тобы балаларының тағы бір өнері бар.Олар әнді жақсы айтады екен. «Айгөлек» тобының орындауында:

Ән: «Жаңбыр»

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!

- Балалар, мен сіздерге жолда келе жатып күзгі жапырақтар жинап келдім. Кәне менімен бірге жапрырақтар биін билейік.

Би: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар, енді менің сыйымды қабыл алыңыздар.

-Ал, балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күзшығып кетеді).

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

© 2010-2022