Дыбысытар. Дауысты, дауыссыз дыбыстар 1 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу


Сабақтың тақырыбы: Дыбысытар. Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сауат ашу жұмысына даярлық жүргізу. Сауат ашуға арналған "Сауат ашу. Әліппе - дәптер" оқу құралымен таныстыру. Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Дыбыстар мен әріптердің айырмашылығын меңгерту. Дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Белсенді қызығушылығын дамыту, имандылыққа тәрбиелеу. Сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін үйрету. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау.

3.Дамытушылық : Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту

Әдіс-тәсілдер: ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық.

Көрнекілігі: ойыншықтар, "Сауат ашу. Әліппе - дәптер".

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Ұстаз сабақты ойыннан бастайды. Үрленген шарды балаларға кезекпен лақтырады, шарды ұстаған бала атын айтады. Шар жарылғанша ойын жалғаса береді.

"Пах", деп, жарылған шардың дыбысы естіледі.

Тәрбиеші: балалар назарын өзіне аударып, олардан не естігенін сұрайды.

- Дыбыс естідік, - деп жауап береді.

- Дұрыс, сендер дыбыс естідіңдер. Бірақ дыбыстар әр түрлі болады.
Ұстаз"Сауат ашу. Әліппе - дәптер" оқу құралын қолына алып,

4-бетіндегі сурет бойынша әңгіме өткізеді.

Әтеш: "Ку-ка-ре-ку" - деп шақырады, сиыр: "Мө-ө-ө" деп мөңірейді, ешкі: "Мө-ө" - деп маңырайды, қаз: "Ға-ға-ға" - деп қаңқылдайды т.с.с.

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.

Тәрбиешімен бірге балалар әтеш секілді, сиыр секілді, қаз секілді дауыстар шығарып, дыбыстарды қайталап айтады.

Ұстаз: Егер А - А - десек, оны ұзақ созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Қане, бәріміз қосылып "А" дыбысын қайталап айтып көрейікші.

Балалар. "А-а-а-а" деп қайталайды.

Ұстаз: А дыбысын ауызды ашып, әндетіп те, созып та, айғайлап та айта аламыз. Аузымызда тіл, тіс ешнәрсе кедергі жасамайды. Дәл осылайша айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз.

Ал енді "ш" десем, немесе "с" десем ол да А дыбысы сияқты кедергісіз айтыла ма?

Жоқ!

С-с-с дыбысы қалай айтылады?

С дыбысы А дыбысы сияқты еркін айтылмайды.

- Дұрыс, сонымен еш кедергісіз айтылатын дыбыстарды дауысты,
ал, айтқанда тісіміз, тіліміз арқылы кедергімен айтылатындарын
дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарды көк түсті текшемен
белгілейміз.

Сергіту жаттығуы.

Біз дыбыстарды айтылуына қарай ажырата аламыз. Мысалы "ата" деген сөзде а дыбысы сөздің қай жерінде естіледі?

Сөздің басында және аяғында.

Дұрыс.

Балалардың өздері әр түрлі сөздерді айтып, ауызша талдайды. "Әліппе - дәптер" оқу құралының 3-бетіндегі суретке балалардың назарын аударып, сұрақтар қояды:

Мына суреттегі ойыншықтарды атаңдар: - Доп.

Аю.

Кубиктер.

Балалар "Доп" сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшелермен белгілейді.

Ұстаз: Қане, балалар, жеке дыбыс ойлаңдар.

Балалар "Доп" сезін текшелермен белгілеп, дауысты, дауыссыз дыбыс екендігін ажыратады.

Тәрбиеші "Кім көп дыбыс біледі?" ойынын ұйымдастырады. Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады.

- Осы әр түрлі дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен сендер

мына: "Сауат ашу. Әліппе - дәптер" көмегімен танысып, үйренетін боласыңдар, - деп тәрбиеші оқу құралмен балаларды таныстырады.

Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.



© 2010-2022