Көркем әдебиет тақырыбы - Үй заттары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Үй заттары.

Мақсаты: Білімділік. Заттардың топтастыруға,оларды атай білуге (ыдыс-аяқтар,қасық,шанышқы,кесе,тостаған т.б.) үйрету.

Дамытушылық. Сұрақ-жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Ыдыс-яақтардың суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мативациялық-қозғаушылық.

Шаттық шеңбер:

-Қайырлы таң, балалар! Бүгін күн қандай керемет! Кәне, барлығымыз бір-бірімізге жылы,көтеріңкі көңіл сыйлайық!

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты

сақтаймыз,Атсын күліп таңымыз.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Тәрбиеші балаларға «ыдыс-аяқ» әңгімесін оқып береді. Оқылған әңгіме мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу.Әңгімені қайта оқи отырып, мазмұнын балаларға айтқызу.

-Балалар қараңдаршы мында, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

-Сендер қайтіп көмектесесіндер?

-Балалар, мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті?

-Сендер топтарыңда кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдарма?

-Қалай көмектесіңдер?

-Балалар келіңдерші сендермен,жұмбақтарды шешеміз!

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар мол.

Пышақ

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр.

Қасық

-Қасық, шанышқы, кесе, тостатаған-ыдыс-аяқтарға жатады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Д/О: Заттың атын ата.

Мақсаты:Суреттегі ыдыс-аяқтардың атын атату.Жеке жұмысты қажет тететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгімелесу.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Әңгіменің мазмұнын айтады.

-Анаңыз,әпкеміз.

-Нанның ыдысын алып береміз,кеселерді әкеліп,үстел үстіне қоямыз.

-Нан тартамыз,қасық, тәрелкелерді қоямыз.

Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмбақтың жауабын шешеді.

-пышақ


-қасық



Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.


Балалар суретте бейнеленген ыдыстардың аттарын атайды.

Рефлексивті-түзетуші.

Балалардың ыдыс-аяқтар туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Біледі: Ыдыс-аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды біледі.

Меңгереді: Ыдыстардың не үшін керектігін меңгереді.

Игереді: Таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білуге іскерліктерін игереді.


© 2010-2022