Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Тақырыбы «Ойыншықтар» М. Әлімбаев

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы Тәрбиеші: Ибраева Ж.Ж

Ортаңғы топ «Бүлдіршін» Күні: 22.12.2015 ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Кіші сала: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Ойыншықтар»М. Әлімбаев

Мақсаты: Балаларға «Менің ойыншықтарым» өлеңін оқып түсіндіру. Балалардың ой-өрістерін, тілдерін дамыту.Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ой-өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қймыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Оқу-іс әрекеті жұмбақ жасырудан басталады.

Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?

-Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

-Ендеше М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Ойыншықтар»

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ,

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ

«Ұйықта» десең, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін қоймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

(М.Әлімбаев)

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Шетімізден шеберміз,

Біз тынығып аламыз,

Әсем сурет саламыз.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Ойыншықтармен қалай ойнау керек?

Ойыншықтар неден жасалады?

Өлеңді жаттау.

-Доп.


-Қуыршақ.

-Ойыншықтар деп атаймыз.


Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды.

Мағынасын түсінеді.



Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


-Ұнады.

-Ойыншықтар туралы.

-Ұқыпты.

-Әр түрлі заттардан.

Рефлекстік түзету

Қорытындылау.

Сюжетті-желілі ойын:

«Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Мақтау, мадақтау, жұлдызшалар беру.

Балалар қызықтап ойнайды.

Күтілген нәтиже:

Ұғынады:Ойыншықтардың түрлері туралы түсініктері

Түсінеді:Ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрау Қолданады:Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айту қолдарынан келуі


© 2010-2022