Утренник на тему Наурыз - біздің Жаңа жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Наурыз-біздің Жаңа жыл!»

Мақсаты: Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 22-наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Отанын сүюге, адамгершілікке, имандылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: киіз үй шаңырағыннан сахна жасау.

Әдісі: ертеңгілік.

Залда әсем әуен ойналып тұрады.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар, құрметті қонақтар!

О, жараңдар, жараңдар,

Бермен қарай қараңдар.

Наурыз тойы басталды.

Құттықтаймын бәріңді

Үлкен-кіші кәріңді

Ақ дегеніміз мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Тәрбиеші: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз.

Үй, дастарқан, даламыз, сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз!

Ал енді Наурыз тойын бастайық, өлең, бимен, әнменен тойға шашу шашайық.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі тойға шашу шашамыз деп әжеміз келіп тұр. (тойға шашу шашады)

Әже: Наурыз құт әкелсін елімізге

Береке - ырыс кірсін жерімізге

Жаңа жыл елімізді жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарықпасын.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Шашу-шашу.

Тәрбиеші: Наурыз мейрамы - Күн мен Түннің теңелетін күні 22-Наурызда атап өтілетін мереке. Наурыз күнін халқымыз жаңа жылдың басы «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Көрініс: Күн мен түн ортаға шығады.

Күн: Сәулесі мол күнмін,

Түн: Жұлдызы көп Түнмін

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңіздер бірақ.

(балалардың тақпақтары)

Ән: «Қазақы дастарханы»

Би:

Тәрбиеші: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Би: «Қаражорға» ұлдар билейді.

Тәрбиеші:- Наурыз мерекесінің танымдық қуаты мол, рәсімдер мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде дайындалатын «Наурыз көже». Ол кемінде жеті түрлі тағамнан дайындалуы керек деген түсінік бар «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп халық жадында сақталған түсінік бойынша ол мейлінше мол жасалуы керек. (Анель мен Жандәуеттің, Арман «Наурыз көже» туралы тақпағы)

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Тәрбиеші: Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз-көбінесе жарыс пен ойын мерекесі. Бұл мерекені барлығымыз асыға күтеміз. Бұл күні «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу» ойындары ойналады.

Қане, балалар бүгін біз «Арқан тарту» ойынын ойнап көрелік.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Мейірім айы-Наурыз. Кешірім айы - Наурыз, қанағат беріп көңілге, сабырлық берсін, - дей отырып, «Наурыз-біздің жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Бәріміз Наурыз дастарқанынан табылайық.


© 2010-2022