Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

C.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

шағын орталығы






ӘДЕПТІ БАЛА-ӘДЕМІ БАЛА"



Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты





Тәрбиеші: А.Б.Магмурова.
















Сабақтың тақырыбы: Әдепті бала- әдемі бала!

Сабақтың мақсаты:

  1. тәрбиеленушілерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп

әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд арқылы қысқы спорттық ойындар түрлерімен таныстыру.

Көрнекілігі: суреттер .

  1. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны(тілектер айтылады. )

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Денің сау болсын!-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!-Әдепті бол!

-Ақылды бол!-Білімді бол!

-Сүйкімді бол! -Арманшыл бол!

-Өнерлі бол!-Биші бол!-Әнші бол!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

3. Жаңа сабақ.-Ал енді балалар бәріміз мына жерге қарайықшы. Не көріп тұрсыңдар?

( -Ал мына екі баланың қайсы әдепті және әдепсіз? неге?

-Әдепсіз бала қандай ? Әдепті бала қандай?

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Осы баланың қайсысын жарқырап тұрған күннің астына, ал қайсысын төніп тұрған бұлттың астына жатқызамыз?

Ал енді, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық

-Дұрыс күннің астына әдепті баланы, бұлттың астына әдепсіз баланы теңейміз.

Олай болса әдепті баланың жақсы қасиеттерін айтайық( жұлдызшаларды жапсырып отыру)

Әдепті шыншыл

тәртіпті білімді

мейірімді

Әдепті бала

таза жүреді ұқыпты

Ал енді әдепсіз баланың жақсы қасиеттерін атап өтейік, сонымен ол баланың жақсы қасиеттері бар ма?

Балалар: Ол балада жақсы қасиеттер жоқ. ол балада тек жаман қасиеттер, өйткені ол -

Әдепсіз бала

тіл алмайды нашар оқиды

өтірікші еріншек

әдепсіз

сонда қандай бала әдемі болып көрінеді? дұрыс

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Осы жастан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы

"Әдепті бала- әдемі бала!"

-Ой балалар қарлығашты қараңдар, өзі бізге бір хабар әкелген сияқты , қане көрейік

хат әкеліпті сендерге оқып берейін

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Балалар, өздерің де білесіңдер, Сочи қаласында үлкен спорт жарысы өтіп жатыр

-Сендер теледидардан көріп жүрген боларсыңдар? Қысқы спорт ойындарының бірнеше түрлерінен жарыстар өтуде.

-Қысқы спорт ойындарының қандай түрлерін білесіңдер, қандай жарыстар болды?

-Хоккей, шаңғы, коньки, тұғырдан секіру т.б.

-Ия, дұрыс және бұларға қоса тағы басқа да түрлерінен сынға түсті. Сол ойындардың бір түрі өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығу. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек екен .Әрине ол үшін карточкаларда берілген тапсырманы дұрыс орындасаңдар ғана шыңға шығасыңдар, және сонымен қатар Сочи- ғы ойналатын ойындар түрлерімен танысамыз

1-ші тапсырма

Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтыңдар.

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

-Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

-Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын.

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын!

-Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің,

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Сыйластықты іздеген,

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі,

Үлкендерге «сіз» деген.

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген,

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп, қол берем.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Әдептілік дегенің,

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.

Кеше ғана қадалған,

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ апырай,

Қайда кеткен,бұл несі?

Ілгек,түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар,

Әркімге бір ұрынар,

Құспен, малмен жарысар.

Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.

Сумка, дәптер бәрі де,

Дал-дұл болып жыртылып.

Сия төгіп бәріне,

Шимай салған сыртына.

Сабақ бітті мектептен,

Оқушылар тарады.

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды адамдар «әдепсіз екен» . Әдепсіз баланы достары да сыйламайды.

-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Қысқы Сочида ойналған ойынның бір түрі «Шайбалы хоккей»

2 -ші тапсырма

Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің ата-аналарын үйде өздеріне айтып отырама ма?

олай болса осы жерде ойын ойнайық, бұл ойынға ата-аналарда қатысады. Допты бір- біріне беру арқылы кезекпен әр бала немесе ата-ана тыйым сөз айтуы тиіс

Әбес іс жасама.Әкені ренжітпе.

Босағада отырма.Босағаны керме.

Үйге қарай жүгірме.Бүйіріңді таянба.

Бетіңді баспа.Бас киіміңді аяғыңа киме.

Бос бесікті тербетпе.Білмесең айтпа.

Бейуақытта жылама, ұйықтам Бөркіңді теріс киме.

Баланы басқа ұрма.Баланы алдама.

Бетіңе сызба.Баланы шошытпа.

Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.Бала бетіне үрлеме.

Басыңды шайқама.Досыңды өкпелетпе.

Дөрекі сөйлеме.Дастарханды аттама.

Үлкеннің алдын кесіп өтпе.Үлкеннің сөзін бөлме.

-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер. Қысқы Сочиде ойналған ойынның келесі түрі «Допты хоккей»

3-ші тапсырма " Жаман жақсы" ойыны.

Мысалы: Ұрлық-жаман, әдепті бала- жақсы т.б жақсы дегенде-қолдарын көтеру, жаман дегенде- қолдарын көтермейді.

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Міне, балалар, бұл жерден біздің жақсы мен жаманды білгеніміз, яғни әдепті болсаң әдемі бала боласыңдар біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, апайларды тыңдау керек, кішілерге қамқор болу керек т.б

Дұрыс, балалар, сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.

Бұл ойынның аты «Коньки тебу спорты» екен.

4-ші тапсырма

Музыкалық жаттығу жасап беріңдер

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Дұрыс , балалар , сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Әнді жақсы айттыңдар. Бұл тапсырмадағы ойынның түрі «Мәнерлеп сырғанау» екен.

5-ші тапсырма -Ойын : «Жалғасын тап»

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

- бала қандай болу керек- тәртіпті

-Балабақшаға қандай болып келу керек- таза әдемі

- әдепті қыздың шашы қандай болу керек- ұзын, өрулі

-әдепті қыздардың, ұлдардың тырнақтары қандай болу керек- алулы, боялмаған

-тамаққа отыратын кезде не істеу керек- қол жуу керек

-әдепті бала жатар алдында киімдерін не істейді- жинайды , бүктейді

- тамақтан кейін не істеу керек- қол жуу керек

- тамақ ішіп болғасын не айту керек- рахмет

-үлкен адамдармен кездескенде не деу керек - сәлеметсіз бе

-Үлкен аталарды көргенде не деу керек-ассалаумағалейкум

- бір баланы ренжітіп алсаң не деу керек- кешір

- үлкен адам келе жатса не істеу керек- тоқтап жол беру керек

Бұл ойынның түрі «Шаңғымен бағдарлау» екен.

6-шы тапсырма Сиқырлы сөздер айтыңдар .

сендер сыйқырлы сөздер айтындар ал мен мына суреттерді ашып отырайын

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Сәлеметсіз бе?-Аман-есенсіз бе?-Армысың!

-Айналайын!-Өркенің өссін!-Көп жаса!

-Денің сау болсын!-Спортпен дос бол-Рахмет!

-Қайырлы таң!-Кеш жарық!-Кешіріңіз!-Сау болыңыз!

-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?

-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты.

Бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Бұл ойын «Биатлон» екен.

7-ші тапсырма

Әрдайым әдепті бала болып гүлдей жайнап жүрейік, олай болса шығармашылық жұмыстарыңды көрсетіңдер

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

-Бұл тапсырма да дұрыс. Бұл ойынның түрі «Шаңғымен трамплиннен секіру»

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында Азиададағы қысқы ойын түрлерімен таныстық және тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.

-Тағы қандай ойындар бар екен қане кім айтады

- жаман әдеттерге не жатада

- жақсы әдеттерге не жатады

- қандай тыйм сөздерді білдік

- қандай сыйқырлы сөздерді үйрендік

Сочи ойынында өздерің көргендей біздің спортшыларымыз да жақсы жетістіктерге жетіп марапаттауларға ие болады. Сондықтан сендер де болашақта еліміздің болашақ чемпиондары болатындарыңа сенемін. Бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдерің үшін барлықтарыңды әдепті бала деген мақтау қағазымен марапаттаймын.

Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.


Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

"Балауса"

шағын орталығының

тәрбиеленушісі


--------------------------------------------------------------

"ӘДЕПТІ БАЛА-ӘДЕМІ БАЛА" атты

тәрбие сағатына белсенді қатысқаны үшін

марапатталады

Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыТәрбиеші: МагмуроваА.Б. Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты



Әдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағатыӘдепті бала -әдемі бала атты тәрбие сағаты

Қызылқоғам ауылы 2014жыл




а10


© 2010-2022