Өз мамандығымды мақтаныш етемін

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі білім берудің неше түрлі арналардың күрделі механизмі, онын негізгі арқауы, келелі мәселелерін шешетін балабақша болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қайта құрудың басты шарты - балабақшаға қолайлы жағдай жасау, оларға тәрбие мәселесінде еркіндік беру, мектепке дейінгі мекемелердің материалдық техникалық базасы, кадр т.б. өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін экономикалық қуатын арттыру.
Тәрбиеші - балабақшадағы басты тұлға.
Сондықтан балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара жарасымды қарым - қатынасы олардың балабақшаға келуінің ынталылығы, көптеген басқа да жәйттер тәрбиеші жұмысына байланысты. Ол ата - аналармен бірге баланың дұрыс өсіп жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанада жүргізетін ықпалды тұлға.
Мектепке дейінгі мекеме жүйесін қайта құру ісіне педагогтардың қатысуына жағдай жасау үшін шығарымпаздығын, жаңашылдығын, өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білуі қажет.
«Адамды адам ғана тәрбиелей алады» деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс.
Аталғандармен қатар тәрбиеші еңбегінің жарасымдығын қамтамасыз ету үшін нақтылы шаралар белгілеп, оны іс - жүзіне асыру қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мүдделеріне сәйкес кадрларды іріктеп даярлау, олардың жұмыс әдістерінің тиімділігіне берілетін баға шегін анықтау, экономикалық ынталандыру, психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік қызмет көрсету сияқты жанды мәселелер шешуілуі қажет.
Соңғы уақытқа дейін тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды пәндік дағдыларға үйрету, ойын, оқу еңбегіне жаттықтыру жағы басым болды да тәрбиешінің де, балалардың да жеке бастарын қалыптастыру жағы бірталай жағдайларда назардан тыс қалып келді.
Баланың жеке басының адам болып қалыптасуына көңіл бөлетін уақыт жетті. Мұндағы мақсат - баланың жасына, жеке басының ерешеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптатыру болып табылады. Осыған қарай тәрбиешінің міндеті баланың қалыпты дамып, оның ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай тұғызу қажет болады.
Негізгі бағыт - бала бойында дүниетаным қалыптастыру, әлеуметтік және психологиялық мәдениет тәрбиелеу, құбылысқа толғана, тебірене білуге үйрету.
Бұл бағыттардағы іс әрекеттерді балабақша мен әлеуеттің бірлесе атқаратын қарым - қатынасына баса көңіл бөлуіне тиіс. Ата - ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да бірінің жұмысын екіншісі ауыстыра алмайды, сондықтан олардың қарым - қатынасы бірін - бірі толықтыру, бір - бірімен түсінісу, бір - бірінің бағытында құрылуы тиіс. Бала толық мәнінде адам санаты өсуі үшін үлкендермен тілдесе, толғана, тебірене біліп, жұмыс үстінде араласып, үлкендерді қадір, құрмет тұтып, оларға қамқорлық жасай білуі керек. Сондықтан балабақша мен әлеуметтің табиғи жалғасы болып, ата - аналар мен тәрбиешілердің біртұтас педагогикалық ұжымы құрылуы тиіс. Мектепке дейінгі мекеме өмір әулет, қалың жұртшылық басқа да әлеуметтік орталардың көз алдында өтетіндей құрылуы керек. Ата - аналар өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өтіп жетілетіндігі, интелектуалдық және қабілетінің қалыптасатынын көріп біліп отырғаны абзал. Осы мақсатқа байланысты мектепке дейінгі мекеме мен ата - аналардың қарым - қатынасына қолайлы, олардың құқығы мен міндеттерін анық белгілейтін ережелер қағидасын жасау қажеттігі туындайды.
Балабақша табиғатын баланың әулеттігі әлеуметтік тұрмысына жақындайтын кейбір құрылымдылық және ұйымдастырушылық жағдайлармен толықтыру керек болып отыр. Оны ең алдымен балабақшаларды ықшамдаудан, олардың типін кеңейтіп, әр жастағы топтар ұйымдастыру сияқты шаралардан бастау пайдалы болмақ..


© 2010-2022