Разработка на тему новый год

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кажикова А.Т. Өлеңті ЖОББ мектебі жанындағы «Бөбектер» шағын орталығы

«Қош келдің, Жаңа жыл» жаңа жылдық мерекеге арналған сценарий.

(музыка ойнап тұрады, ортаға балалар шығады)

Тәрбиеші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл- күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

Кәне, балалар, кім тақпақ айтады келіңдер ортаға:

Еркежан

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Дәуіт

Жақсы жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылды енді,

Қарсы алайық бәріміз.

Қарақат

Жылдың әнің бастайық,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Камила

Аппақ тонға малынған,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Азиза

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы , арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Диана

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Тәрбиеші :Балалар, біздің мерекеге Сайқымазақ та қонаққа келіпті.

(Сол кезде Сайқымазақ келеді)

Сайқымазақ: Армысыздар, балалар!

Көңіл-күйлерің жақсы ма, қымбатты достар? Сендермен кездескеніме мен өте қуаныштымыз. Мен сендерге бір ойын ала келдім ойнаймыз ба?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Балалар сендер қыста қандай ойындар ойнайсындар?

Балалар: Шана, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.

Ендеше сол аққаланы құрастырып көреміз ме?

Балалар: Иә.

Сайқымазақ: Өте жақсы балалар, енді әрі қарай мерекемізді бимен жалғастырайық. Би: « Барбарики»

Тәрбиеші: Балалар мына ортамызда тұрған не?

Балалар: Шырша.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді біздің шырша тойына кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Тәрбиеші: Кәне ,балалар, барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата , Ақшақар - 3рет

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар?

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарын жарық болсын!

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата- аналар?Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша?

Балалар, шыршаның шамы әлі жанбаған ба? Шырша шамын жағайық.

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарынды жарқырат - 2рет

Тәрбиеші: Балалар, шыршамызға арнап тақпақ айтып берейік.

Барлығы:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қарса!

«Аппақ, аппақ қар аппақ» әні (Музыкалық аспаптармен)

Тәрбиеші: Балалар бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де келіпті.

Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға «Ормандағы жаңа жыл» ертегісін сахналап берейік.

(Қонжық - Ілияс, Есек - Еркежан, Қоян - Қарақат, Түлкі - Дәуіт, Кірпі - Диана)

«Ормандағы Жаңа жыл» ертегісі

Тәрбиеші: Қонжық, Есек, Қоян, Түлкі Жаңа жылды қарсы алуға Кірпінің үйіне жиналыпты.

Қонжық: Бүгін Жаңа жыл ғой!

Түлкі: Біздің шыршамызда жоқ.

Есек: Шыршасыз түк те қызық емес.

Кірпі: Онда далаға шығып шырша іздеп келейік. Сол шыршаның бізде тұрғанын елестете алмаймын.

Есек: Шыршаны қалай табамыз, орманың іші қараңғы болып кетті ғой.

Түлкі: Қардың қандай қалың екенін көрдіңдер.

Қоян: Қалай десеңдер де, бәрібір шырша іздеуге барамыз.

Есек: Айда жоқ аспанда.

Кірпі: Бірде - бір жұлдыз көрінбейді. Қолымызбен сипалап іздейміз бе?

Есек: Шыршалардың барлығы үлкен, ол кірпінің үйіне сыймайды ғой.

Түлкі: Кішкентай шыршалар қардың астында жатыр.

Қонжық: Иә, оны қалай аламыз.

Қоян: Шыршасыз бұл қандай Жаңа жыл.

Кірпі: Мен сендерге шай қайнатайын, барлығымыз шай ішейік.

Тышқан: Кірпі сенін сағатың істемейді Жаңа жылдың келгенін қалай білеміз.

Есек: Мен күнде сағат 12.00-де ұйықтаймын. Менің ұйқым келгенде Жаңа жыл да келеді.

Қонжық: Жарайды, онда солай істейміз.

Кірпі: Достар, шыршамыз жоқ деп уайымдамай-ақ қойыңдар. Оны да ойлап таптым. Бір бұрышқа орындық қойып мен соған шығып тұрамын. Ал сендер менің инелеріме, қолдарыма ойыншықтар ілесіңдер.

Түлкі: Кірпі сен не деген ақылдысың.

Кірпі: Мен дайынмын ойыншықтар сандықтын ішінде.

Қоян: Қонжық , сағат неше болды.

Түлкі: Қараңдар, қараңдар, Есек қалғи бастапты 12-ге 5 минут қалыпты.

Қоян: Онда бес минуттан соң 12 рет соғу керек қой. Оны қалай істейміз.

Қонжық: Ол үшін алақанды үш рет соғамыз.

Түлкі: Ал, ендеше бастайық, уақыт болды.

Барлығы: « Бам, бам,бам» - деп алақандарын 3 рет соғу керек.

Аяз ата: Рахмет балалар, өнерлі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, қол ұстасып жүріп ән салайық.

«Аппақ, аппақ, жапалақтап» әнін орындайды.

Ақшақар: Балалар, менімен би билегілерің келе ме?

«Ақшақар» биі

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақардың баратын жерлері көп болғандықтан, олар асығып отырған сияқты.

Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар.

Тәрбиеші: Жаңа жыл бәріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!


© 2010-2022