Сценарий 8 марта Көрікті көктем аруы!

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Келісемін:

Әдіскер: Расоль С Меңгеруші: Абдуллина Р.К

«____» _________2016 жыл «____»__________2016 жыл


«Көрікті көктем аруы!» сайысы


Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойнап тұрады.

Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы!»

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз мерекесі жайлы түсінік беру.. Білімдерін бекіту. Тақпақты мәнерлеп айтуды үйрету.

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана - деп жырлағандай бүгінгі естияр тобы бүлдіршіндерінің «Көрікті көктем аруы!» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырайық.

(Ер балалар ортаға қыздарды алып кіреді. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.)

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

(Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.)

1.

2.

3.

Жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
    2. «Өнерлі өрге жүзер» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді, тақпақ т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
    3. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. Аналар кәзір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз қиялдарыңыздан шеберлік таныту.
    4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.

  2. Жүргізуші:

Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

1 - бала: Жанеля

Менің атым Жанеля

Бейбіт деген әкем аты

Ал руым уак

Қыз сынына қатысып

Жеңісті алам бүгін

2 - бала: Вероника
Ашып өмір есігін.
Тербетті анам бесігін,
Әдемі, ақылды қыз болдым,
Вероника менің есімім.

3 -бала: Аружан
Таныстырсам өзімді,
Асқар қызы Аружанмын,
Бұл сайысқа қатысып,
Талаптанып көремін.
Әнді жақсы айтамын,
Болып жатқан сайыста,
Бақты сынап мен бүгін,
Озып шығам қалайда.

4 - бала: Фариза
Отырмысың көрермен
Залға бүгін жиылып
Сөз анасы сәлем деп,
Тізе бүгем иіліп.
Мен де шықтым ортаға
Қанатымды жая
Алдарыңа кеп тұрған
Сұнғатқызы Фаризамын
Атамның жұлдызымын,
Әжемнің құндызымын,
Төрт жасынан бәйге шапқан
................(руы) бір қызымын!

5 - бала: Дильнұр

Қызымын (руы) ақбурай деген батыр елдің
Жасымнан мен өнерге жетік едім
Ән саламын би билеймін мың бұралып
Каримова Дильнұр атым менің
Сәлем берем иіліп алдарында
Амандасу қазақы салтым менің

6 - бала: Райхан

Таныстырсам өзімді
Атым менің Фариза
Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
Дархан атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
Тоты деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.

7 - бала: Айша

Кел құлақ салайық

Таныстырсам өзімді

\Рано или Шадиярқызы Айшамын

Урдабек ата тегімін

Кіші жүздің қызымын

Перзентімін қазақтың

Қылықты қыз болып жаралдым

Ана сүтінен нәр алдым

Қыз сынында бүгінгі

Жұлдыз болып жанайын

8 - бала: Ақмаржан

Сәлем беріп алдыңызға бас ием.

Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,

Таныстырам өзімді

Мен сүйкімді Маратқызы Ақмаржан.

9 - бала: Дамира

Армысыздар халайық,

Амандасып алайық.

Менің атым Дамира

Мақтануға лайық!

Жүргізуші: Әділ қазыларға құттықтау сөз кезегін берейік.

Жүргізуші: Ендігі кезекте «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік. (ұлдар тақпақтары).

1 - бала: Ернар
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті ата - аналар!

2 - бала: Жарас
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.


3 - бала: Ельназар
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.


4 - бала: Аділжан
Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Қөмектескен інім қымбат
Білім берген ұстаз қымбат.

5 - бала: Дидар
Анам мені Айым - дейді
Мен мұңайсам уайым жейді
Анам мені «Күнім» - дейді
Мен қуансам күлімдейді.


6 - бала: Рамазан
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

7 - бала: Асылхан
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.

8 - бала: Сағындық

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам

9 - бала: Евгений

Вот пришло восьмое марта

Распирает счастье грудь

Подарить мне маме надо

В этот праздник что нибудь

Ей в подарок причешусь

Влезу в пару лучших тапок

И духами надушусь

10 - бала: Тимур

Жүргізуші: Әділ қазылардың бағаларына назар аударайық.


Жүргізуші:
3 - бөлім. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарына берілетін тапсырма «Шеберлік» деп аталады. (Аналар кәзір сіздерге түрлі - түсті қағаздар беріледі, өз қиялдарыңыздан шеберлік таныту.)
Жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ер балаларымыздың
Биін тамашалайық.


Би: «Матрос» биін қабыл алыңыздар!

Тренинг Айнагуль Сергазиновна

Жүргізуші:

Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай - (қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалайық!)

Жүргізуші: Әділ қазылар өз бағаларыңызды берсеңіздер.

Жүргізуші:

4 - бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.

Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың әнін тамашалайық.

Ән: «Ай дидарлы Анашым»

(Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.)

Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау. (грамота, сыйлық)
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну.



© 2010-2022