Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті: Менің Отаным -Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің Отаным -Қазақстан!

Мақсаты: Ертенгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балғындарға өз елі, Отан, рәміздері, тарихы туралы түсінік бере отырып оларды отан сүйгіштік патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері слайд-шоу, Астана қаласының көрнекі жерлерінің суреттері,бейне таспа.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін!

Бірге күлсін булдіршін.

-Балалар, Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел.

Биыл тәуелсіз, егеменді ел болғанымызға 23 жылдығын тойлағалы отырмыз.

Әр бір егеменді елдің өзінің рәміздері болады.

-Балалар біздің ел басы кім?

-Балалар: Ел басы Н.Ә.Назарбаев.

-Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндер ме?

-Балалар: Ту,Елтаңба , Әнұран.

Тәрбиеші:

Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,

Мағыналы ән ұранымыз бар.

Тұңғыш приздентіміз бар,

Қасиетті бойтұмар елтаңбамыз бар.

Елімізде көктудың мәңгі желбіреуіне желтоқсан ерлерінің қосқан еңбектерін балаларға үлгі суретті көрсете отырып әңгімелеп айту.

Елім менің ,тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір деймін.

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағы төбемнен көрінген күн!

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жок,тәуелсіздік үшін жастар күресті.

Солардың бірі - Желтоқсан ерлері Қайрат, Ләззәт жайлы түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен батыр -ұл қыздарымызды әрқашан мақтан етміз,және мәңгі есте сақтаймыз.Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан күні аталып өтеді.Тәуелсіз деген сөздің мағынасы-толық еркі бар,ерікті бағынышты емес деген мағынаны береді.

Тәуелсіз мемлекетімізде , бір шаңырақ астында басқа да,әр -ұлт өкілдері тұрады, барлығыда бақытты өмір сүрде.

Елімізде өмір сүруге барлық жағдай жасалған.

Ойын: «Туған жерді гүлдендір»

Мақсаты: (Балалар алдын ала суреттері жапсырылган түрлі-түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналыстырады)

Ойынды қызыға ойнайды.

-Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу міндеттерім.

«Туған жер-алтынбесік» -демекші елімыздің рәміздерін қадірлеп, бағалап биікке көтеріп жүруіміз керек. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасы екендігімізді таныта аламыз.

Тақпақтар:

Алишер Тәуелсіздік ұранымыз,

Біз келешек ұланымыз.

Көкке ұшар әсем шарлар,

Біз қазақтың қыранымыз.

Нурай Әркез жанып,таусылмайтын,

Біз Отанның шырағымыз.

Талмайтұғын қос қанаты,

Ата-баба пырағымыз.

Ақылбек Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын.

Отанын сүйген азамат,

Болатындардың бірімін.

Тәрбие сағатын сұрақ қоя отырып қортындылау.

-Балалар бүгін біздің сабағымызда не жайнда әңгімелеп айттық?

-Біз қандай республикада тұрамыз?

-Ел басымыз кім?

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Атамекен» әнін орындаумен қортындылау

Өте жақсы сабаққа қатыстыңдар көп-көп рахмет сендерге.

Елдің болашағын,елдің қамын ойлаған ел басымыз аман болсын!















«Жаңа жылдық хат» атты ертеңгіліктің сценариі.


Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір

Балалар: Қоян.

Балалар көңілді музыкамен залға кіреді. Шыршаны айланып тұрады.

Жүргізуші:

Шырша құрып алаңға,

Жылға шашу шашайық,

Тойға көңіл ашайық,

Кәне, әнге басайық!

Ән:«Жаңа жыл»

Балалардың тақпақтары:

Береке:

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы-

Көз тоймайды қараса.

Айлин: Жаңа жыл ,Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Айбота:

Көрікті шыршамыз,

Шамдары самсаған.

Көңілді ортамыз,

Айтамыз шырқап ән.

Нурислам:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Алиша:

Қорықпаймыз аяздан

Шымшысада бетімді

Аппақ қарды кешеміз,

Киіп алып етікті.

Жүргізуші:

( балалармен шыршаға жақындап қарайды. Қарап жүргенде шыршаның астында хат қөреді.Балаларға көрсетеді.

Балалар, қарандаршы бұл хат қой, о, Аяз Атаға жіберілген хат.Балалар сендер жіберген жоқсындарма?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Олай болса біз отырып күте тұрайық, мұмкін біреу келіп алатын шығар.

( Сол кезде жарық өшеді, баяу музыкамен Ақшақар залға кіреді, шыршаны сиқырлы таяқшамен тұртеді.)

Жүргізуші: Ақшақар, сәлеметсіз бе.

Ақшақар: Ой, сәлеметсіздер ме! Мен сіздерді байқамадым. Қараңғы тұрған соң шыршаны жандырайын десем жанбай тұр.

Жүргізуші: Ақшақар, сен уайымдама біздің балалар шыршаны жандыруға саған көмектеседі.

Шыршаның артынан қоян секіріп шығады

Қоян: Ақшақар, ау! (қорқып тығылып қалады)

Ақшақар: Кім мені шақырып тұр? Балалар сендер емессіңдер ме?

Балалар: Жоқ, ол қоян.

( Ақшақар, жан-жағына қарап қоянды қөреді, қоян Ақшақардың артында жасырынып тұрады)

Ақшақар: Қоян, сен бе мені шақырған?

Қоян: Сәлеметсің бе, Ақшақар!

Ақшақар: Қоян, сен Аяз атаны көрген жоқсың ба?

Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.

Ақшақар: А мен Аяз Атаға жазған хатты жіберген жоқсың ба?

Қоян: Жоқ, ой-буй ұмытып кеттіппін.

Ақшақар: Бұның қалай,қоян? Аяз ата хатты алмаса, балалар сыйлықтарын алалмай қалады ғой.

Қоян: Енді не істейміз?

Ақшақар: Қоян, Аяз Атаға хатты апарып жеткіз және балалардан салем айтып бар.Сізді асыға кутіп отырмыз дерсің.

Жүргізуші: Ақшақар, қоян Аяз атаға хатты апарып жеткізгенше балардың ағылшын тіліндегі мерекелік тақпақтарына кезек берейік.

Балалардың ағылшын тіліндегі тақпақтары:

Мирас,Нурай,Димаш,Арнур.

Ән; «Жаңа жыл» орындайтын Гулназ

( Сағат ұрғаны естіледі)

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатыр, Аяз Атаны шыршамызға шақырайық.Аяз Ата ,Аяз Ата ауу!

(балалар бірге айтып шақырады)

Аяз Ата: ( Есіктің сыртынан)Ау, келе жатырмын! Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Жаңа Жылдарыңызбен!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата!

Аяз Ата ата алыс жолдан шаршаған боларсыз демалыңыз,балалар өзіңізге арнап тақпақтарын айтып берсін.

Балалардың тақпақтары:

Кәусар:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып

Дария:

Шанамызға мінеміз

Мәз-мейрам боп күлеміз.

Жарысамыз бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Алихан:

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз.

Санжар:

Жасыл шырша қош келдің

Сені күтіп жүрдік біз.

Сенің жүзің көркейсін деп,

Ойыншықтар ілдік біз.

А Нурай:

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

Жұрттың бәріатадай,

Қашан мырза болады

Халима:

Тақпақтарды жаттадық,

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

Балалардың орындауында «Аяз ата»биі

Ән; «Пима» орындайтын Фатина Қанатқызы

Аяз Ата: Рахмет балалар! Ал сендер аяздан қорықпайсыңдар ма? Жоқ?! Ендеше мен қазір тексеремін.

Ойын « Тоңдырамын»

(Аяз Ата балалардың мұрындарын тоңдырады, балалар мұрындарын жауып алады,құлақтарын, беттерін, қолдарын, аяқтарын)

Аяз ата: Өте жақсы балалар, аяздан қорқпайды екенсіңдер.

Рахмет, балалар! Ой, мен ыстықтап барамын, не істеуе болады екен?

Жүргізуші: Ақшақар, ұлпақарлармен би билеп Аяз Атаны салқындатып жіберші.

Би «Ұлпақарлар биі»

Аяз ата: Тамаша, ұлпақарлар,рахмет.Салқындап қалдым.

Қазір мен сендерге Жаңа жылдың хаттарын оқып берейін.

( Аяз ата отырып хаттарды оқыйды)

Ақшақар, тезірек ,көзілдірігімді алып кел, хатты оқыйын.

Құрметті Аяз ата,біз сізді сағынып күтіп жүрміз сізге арнап «Жаңа жыл»әнін орнындап бергіміз келеді.

Ән: «Жаңа жыл» орындайтын: вокал тобы

Аяз Ата: Тағы бір хатты оқып берейін.

(Шыршаның артына ақырын Жалмауыз кемпірлер жасырынып тығылады, бір-бірімен сөйлеседі)

1-Жалмауыз Кемпір: Әне, Аяз Ата хаттарды оқып, барлығына сыйлықтарды берейін деп отыр, айттым ғой хатты жаз деп, ал сен болсаң ерініп жазған жоқсың.

2-Жалмауыз Кемпір: Ал сен неге жазған жоқсың?

(Аяз Ата тұрып шыршаның айналып қарайды,Жалмауыз кемпірлер қашады)

Аяз Ата: О,сендер кімсіңдер, неге қашып жүрсіңдер?

Жалмауыз Кемпір: Аяз Ата, ол біз жақсы апалармыз!

Аяз Ата: А,сендерсіңдер ме. Ал, менің сыйлықтарымды қайда тығып қойдыңдар?

Жалмауыз Кемпір: Біз көрген жоқпыз. (Юбкалармен сыйлықты жауып тұрған болады)

Аяз Ата: Ал мынау не? ( қапшықты көріп)

Жалмауыз Кемпір: Бұл ештене, жай қапшық қой.

Аяз Ата: Мені алдайын деп тұрсыңдар ма? Қазір мен сендерді қатырамын. Көктемге дейін ерімей тұрасыңдар.

( Таяқшамен еденді ұрады, Жалмауыз Кемпірлер әртүрлі қимылда қатып қалады. Жалмауыз кемпірлер аянышты дауыстарымен Аяз атадан кешірім сұрайды.

Жалмауыз кемпірлер: Аяз ата, балалар, бізді кешіріндерші, біз қыс қызықтарын сіздерге көрсетейік, қане,шаңғыда сырғанап жүріп билейсіңдер ме;

Олай болса,бәріміз қосылып шаңғы тебейік.

(балалар, Жаламауыз кемпірлерден ұстап және бір-бірін ұстап музыкамен жүредім музыка әуені тоқтағанда әр турлі мүсін жасап тұрып қалады)

( ойын 2-3 рет қайталанады)

Ақырын,ақырын тоқтайық, орындарымызға отырайық.

(ойыннан кейін Аяз Ата Жалмауыз кемпірлерді кешіреді, орманға қоя береді.

Жалмауыз кемпірлер қуанып залдан шығып кетеді)

Ақшақар: Аяз ата, сіз менің хатымды ұмытып барасыз.

Аяз Ата: Ой-бу, Ақшақар хатынды қазір оқып беремін. Балалар шырша туралы ән орындағысы келеді екен. Балалар ән айтып бересіңдер ме?

Ән «Шырша»

Жүргізуші: Өте жақсы, балалар. Ал енді Аяз Атамызға дайындаған тақпақтарымызды орындап берейік.

Балалардың тақпақтары:

Арлан:

Жаңа жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды.

Жаңа жылда әркімде,

Жақсы үмітпен қарайды.

Арнұр:

Алақай Жаңа жыл,

Бәрі аппақ ой мен қыр.

Шыршада біз ойнаймыз,

Жаңа жылды тойлаймыз.

Самира:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Би: «Үнді биі»орындайтын қыздар тобы

Аяз Ата: Рахмет, балалар! Өте қатты қуанттыңдар мені. Аяз Ата сендерге сыйлықтарды дайындап әкелді. Жаңа жылдарыңыз кұтты болсын! Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін! Жаңа жылдарынызбен, балалар, кұрметті қонақтар!

Ал мен тағы көп балабақшаларға баруым керек. Сау болыңдар!

(Аяз Ата, Ақшақар залдан шығып кетеді)

Құрметті қонақтар,балақайлар, бүгінгі біздің Жаңа жылға арнаған ертеңгілігіміз аяқталды.Көріп таиашалағандарыңызға рахмет!Жаңа жыл құтты болсын!Әр отбасына тек бақыт пен қуаныш әкелсін!



© 2010-2022