Сурет салу сабағы Маймақ маң-маң басады

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18-Қаңтар

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Білім бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Маймақ маң-маң басады.

Мақсаты: 1. аюдың ізін қылқаламмен, қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету;

2. жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке дербес әрекет етуі мен белсенділігін дамыту;

3. қыс мезгілінде аңдарға, жан-жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Сөздік жұмыс: маймақ, маң-маң.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық



Ұйымдастырушылық-ізденістік








Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балаларға серуен кезінде көптеген іздерді көріп, бақылағандары туралы айтқызады және аюдың қорбаңдап, қоянның секіріп жүретіні жайлы естеріне түсіреді.

Аюдың басқан ізін қарлы боран соғып, басып тастағандықтан, өз үйін таба алмай жүргенін айтады.

- Міне, сол аю сендерден көмек сұрай келіпті.

Қонаққа келген аюды кіргізеді.

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзіне болған қорған орман,

Ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

Ол не екен, балалар? (Аю)

Сурет салу сабағы Маймақ маң-маң басады

Балалар жауап беруге қиналса, педагог көмектеседі.

Педагог балалардың аюдың түсін, дене бөліктерін атап берулерін сұрайды.

Аю қалай жүреді деп сұрап, аюдың корбаңдап, маң-маң басып жүретінін түсіндіре және өзі сол қимылды көрсетіп, балаларға аюдың жүрісін кайталауды ұсынады. Олар музыка әуенімен қорбаңдаған аюдың жүрісін салып көрсетеді.

-Осы аюдың жүрген ізін қалай саламыз, кәне, маған тақтаға қараңдар. Қағазға қылқаламмен қалай үлкен дақ түсіруге болатынын көрсетеді.

-Домалақ, бұл аюдың табаны, енді майлы қарындашпен оның тырнағының іздерін саламыз.

Екі-үш дақ түсіріп көрсетеді. Іздердің ретімен кезек-кезек салынатынын түсіндіреді.

Сурет салу сабағы Маймақ маң-маң басады

Балалар сурет салуға кіріседі. Жұмыс барысында балалардың ұқыпты жұмыс істеуін қадағалайды.

-Сендердің салған суреттерің арқылы аю өз үйін тез тауып алды, қатты қуанды. Педагог аюдың алғысын жеткізеді.

Әр сурет талданып, әр балаға жеке бағыт-бағдар беріледі. Педагог сурет салынып болған соң ойыншық аюды осы іздермен жүргізіп көруді ұсынады.

Балалар педагогке

қызығушылықпен карап,

әңгімесін тыңдайды.



Балалар жауабын табуы керек.



Аюдың дене бөліктерін, түсін айтады.

Балалар маң-маң басқан аюдың жүрісін қайталайды.



Балалар қарындашпен аюдың іздерін салады.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.

Күтілетін нәтиже:

- аюдың қимыл-қозғалысын, іздердің әртүрлі болатындығын біледі;

- жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейтеді игереді;

- қылқалам мен қарындашты кезектестіріп пайдалану арқылы із түсіре білуді меңгереді.



© 2010-2022