Сценарий: Қош келдің Наурыз!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

НАУРЫЗ КЕЛДІ, АЛАҚАЙ!


Ертегі «Дос іздеген бота»

Рөлде ойнайтындар:


Түйе - Ерке

Бота - Қыран

Қозы - Қыдыр

Лақ - Гүлсезім

Күшік - Бекарыс

Мысық - Айғаным

Балапан - Ақерке

Ара - Аружан


Ерте, ерте, ертедеботалытүйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Түйе: - Түйе, түйе, түйемін

жануармын киелі,

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.

Бота: - Апа, апа (еркелейді)

Ерке: - Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, - дейді.

Жайылып жүрген қозы мен лақты көріп:

Бота:- Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Қозы: - Мә-ә-ә, мен қошақан қозымын

момақанның өзімін

Лақ: - мен лақпын, қандаймын

Аппақ болған таңдайым

Кел, бәріміз дос болайық.(айналып секіреді)

Бота: - Жоқ сендер сияқты дос емес.

Қозы мен лақ: - Мүмкін саған күшік болар.

Бота күшікке келіп:

Бота:- Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Күшік:- гаф-гаф-гаф,

Мен күшікпін сақ құлақ

Үй күзетем шапқылап,

гаф-гаф деймін қаттырақ

кел, екеуміз дос болайық. (Айналып секіреді)

Бота: - Жо - жоқ сен сияқты дос емес.

Күшік: - Мүмкін саған мысық керек шығар.

Бота мысыққа келіп:

Бота:- Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық: - Мяу,Мяу, Мяу!

Мен кәдімгі мысықпын,

Өзім өте пысықпын

Кел, екеуміз дос болайық. (Айналып секіреді)

Бота: - Жо-жоқ сен сияқты дос емес.

Мысық: - Мүмкін саған балапан керек шығар?

Бота балапанға келеді.

Балапан: - Мен кішкентай балапан

Біліп қой мен сен Ботақан

Достарым көп менің

Кел, екуміз дос болайық.(екеуі билейді)

Бота: - Жоқ сен сияқты дос емес.

Балапан: - Мүмкін саған ара керек шығар?

Бота араға келеді.

Ара: - З-з-з-з, ұшып келсем қасыңа,

Менен сен шошыма

Сен тимесең, тимеймін

Қастығым жоқ досыма, з-з-з,

Кел, екеуміз дос болайық.

Ертегіші: - Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Дос іздеген бота кеш болғанын байқамай да қалады.

Аспандағыи жаңа туған айды көріп, таңданып.

Бота: - Тоқта, тоқта мен сенімен дос болғым келеді, сен қандай мен сияқты әдемісің. (деп айды қуа жөнеледі)

Ертегіші: - Бұлт арасына кірген айды бота жоғалтып алып, қараңғыдан бір ағаштың түбіне тығылады. Ал, түйе болса ботасын күте-күте шаршап, іздеп шығады.

Түйе: - Боташым! Боташым!

Ертегіші: - Алдынан ботасымен дос болғысы келген жануарлар шығады.

Түйе: - Менің ботамды көргендерің бар ма?

Бәрі: - Иә, біз бәріміз ботаны көрдік. Ол бізбен дос болғысы келмеді.

Ара: - Ол аймен дос болғысы келіп соңынан кетті.

Күшік: - Біз ботаға көмектесуіміз керек, мен із кесейін соңымнан еріңдер.

Ертегіші: - Барлығы ботаны іздеп, ағаш түбінде жылап отырған жерінен табады.

Түйе: - (ботасын жұбатып) Дос таптыңба ботам?

Бота: - Жоқ, анашым, тура мен сияқты айды ғана таптым, бірақ ол өте алыста, басқа ешкі жоқ екен.

Түйе: - Өзің сияқты дегенім адалдығыңды айттым боташым.

Бота: - Анашым, енді түсіндім, досты алыстан іздеп жүрсем, олар әрқашан жанымда болған екен ғой. Рахмет сендерге достарым. Бәріміз дос болайық!!!

Ән:«Дос болайық бәріміз!»

Құлмұхаммед:

Уа, ағайын, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық!

Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Дендеріңіз сау болсын!

Аман - есен болайық! -

деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз - мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз - жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата - аналарымыз бен әжелеріміз үй - үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ән: «Наурыз келді алақай!»

(Есікті біреу тақылдатқандай болады. Бұл жыл басы -жылқы)



Жылқы: Мен келдім, міне ортаңызға

Амандық тілеп баршаңызға

Саулығын берсін деймін бәрімізге

Жеткенше келесі жаңа жылға.

С.Нұрай:

Нарыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа,

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша

Би билейміз жараса!

Қыран:

Ашық болсын қас қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Қыдырәлі:

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта-ағы бар

Ішілетін жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Бекарыс:

Ұлы күні ұлыстың

Ұласады еңбекпен

Өнбей көп жұмыстың

Нурызда тер төккен.

Гүлсара:

Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым,

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзің.

Арсен:

Наурыз тойы - тамаша

Наурыз тойы - жаңаша

Табиғат та, тамаша

Тамылжып тұр жараса!

Ән: «Гүлдерайым» Алмагүа, Аружан, Айзере, Аделя, Ақерке , Алина

Қыздар биі:

Қарақат:

Наурыз айы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Бізге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.

Мүсілім:

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз кежеге

Жеті түрлі ас салды.

Гүлсезім:

Бидай, күріш, тары бар

Бар сүр ет пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар

Көже елдің ырғызы.

Айя:

О, ағайын, ағайын

Думанға толы маңайың

Мереке болып келіп тұр.

Наурыз айы бал айың.

Алмагүл:

Наурыз айы - гүл айы

Наурыз айы нұр айы

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы.

Нұрмұхаммед:

Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойың көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Ән: «Көңілді күн» Ерке, Қарақат, Інжу.


Хор: «Наурыз келді»

Інжу:

Жыл басы - Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Дәулет:

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

Бимұхаммед:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз.

Ерке:
Наурыз келді еліме,

Наурыз укелді жеріме.

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Аружан:

Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын халайық!

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық.

Ән: «Сұлу көктем»

Шығыс биі Аружан, Ақерке, Айғаным

Гүлсезім:

Қыс өтіп,қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден -

Құтты болсын, Наурыз!

Сырым:

Наурыз - бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.

Ақерке:

Ақ қар кетіп қыс өтіп,

Шырайлы шауқ жаз жетіп

Шаруаның ұлы кенелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!

Нұрай:

Наурыз көктем, наурыз жыр

Ана мейірім, шуақ нұр

Жан иесін жаңартқан

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Данияр:

Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұл бұл сайрасын

Өркендесін тіршілік

Өсірілсін бір шыбық.

Қадіржан:

Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой бұл мейрам.

Ән: «Гүл көбелек» Ақерке, Гүлсезім, Айғаным

Ұлдар биі:

Алихан:

Ата - бабам тойлаған

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған

Дархан дала қарлы шың.

Аделя:

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастархан жайылып

Ошақта от жалындап.

Азамат:

Қауыша алмай қанша жыл

Қалдық сенен адасып,

Сағынды қыз аңсады ұл

Төрлет есіктің барлығы ашық.

Тұсау кесер рәсімі





© 2010-2022