Презентация по казахскому языку на тему Менің балабақшам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ересектер тобына арналған

ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: «Қазақ тілі»

Тақырып: Менің балабақшам.

Бағдарламалық міндеттер:

Білімділік: Балабақша туралы түсінік беру. Жаңа сөздермен таныстыру. Ң дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.

Дамытушылық: жаңа сөздермен танысып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту. Ң дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.

Тәрбиешілік: балабақшасын мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабаққа арналған материалдар: балабақша бейнеленген суреттер.

Билингвальді компонент: балабақша-детский сад, кең-просторный, қос қабатты - двухэтажный, таза -чистый, жарық -светлый.

Әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңберге тұрып, амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан !

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Сабаққа қонаққа қуыршақ келгенін хабарлайды.

-Қонағымыздың аты - Айжан.

«Сенің атың кім?» дидактикалық ойынын ойнату.

-Балалар, Айжан қайда келгенін білмейді. Қайда келгенін айтайық.

Сәлемдеседі.

Шаттық шеңберге тұрып, бірге қайталайды.

Балалар аттарын атайды.

Балабақшаға.

Ұйымдас-тырушылық -

ізденіс

Тақтадағы суретке назар аударады.

-Мына суретте не бейнеленген?

-Біздің балабақша қалай аталады?

Біздің шағын орталық әдемі, таза, қос қабатты, жарық.

Сөздік жұмыс

Балабақша - детский сад.

Таза -чистый

Қос қабатты - двухэтажный

Жарық - светлый

Кең -просторный

Дыбыстық жаттығу

-ң-ң-ң-кең

Сергіту сәті

Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік.

Бақшаға жақын келдік,

Армысың, балабақша,

Біз саған оқуға келдік.

Тілдік жаттығулар:

Ша - ша - ша -әдемі балабақша

Оп - оп -оп - жақсы топ

Ла- ла -ла - үлкен бала

Зе - зе -зе - үлкен терезе

Тақпақ жаттау:

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Ө. Ақыпбеков

-Балалар, Айжан үйіне қайтады, қазақша қоштасайық.

Балабақша.

Шағын орталық.

Сөздерді дұрыс қайталайды.

Кең сөзін қайталайды.

Дыбыстық жаттығу орындайды.

Өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.

Балалар қайталайды.

Балалар тақпақты жаттайды.

Сау бол, Айжан!

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Қонаққа не келді?

- Айжанға не туралы айттық?

Білгендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: балабақша туралы түсінік алады, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі;

игереді: қойылған сұраққа жауап беруді;

меңгереді: осы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану.



© 2010-2022