Ашық сабақ 7 саны және цифры

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 7 санының пайда болуы, 7 цифрмен таныстыру, 7 санынының құрамын анықтау. Әрбір санның алдыңғы және кейінгі саны қатарларын дұрыс атай білуге үйрету. «Неше?», «Нешеу?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге баулу.

Дамытушылығы: Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, достық қарым-қатынастыққа тәрбиелеу.

Көрнектілігі: 1-ден 7-ге дейінгі сандар, суреттер, әліппе-дәптер, санамалық, 7 санының құрамы, тірек-сызба.

Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақ өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

Математикалық таңбаларды ата? (+;- ; = ; > <)

Жұмбақ жасыру: Екі қарын

Төрт құлақ (жастық) 2+4=6

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6

6, 5, 4, 3, 2, 1, 0 (тура, кері санату).

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны:

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін? 5+2=7 Жауабы: 7.

Бүгінгі ендеше 7 санымен танысамыз. 7 дейін санау (жеке, хормен).

Сергіту сәті: «Бір апта»

Дүйсенбіде доп ойнадың қорада

Сейсенбіде серуен құрдың далада

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп

Бейсенбіде би биледік әндетіп жұма күні жидек тердік қыратта

Сенбі күні кино көрдік клубта

Жексенбіде үйде болып дем алдық

Осылайша өте шықты бір апта.

(Бір аптада неше күн бар? 7).

7 саны-қасиетті сан, осыған байланысты тағы да қандай ұғымдарды білесіңдер?

(«7 апта», «7 шелпен», «7түс», «7 лақ» ертегісі, «7 қазына») (түсінік беріп өтемін).

Мақал: «Жеті атасын білмеген жетесіз».

Санамақ «1-7 сандар» (сынып оқушыларының қатысуымен).

І тапсырма «Ормандағы аңдар» тақырыбына тоқталамын. «Жаз, қыс» мезгілдерін салыстырып өтемін. Жабайы аңдар жайлы айтып өтемін. Құмырсқаларды санау. Тығылған цифрларды тауып, бояу.

ІІ тапсырма

Тақтамен жұмыс: (7 санының құрамы)

Сызбаны толтыру. (4 санының құрамын қайталау).

Сергіту сәті: Орнымызда тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Жаттығулар жасасақ

Бір тынығып қаламыз

Сабақты бекіту:

ІІІ тапсырма Тиінге жаңғақ жинауға көмектес (өз бетімен жұмыс)

ІV тапсырма 7 санын жазу. 7 саны неге ұқсайды?

7 санын ауада, тақтада жазып көрсету. (дәптермен жұмыс).

Сабақты қорытындылау: Балалар бүгін қай санмен таныстық? 7 саны қай саннан кейінгі келеді? 7 санына байланысты қандай ұғымдар бар?

Бағалау.









«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ













Тақырыбы:

«7саны »

(ашық сабақ)



мектепалды даярлық

топ мұғалімі

Тусупжанова Г.Н.









2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022