Халықаралық аналар күніне арналған «Анаға сыйлық» мерекесі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





«Анаға сыйлық»

Халықаралық аналар күніне арналған «Анаға сыйлық» мерекесі





Қатысушылар :

Жүргізуші - үлкен

Кірпі - үлкен

Қоян - үлкен

Қасқыр - үлкен

Гүлдер - үлкен

Кірпі ана - үлкен

Балалар «Полька» биімен залға кіреді, жартылай шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті аналар, апалар бүгін біз көктемнің алғашқы күні осы әсем залға аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Асыға күткен көктем кеп

Құлпыра дала жайнайды

Көлде аққу, үйрек, қаз

Тоғайда бұлбұл сайрады.

Жүргізуші: Ал, балалар аналарымызға арнап бір әсем ән айтып берейік.

Ән «АҚ ЛАҚ»

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады ,музыка ойнап, залға кірпі келеді).

Кірпі: Фр, фр амансың ба, достар, балалар амансыңдар ма, гүлдер? (гүлдердің артынан қоян шығады)

Қоян:Сәлем, кірпі.

Кірпі: Сәлем, қоян! Қолыңда не ұстап тұрсың?

Қоян: Бұл анама сыйлық.

Кірпі: Сенің ананың туған күні ме?

Қоян: Жоқ, бүгін аналардың мерекесі ғой! Ал сен өз анаңа не сыйлайсың?

Кірпі: Білмеймін, менде сыйлық жоқ (деп көңілсіз болып турады)

Қоян: Сен неге көңілсізсің, қазір менің достарым әсем би билеп береді.

(Балалар екіден тұрып би билейді)

Би «ҚОЯНДАР».

(Биден соң балалар орындарына отырады)

Бір дыбыс естіледі.

Қоян: Біреу келе жатыр, бұл қасқыр шығар. Мен қасқырдан қорқамын. Сау бол кірпі деп қашып кетеді.

(қоян қасқырдан қорқып қашып кетті, ал кірпі анасына не сыйлаймын деп, ойланып тұрғанда, алаңға қасқыр келеді.)

Қасқыр: Қоянды қуып-қуып жете алмадым. Уф! Шаршадым! Тез жүгіреді екен. Бір иісті сезіп тұрмын. Ә-ә-ә қандай кішкентай кірпі! Ням, ням, ням. Қазір мен тісімді қайрап, жеп қоямын! (тісті қайрап тұрады)

Кірпі: Не істеймін қасқыр мені жеп қояды (деп жылайды).

Гүлдер: Біз саған болысамыз.

Кірпі: (гүлдерге жақындап) Сендер кімсіңдер?

Гүлдер: Біз гүлдерміз.

Кірпі: Гүлдер, мені тығып қойыңдаршы, қасқырдан қорқамын.

Гүлдер: Қорқпа, кел тығыл, қазір менің сіңілерім би билеп береді.

(Қыздар зал бойынша тұрып, би билейді)

Би «БӘЙШЕШЕКТЕР»

(Биден соң балалар орындарына отырады)

(кірпінің үстіне гүлдерден жасалған жапқыш жабылады. Қасқыр былай да қарайды, былай да қарайды, кірпіні таба алмайды).

Қасқыр: Кірпі қайда кетті жаңа ғана мында тұр еді ғой? -Ә, қашып кетті ме? Орманға барып іздеп көрейін. (қасқыр кетеді)

Кірпі: Рахмет сендерге гүлдер.

Гүлдер: Сен мында жалғыз не істеп жүрсің?

Кірпі: Бүгін аналардың мерекесі, ал менде сыйлық жоқ. Сыйлық іздеп жүрмін.

Гүлдер: Анаңа гүл сыйла.

Кірпі: Иә, дұрыс айтасыңдар, гүл сыйлаймын. Ана, ана, мен сені мерекеңмен құттықтаймын! Анау менің анам ғой, мені көрмей тұрған секілді.

Кірпі ана: (кіреді) Қандай әдемі гүлдер! Менің сүйікті кірпім қайда? Балалар сендер көрдіңдер ме?

Кірпі: Ана-а мен мындамын! Бұл гүлдерді мен саған сыйлаймын, мерекңмен құттықтаймын!

Тақпақтар:

1б: Сыйлайыншы гүлімді 2б: Анам - менің тірегім

Теріп алған даладан Анам - менің жүрегім

Мейрамыңыз бүгінгі Аман болсын әр қашан

Құтты болсын анажан Деп алладан тіледім

3б: Анам менің ақылды 4б: Ана, ана, ана

Бәріне де төзеді Бізге болған пана

Еркелетіп ол мені Мен үшін сен

Өте жақсы көреді Қымбаттысын дара

Кірпі ана: Рахмет балам! Гүлдерің әдемі екен, мен гүлдерді жақсы көремін, ал сені гүлдерден де артық жақсы көремін.

Кірпі: Ана мен сені ренжітпеймін. Айтқаныңды тыңдап, сыйлап, құрметтеп жүремін. Бүгінгі мерекең құтты болсын Анашым! Балалар аналарымызды әр қашан тыңдап, сүйіп, құрметтеп жүрейік. Кәне достар әсем ән айтып берейік.

(Балалар шеңберге тұрып, ән айтады )

Ән «КӨКТЕМ».

(Әннен соң балалар өз орындарына отырады)

Жүргізуші: Балалар кірпі өз анасына сыйлық сыйлады. Ал, біз де сыйлықтарымызды берейік. (балалар аналарына сыйлықтарын береді) Осымен ана-әжелер сіздердің мерекелеріңе арнап дайындаған шағын ғана мерекеміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Шаңырақтарыңызға береке, жанұяға бақыт тілейміз

© 2010-2022