Технологичесий карта по лепке средняя группа

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 29. 02. 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Гүл» (барельеф).

Мақсаты: Балалардың гүл туралы түсініктерін толықтыру. Қазір көктем мезгілі болғандықтан әртүрлі гүлдердің шығатыны туралы айтып өту.

Міндеттері:

Білімділік: Ермексаздан әртүрлі гүлдерді мүсіндеуге болатынын үйрету.

Дамытушылық: Қол моторикаларын дамыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Гүл

Қостілдік компонент: Бәйшешек- подснежник, қызғалдақ- тюльпан.

Демонстрациялық материал: Гүлдердің суреттері, үлгі.

Үлестірмелі материал: Қатты қағаз, ермексаз, трафарет.

Әрекет кезең-

дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Дос болам десең,

Досыңды сыйла қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыңмен ғана қымбатсың.

Қонжық қонаққа келгенін хабарлайды.

Ол көктем мезгілінде өсетін гүлдердің түрлерін білмеймін - дейді.

  • Ал сендер білесіңдер ме?

Үстел жағалай отырады.

Бір-біріне жылы лебіздер білдіреді.

Қуана қарсы алады.


  • Иә білеміз.

Ұйымдастыру- іздестіру

Әңгімелесу

Сұрақтар қояды:

- Балалар қазір қай мезгіл?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Көктемде ең алғаш қандай гүл өсіп шығады?

- Бәйшешек, қызғалдақ гүлдердің түстері қандай болады?

- Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілінде әр түрлі гүлдер өсіп табиғат құлпыра түседі.

- Балалар енді мына үлгіге қараңдаршы

не бейнеленген?

  • Біз бүгін сендермен әдемі гүлді барельф әдісімен мүсіндейміз.

Мүсіндеу реттілігі:

1. Алдымен катты қағазды аламыз.

2. Сонан кейін ермексазды алып қолымызбен жібітеміз.

Сұрақтарға жауап береді.

- Көктем мезгілі.

- Күн жылынады, қар ериді, жәндіктер оянады, гүлдер, шөптер өсе бастайды.

- Бәйшешек гүлі өсіп шығады.

- Сары, қызыл, көк болады.


  • Гүл бейнеленген.

Келіседі.

Тыңдайды, қарайды.











3. Ермексаздан гүлдің пішінін келтіріп домалақтап қатты қағазға жабыстырамыз.

4. Сабағын, жапырағын жабыстыру.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Сөздік жұмыс: Гүл

Қостілдік компонент: Бәйшешек- подснежник, қызғалдақ- тюльпан.

Балаларға көрсетеді, көмектеседі.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

Балаларға үлестірмелі материалдар таратады, оның ішінде гүлдің қиындылары бар, қиындылардан гүл құрастыруды ұсынады.


Қайталайды, қимылдарды көрсетеді.

Сөздерді жекелеме, хормен қайталайды.

Қиындылардан гүл құрастырып, оны атап айтып береді.


Рефлексивті- түзетушілік

Қорытынды сұрақтар қояды:

  • Бүгін не істедік?

Әдемі, таза жұмыстарды мақтап -мадақтайды.

Көрме ұйымдыстырады.

Қонжық қоштасады.

Рефлексия

Кімнің көңіл- күйі жақсы болды, сол балалар қызыл бұлдіргенді алады, ал кімдікі жаман болды олар жасыл бүлдіргенді алады.

Сұрақтарға жауап береді.

  • Гүлді желімдедік.

Қоштасады.

Бүлдіргенді алады.

Күтілетін нәтиже: Әртүрлі гүлдердің атауларын білу.

Білу керек: Болу керек: Көктемгі гүлдер туралы мағлұмат.

Істей білу керек: Түстерді ажыратуды, таңдай білуді.

Тәрбиеші: Ермекова Ж.Т.

Тексерілді:


© 2010-2022