Тенологический карта по физкультуре в средней группе

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:14. 01. 2016ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Шаңғымен танысу»( далада өтеді).

Мақсаты: 1. Балаларды шаңғы тебуге үйрету.

2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3. Жүгіруді жүрумен алмастыруға үйрету.

Құрал жабдықтары: ұзын жібі бар 5 жалауша , шаңғылар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1.Педагог шаңғы туралы қысқаша мәлімет береді және киім мен аяқкиімге қойылатын талаптармен таныстырады. Шаңғы - қар үстінде сырғанайтын , жұқа ағаштан жасалған спорт құралы ( шаңғыны таяқшаларымен көрсетеді). Шаңғы тепкенде дене қозғаласына ыңғайлы жылы киім киіледі.Қолғап пен мойынорағыш міндетті түрде болу керек.

Педагог шаңғыны қалай қию керектігін және шаңғыны қалай қию керектігін және шаңғыны қалай алып жүру керектігін іс жүзінде көрсетеді.

2.Залда таяқсыз шаңғымен жүру қимылдарын орындау . Педагог шаңғымен жүру қимылдарын көрсетеді.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Педагогтің көрсеткен қимылын орындайды.

Ұйымдастыру-

Іздестіру

1.Даладағы спорт алаңына бір қатар тізбекпен шығу, шеңбер, құрып тұру.

2. «Өз орындарыңа барыңдар!» ойыны. Шарты: педагог балаларды сапта тұрған жерден 50-60м қашықтыққа алып барып, «Өз орындарыңа барындар!» деген команда береді, сонда ойыншылар қысқа жолмен орындарын тауып тұрады.

3.Мұзды жолмен сырғанау. Педагог қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды. Әр бала өз бетінше орындайды.

Рефлексифті- түзетушілік

Шаңғыны шешіп, қардан тазарту , жинау.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: таза ауада ойналатын қысқы ойындарды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

Қолданады: шаңғымен сырғанау дағдысын.

Тәрбиеші: Ермекова Ж.Т.

Тексерілді:__________________________


© 2010-2022