Конспекты Технологиялық карта Ойыншықтар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта.

Білім беру саласы: «Қатынас».

Оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Ойыншықтар».

Оқу іс-әрекет мақсаты: Балалардың ойын арқылы көңіл күйлерін көтеріп, сөздік қорларын дамыту. Ойыншықтар туралы алған білімдерін ойын-жаттығуы арқылы тиянақтау. Балалардың ойынға, ойыншыққа қызығушылығын арттыру. Олармен ұқыпты ойнауға үйрету. Балаларды достыққа, әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сиқырлы шұлықтар, сиқырлы қорап, ойыншықтар.

Әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері,сұрақ- жауап, әңгімелесу, таңқалдыру сәті, ойын.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

-Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды қозғайық,

Аяғымызды қозғайық,

Шеңберге келіп тұрайық!

-«Шаттық шеңбері» таңғы жиын немесе психожаттығу.

- Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

-Қайырлы таң, балалар!

-Барлығымыз қолымыздан ұстап шар үрлейік.

-Қолдарыңды көрсетіңдерші.

-Саусақтарыңды көрсетіңдерші.

-Аяқтарыңды көрсетіңдер, келесі аяқтарыңды.

-Өте жақсы.

-Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.

-Алақандарыңмен нені сезіп тұрсыңдар?

-Ендеше, балалар осы алақан жылуы арқылы бір-бірімізге, қонақтарға жақсы тілектер айтайық.

-Өте жақсы, балалар!

-Балалар қимылмен келтіреді де, шеңбер құрып тұрады.





-Қайырлы таң!



-Қолдарын,

саусақтарын,

аяқтарын кезек-кезек көрсетеді.



-Жылылықты сезіп тұрмыз.

-Еліміз аман болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Денсаулығымыз мықты болсын!

-Әке-шешеміз аман болсын!

-Бәріміз дос болайық!

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Таңқалдыру сәті!

(Балалар бір-бірімен көңілді күймен амандасып жатқан кезде, қораптың ішінен бір дауыс шығады).

-Балалар бұл не?

-Қандай қорап?

(Тәрбиеші қораптың ішін ақырын ашып тыңдайды).

-Балалар, қораптың ішінде не бар екен, ашып көрейін.

-Сиқырлы шұлықтар екен.

-қараңдаршы, балалар, шынымен-ақ шұлықтар сиқырлы екен.

-Балалар, шұлықтың несі бар?

-Ендеше, шұлықты алып аяғымызға киейік.

-Балалар, сиқырлы шұлығымыз аяғымызды топылдата ма?

-Сиқырлы шұлығымыз секіре ала ма?

-Сиқырлы шұлығымыз билей ала ма?

-Сергіту сәті.

-Ендеше, балалар «Шымыршық» ойын-өлеңін айтып қимыл-қозғалыс жасайық.

-Өте жақсы, балалар. Денеміз қызып, бойымыз сергіп қалды.

-Негізгі бөлім.

-Аяғымызда сиқырлы шұлығымыз бар, ештеңеден қорықпай, «Ойыншықтар» еліне де баруға болады.

-Қорықпаймыз ба?

-Батырмыз ба?

-Ақылдымыз ба?

-Тәртіптіміз бе?

-Әдептіміз бе?

-Ендеше, кеттік.

-«Ойыншықтар» еліне немен барамыз?

-«Пойыз» ойынын ойнау.

-Қатар-қатар тұрайық,

Қане, қане сұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын,

Паровозы пойыздың.

-Кімнің бойы ұзын?

-Ендеше, Гүлім пойызды басқарады.

-Ал, кеттік.

-Ал, паровоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да.

«Пыш-пыш», »-біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

-Міне, «Ойыншықтар» еліне де келдік.

-Балалар, алдымыздан аю шыға келсе, қандай тақпақ айтамыз?



-Балалар, аю нені жақсы көреді?

Аюға балды берейік.

-Ой, рақмет, балалар!

Қорықпай өте беріңдер.

-Түлкі шыға келсе қайтеміз?

-Түлкі қандай аң?



-Рақмет, сендерге балалар!

-Қоян шыға келсе қайтеміз?

-Қоян қандай аң?

-Балалар, аңдар сендерге риза болып, көп ойыншықтар қалдырып кетіпті. Қане, бәрің бір-бір ұнаған ойыншықтарыңды алыңдар. Осы алған ойыншықтарың туралы тақпақтарыңды айтып беріңдер.

1.Аю:



2.Машина:



3.Мысық:



4.Күшік:



5.Доп:



6.Түлкі:

7.Қоян:



8.Ыдыстар:



9.Төлдер:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

-Енді қоянның биін билеп жіберейік.

-Барлығы хормен:

-Қане, балалар енді ойыншықтарыңды үстелдің үстіне тізіп қойыңдар.

Ойын: «Не жоғалды?».

Ойын 1-2 рет қайталанады.

-Ән: «Ойыншықтар».



-Қорап.

-Сиқырлы қорап.





-Көзі, қасы, мұрыны, аузы бар екен.

(Балалар шұлықты алып, аяқтарына киеді).

-Балалар топылдатады.

-Балалар секіреді.

-Балалар билей жөнеледі.

-Балалар ойын-өлеңді айтып, қимылын жасап билейді.





-Қорықпаймыз.

-Батырмыз.

-Ақылдымыз.

-Тәртіптіміз.

-Әдептіміз.

-Пойызбен, пойызбен барамыз.



-Гүлімнің бойы ұзын.

Гүлім бірінші болып тұрып, паровозды басқарады.

Балалар өлеңді хормен айтады.



-Ормандағы бала қонжық,

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады,

Ағаштарды шайқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап,

Қуанғаннан билей кетті.

-Аю балды жақсы көреді.

Балалар аюға бал береді.

(Аю балаларға риза болады).

-Түлкі туралы тақпақ айтамыз.

-Түлкі қу, айлакер аң.

-Ей, түлкіжан мақтанба,

Құмарланып шаттанба.

Күшіңді сенің көрейін,

Қасқыр келе жатқанда.

-«Ақ қоян ойынын ойнап береміз.

-Қоян аңқау, қорқақ , бірақ жүйрік аң.

-Балалар бір-бір ойыншықты алып, тақпақ айтып береді.



-Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкентай арадан,

Үп-үлкен боп қорқады.

-Машинамын-көлікпін,

Мамандарға көніктім.

Үйренген соң, «білімді»,

Білесіңдер, «тілімді».

-Пеш қасында мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

-Күшігім менің Саққұлақ,

Келеді әне шапқылап.

Сақтығыңды көрейін,

Қойшы атайға берейін.

-Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

-Түлкі, түлкі, түлкішек,

Түнде қайда барасың?..

-Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

Қорқағым деп ат қоям.

-Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кесе, қасық бәрін де,

Өз орнына қоямын.

-Төлдер ойыншығын алып, балалар барлығы қосылып, «Төлдер» әнін айтады.

-Балалар «Сұр қоян» биін билейді.

-Ойнап жүріп ойыншықпен,

Талай нәрсе үйрендік.

Енді тізіп қояйық,

Бәріміз дос болайық!

-Балалар қызыға ойынды ойнайды.

-Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ бұйырсақ.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Өте жақсы, балалар.

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не істедік?

-Барлығын өте жақсы орындадыңдар.

-Балалар барлықтарыңның үйде де, балабақшада да ойыншықтарың көп.

-Осы ойыншықтарға қалай қараймыз?

-Ойыншықтар неден жасалады?

-Дұрыс балалар.

-Міне саяхаттан да оралдық.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Ендеше аяғымыздағы сиқырлы шұлығымызды шешіп, сиқырлы қорапқа салып қояйық.

-Мақтау, мадақтау.

-Бүгінгі ойын оқу іс-әрекетімізге өте жақсы қатыстыңдар, сондықтан барлықтарыңа жұлдызшалар беріледі.

-Ойыншықтар туралы тақпақтар айттық. Ойындар ойнадық. Ән айттық.



-Ұқыпты қарау керек. Ойыншықты сындырмай, тап-таза ұстау керек. Егер кір болып қалса жуып алу керек.

-Шүберектен, ағаштан, пласмассадан, темірден, резеңкеден т.б.

-Өте жақсы.

-Ия.

-Балалал шұлықтарын шешіп, қорапқа салады.

Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ойыншықтар туралы біледі.

Игереді:Ойыншық түрлерін, тақпақтар, әндер, ойындар.

Меңгереді:ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарауды.

© 2010-2022