Өз күлкіңмен бөліс (Психологиялық сабақ)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы КМҚК





Психологиялық сабақ

Тақырыбы: «Өз күлкіңмен бөліс»















Өткізген балабақша психологы: Узембаева Р.М









2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Балаларға көңіл- күй сыйлау, бір- біріне деген сезімталдығын, эмоциясын білдіре алуға үйрету.

Міндеттері:

  • Бірін- бірі тануды қорытындылау, эмоциясын көрсете білуге үйрету, сөзбен білдіруге, және көңіл аударуға тәрбиелеу.

  • Балаларды жан- жақты тәрбиелеуді дамыту

  • Мейірімділікке тәрбиелеу, сезімталдығын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сиқырлы таяқша, сиқырлы сандық, шарлар.

Балалар топқа музыка мен кіреді.

  • Салеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Сендердің көңіл- күйлерің қандай?

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік!

Кұлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?!

Көңілді болып жүрейік!

Кел , балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады!

Кұліп өмір сүрейік!

1. Ойын- жаттығу.

  • Балалар, бүгін мен де жақсы көңіл күйдемін. Сол жақсы көңіл- күйімді сендерге сыйлағым келіп тұр. (Психолог жанындағы балаға күліп қарайды, ол келесі балаға кұледі) Осы күлкі арқылы не сезіндіңдер?

  • Жылылықты, достықты, мейірімділікті

  • Балалар, қазір барлығымыз көзімізді жұмайықшы, ертегілер еліне саяхат жасайық

«Ақ тиін мен қасқыр » ертегісін қуыршақ театры арқылы сахналау.

Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің жағымды - жағымсыз қасиеттерін ажырата алуға, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.

Қасқыр атып тұрып , оны жегісі келеді.

Ақ тиін жалынып:

  • Мені жеме, жібер.- дейді.

  • Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт, неліктен сендер әр уақытта көңілді болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

  • Мені жіберіңіз,сонан соң айтайын әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін - дейді.

Қасқыр ақ тиінді босатып, ақ тиін ағаштың басына шығып алады да:

  • Сен қасқыр, залымсың,залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы, ашулы жүресің. Біз ешкімге жауыздық жасамаймыз, сол үшін де әрқашан көңілді болып жүреміз, - депті.

  • Балалар, қалай ойлйсыңдар , қақыр жқсы м, әлде тиін жақсы ма? Неліктен қасқыр ашуланшақ?

  • Ал тиін үнемі күліп жүреді екен. Сондықтан біз де айналамызға күліп, жағымды көзбен қарауымыз керек.

Психологиялық жаттығу

Мақсаты: Танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  • Қазір, балалар, біз сендермен көңіл- күйімізді білдіретін смайликтерді тауып ілеміз.

  • Балалар, біз ренжігенде не істейміз?

  • Қуанғанда ше?

  • Ашуланғанда ше?

  • Қорыққанда?

Шарты:. Балалар сол дауысқа байланысты сиайликтерді таңдап, тақтаға жабыстырады.

Ойын: «Суретті есіңде сақта »

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Суреттерді дұрыс ажырата білуге тәрбиелеу.

Шарты: Балаларға суреттерді көрсетіп, көздерін жұму ұсынылады. Көздерін жұмған соң суреттердің барлығын алып тастайды да, балалардан кандай суреттер болғанын сұрайды.

Релаксация: -

  • Балалар, ыңғайланып отырыңдар . Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңы үлкен теңізді елестетіңдер. Теңіз жағасында самал жел соғып, салқын ауа толқынды тербетеді. Біздің кемеміз толқын желісімен «Көңілді орман» аралына қарай жылжып барамыз. Айналамыз әдемі гүлдер мен сұлу ағаштар. Біз көрмеген аңдар мен құстар бізге таңырқаай қарауда. Соның ішінде ең ерекше көрінгені ақ көгершін болатын. Ол сондай әппақ, мейірімді, көңілді жүзімен бізге хош келдіңдер дегендей болды.

  • - Көзімізді ашып, терең дем алайық.

Ойын жаттығу: «Мені еркелет»

Шарты: Сырттан бір көңілсіз бала келеді. Ол баланы ортаға отырғызып барлық балалар еркелетіп, сипайды. (музыка ойнайды)

  • Сен сипағанда , еркелеткенде нені сезіндің?

  • Әсіресе қай жеріңнен еркелеткені ұнады?

  • Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сықылды, қәне тыңдайықшы.

Музыкамен топқа фея кіреді.

Фея: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге сонау алыстан ұшып келдім. Мен сендерге сандықпен сыйлық әкелдім

  • Психолог: - Қәне, балалар, феяның сандығының ішінде не бар көрейік пе?

  • Сандықтың ішінде ешнарсе жоқ екен. Балалар, қәне барлығымыз, осы сандықтың ішін өзіміздің жылы, мейірімді , жақсы сөзімізбен толтырып жіберейік!

Жаттығу: «Мейірімді сандық»

  • Балалар, мына сандығымыздың ішін ашып көрелік, қәне, Ішіне сиқыршы нены сиқырлады екен .

Балалfр, мына гүл көңілімізге мейірімділік, сыйластық, әдемілік сыйласын деп - деп қойыпқояйық

Фея мен бала қоштасып қайтады

  • Балалар, міне біздің ойынымыз да аяқталды. Қоштасатын сәт те жетті. Енді келесі кездескенше күніміз күліп, аспанымыз ашық болып, әрқашан күліп жүрейік деп бір- бірімізбен қоштасайық!

(Әр бала екі- екіден тұрып, құщақтасып қоштасады)

© 2010-2022