Қош келдің Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Алтын күз!Қош келдің Алтын күз

Г.Д.Кенжебаева

Шалқар қаласы «Бәйтерек» мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,

Әкеледі халыққа бар молшылық.

Сары жапырақ алтындай боп төгілсін,

Мерекені біз бастайық сол үшін!

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,балғын балалар!Міне,туған өлкемізге алуан түсті жапырақтарын төгіп,толқып,би билеп күз мезгілі де жетті Күз мезгілі көңілсіз болса да,біздің көңіл-күйіміз әрдайым керемет. Ендеше,соның дәлелі ретінде ертеңгілігімізді тамаша бір әнмен бастайық Балалардың орындауында «Күзге сәлем»әнін қабыл алыңыздар

Ән:»Күзге сәлем».

Жүргізуші:Ой балалар,қараңдаршы қандай әдемі алуан-алуан жапырақтар,үлкен жапырақтарды тауып алады.Балалар мына жапырақта бір нәрсе жазылған екен,қане оқып көрейік.Балалар мұнда жұмбақ жасырылған екен.Қане,жұмбақтың шешуін тауып көреміз бе балалар

Балалар:Ия.

Жұмбақ: Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп.

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып.

Өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Айтыңдаршы,балалар,

Бұл қай кезде болады.

Балалар:Күз мезгілінде.

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар балалар.Күз мезгілінде екен.

Жүргізуші:Ал, балалар,келіңдер

Қол соғайық тұрмайық

Күзгі бақта бүгінгі

Жырдан шашу шашайық

-дей отыра балалардың күз мезгіліне арнаған тақпақтары бар,соны тыңдап қошеметпен балаларды ортаға шақырайық.

1)Тапталды табанға,

Судыр-судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап .

2)Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

3)Бұтағында емініп

Күзде жеміс піседі

Сабағынан жел үзіп

Жерге топ-топ түседі.


Қош келдің Алтын күз

Жүргізуші:Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Енді балалар мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын шақырайық.

Келші,келшіАлтын күз,

Келші,келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші Алтын күз.

Осы кезде Күз ханшайымы ортаға шығады.Қолында күзгі базарлығы бар.

Қош келдің Алтын күз

Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жаз

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер.

Балалар күздің неше айы бар екен?

Балалар:Үш айы Қыркүйек,Қазан,Қараша.

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар,олай болса мен ортаға сол үш айымды шақырғалы тұрмын.Қане менің балаларым өздеріңді таныстырып өтіңдерші.

Қош келдің Алтын күз

Қыркүйек айы: Мен күздің айымын.

Молшылық беремін.

Жылы күн райымын,

Қыркүйек айымын.

Қазан айы: Қазан айы молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке қол созып,

Құстар ұшып барады.

Қараша айы: Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды,

Жапырақ түсіп гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Жүргізуші: Жапқандай жапырағымен сіздерді.

Қуантып байлығымен ізгі елді,

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы сары айым күз келді.

Күз ханшайымы балалардың саған арнаған тақпақтары бар,соны тыңдап көр.

1)Жайдарлы күз,жарқын күз 2)Берекесін сыйлауға

Аяулы күз,алтын күз Өлкемізге күз келді.

Дәнге толы ен далам, Жемістерін жинауға

Дариядай шалқып жүр Шақырады біздерді.

3)Күзім-ау 4)Пролетают паутинки

Мінезің сенің бұзық ау, С паучками в середике.

Жаңбырың сіркіреп, И высоко от земли

Келгенің қызық-ау Пролетели журавли.

Жүргізуші: Алма,алмұрт,жүзім бар.

Шие менен өрік бар.

Әне жырлап келеді,

Қол соғыңдар қарсы алып.

Қош келдің Алтын күз

Мен алмамын,алмамын Мен алмұртпын,алмұртпын.

Таңдайыңда қалар бар дәмім. Күзде жинап алатын.

Жазда әдемі киінем, Балбыраған бірнуін.

Тілді балдай үйірем. Жесең тойп калатын.

Менің атым жүзім, Шиемін мен шиемін,

Үзсең бірдей жүзін. Піскенше тон киемін.

Дәмім сондай әйбат, Бала келсе қасыма,

Ішім толған шәрбат. Басымды мен иемін.

Өрікпін мен өрікпін.

Бау-бақшаға көрікпін.

Кешігуді білмеймін,

Көктемде ерте гүлдеймін.

Күз ханшайымы:Балалар мен сендерге бір қызықты ойын ала келдім,соны ойнаймыз ба?

Ойынның аты: «Кім көп жинайды».

Балаларға ойын шартын түсіндіреді.

Қош келдің Алтын күз

Жүргізуші:Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Күз ханшайымы:Енді қыздарымыздың орындауындағы жапырақтар биін тамашалайық.

Би: «Жапырақтар»биі

Қош келдің Алтын күз

Жүргізуші:Қыстың қамын ойлаймыз,

Күздің тойын тойлаймыз.

Жасады той халқымыз,

Жаса,жаса Алтын күз.

Енді балалардың тақпағына кезек берейік.

Жапырақтар сарғайып, Дождику только бы злиться

Күн бұлтты болады. Падают листья,блестят

Жаңбыр жиі жауады, Видно,что жёлтые листья

Құстар ұшып барады. На ветки обратно хотят

Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой,

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Шырқап әнге салайық,

Балалардың орындауында

Ән «Алтын күз»

Күз ханшайымы: Балаларым,балғыным,

Өздеріңді қимаймын.

Дәм татыңдар мінеки

Күзгі жеміс-жидектер.

Өздеріңе сыйлаймын!

Күз ханшайымы:Балалардың өнеріне риза болып,күзгі сыйлығын таратып береді.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,әріптестер,балалар көптен күткен алтын күзімізде әр отбасында байлық пен береке мол болсын.Осымен бүгінгі «Ақбота» тобының «Алтын күз » атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сөз кезегін «Бәйтерек» балабаққшасының меңгерушісі Г.Досбергенқызына және балабақша әдіскері М.Дүйсенбайқызына береміз.

Қош келдің Алтын күз









© 2010-2022